Сенім телефоны
8(7182)550984
email: pav2school@bk.ru
Мекенжайы: Короленко, 9/1
8(7182)550984, 8(7182)559740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Жұма сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
Бір жылда3012644
Бір айда287480
Бір аптада65348
Кеше11629
Тәулік3662
МҮГЕДЕК БАЛАЛАРДЫ ҮЙДЕ ОҚЫТУ

Адамзат техниканың қарқынды дамуы арқасында жаңа дәуірге аяқ басты, Компьютерлер, Интернет, спутниктік теледидар, мультимедиа біздің өмірімізге шапшаң еніп үлгірді. Компьютерлік технологиялардың дамуы қоғамды жылдам өрістеп жатқан итеграциялық процестерге байланысты ақпараттандырудың ауқымды проблемасымен бетпе-бет келтіріп отыр. Бұл проблема тіршілігіміздің барлық саласын: ғылымды да, мәдениетті де, білім беру қызметін де, өндірісті де түгел қамтиды. Ақпараттық технологияларды пайдаланбайынша қазіргі өмірде бағдар табудың өзі қиын болатын жағдай туындауда.

Бірақ біз бұл ғасырдың өзге де болмыстық шындығы бар екенін мойындауы- мыз керек. Ол - жалпы білім беретін мектеп оқушылары құрамының физикалық, психикалықжәне сенсорлық даму деңгейлері бойынша бір текті еместігі. Әсіресе оқу мекемелеріне келуге дәрмені жоқ, денсаулық мүмкіндіктері шектеулі бала- лар, сондай-ақ мүгедек балалар жағдайы айрықша назар аударуды талап етеді. Мектеп алдында мынадай міндеттұр: оқушылардың, соныңішінде денсаулық мумкіндігі шектеулі балалардың ойдағыдай әлеуметтенуі үшін бірқатар білік- тілік қабілетін қалыптастыру. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың жоғары қарқыны, телекоммуникациялық технологиялардың дамуы мен Интернеттің жаһандық желісі айрықша талаптары бар балалар алдынан білім алуда жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Мұндағы неғұрлым тиімді жұмыс формаларының бірі дистанциялық оқыту болып табылады.

Үйде оқытуға мұқтаж мүгедек балалардың білім алуын ұйымдастыруға құқықтық негіз қалайтын қүжаттар мыналар:

1.                Қазақстан           Республикасының 24.12.2008 ж. «Білім туралы» заңы. Оған 24.10.2011 ж. № 487-IV қосымшалар ендірілген.

2.                Қазақстан Республикасының 11.07.2002 ж. № 343 «Мүмкіндігі шектеулі ба- лаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» заңы.

3.                ҚР Білім және ғылым министрлігінің 26.11.2004 ж. № 974 бүйрығы: «Стационарлық емдеу-профилактикалық, реабилитациялық және басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтуші мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастырудың, мүгедек балаларды үйде оқытуда оқу-тәрбие ұйымдары тарапынан кемек көрсетудің тәртібі туралы ережелер».

4.                ҚР Білім және ғылым министрлігінің 28.02.2000 ж. № 07-4/889 «Ауру балалардың үйде жеке оқытылуын ұйымдастыруды жақсарту туралы» Хаты.

5.                ҚР Білім және ғылым министрлігінің 20.08.2004 ж. № 696 «Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында 2004/2005 жылғы оқу жылының басталғаны туралы» бұйрығы.

6.                ҚР Білім және ғылым министрлігінің 02.03.2004 ж. № 166 «Оқушыларды аттестаттау әдістемесі ережелерін бекіту туралы» бұйрығы.

ҚР «Білім туралы» заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес денсаулық жағ- дайына байланысты ұзақ уақыттар бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмай жүрген азаматтар үшін үйде немесе емдеу ұйымдарында жеке тегін оқыту ісі ұйымдастырылады.

Денсаулықжағдайына байланысты қысқа мерзім ішінде (6 айға дейін) мектеп- тегі сабаққа бара алмай қалған 18 жасқа дейінгі 1-11 сынып оқушыларын жеке оқытуға ҚР Білім және ғылым министрлігінің 28.02.2000 ж. № 07-4/889 Хатына сәйкес рұқсат етіледі. Бұл оқушыларды үйде жеке оқыту емдеу мекемелерінің (аурухана, емхана, диспансер) қорытындысы мен аудандық (қалалық) оқу бөлімінің рұқсаты (әрбір жеке жағдаятқа байланысты) негізінде жүргізіледі. Бұл категориядағы балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кон­сультация берілмейді. Уақытша ауру балаларды оқыту бағдарламасы - жал­пы білім беру сипатында болады.

Мүгедек балаларды оқыту ҚР Білім және ғылым министрлігінің 26.11.2004 ж. № 974 бүйрығы негізінде ұйымдастырылады.

Егер баланың мүмкіндігі шектеулі болса, психологиялық-медициналық-пе- дагогикалық консультация орыны оқыту бағдарламасын (жалпы білім беретін, психикалық дамуы кешеуілдеген және 1-ші немесе 2-ші типтегі коррекциялық көмектерді қажет ететін балаларға арналған бағдарламалар) ата-ананың қатысуымен белгілейді. Консультациялық ұсынымға сәйкес білім беру ұйымы оқыту бағдарламасын әзірлейді.

Үйде оқыту баланың оқитын мектебі тарапынан ұйымдастырылады. Үйде оқитын баланың білімі жүйелі түрде бағалануы тиіс. Олардың фамилиялары, үлгерімі, сыныптан сыныпқа көшуі мен мектепті бітіруі туралы мәліметтер тиісті сынып журналына ендіріліп отырады.

Үйде оқуды ұйымдастыру үшін мынадай құжаттар қажет:

-                  дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ВКК) үйде оқытуды ұсынған анықтамасы. Бұл оқушыны үйде оқыту туралы бұйрық шығаруға негіз бола- тын құжат (1-қосымша)]

-                  психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орынының қоры- тындысы. Онда тиісті оқыту бағдарламасы көрсетіледі (жалпы білім бере- тін, психикалық дамуы кешеуілдеген балалар үшін әзірленген және көмекші сипаттағы бағдарламалар).

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орынының «1, 2-типтегі интеллектілік ақауы бар балалар үшін арнаулы коррекциялық бағ- дарлама бойынша үйде оқыту» немесе «психикалық дамуы кешеуілдеген ба­лалар үшін әзірленген бағдарлама бойынша үйде оқыту» туралы ұсынымын алған мүмкіндігі шектеулі (мүгедек емес) балалардың үйде оқуын ұйымдастыру кезінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 20.08.2004 ж. № 696 бұйрығына сәйкес жасалған оқужоспары пайдаланылады.

Мүгедек балаларды оқыту ісін әр түрлі категориядағы психофизикалық дамуерекшеліктері турал ы қажетті іл ім-білімді игерген мұғал імдер жүзеге асыруы тиіс. 1-ші немесе 2-ші типтегі коррекциялық бағдарлама бойынша мүгедек балалар үшін бастауыш мектептің оқу жоспары 1-9 сыныптарға бөлінетін болғандықтан оларды оқытуға бастауыш сынып мұғалімдерін тарту ұсынылады.

Үйде сабақ беретін әрбір мұғалім мүгедек баланың дамуы мен білім игеру са- пасы жөнінде динамикалық бақылау күнделігін жүргізуі тиіс. Баланың іс-әрекеті оның психофизикалық және физикалық жай-күйіне байланысты талданады.

Күнделік тұрақты түрде кестеге сәйкес жүргізіледі. Бұл мұғалімнің кезекті жұмыс процестеріне: өтілген сабақтардың сапасы туралы жартыжылдық есеп беру құжатын, жылдық психологиялық-педагогикалық мінездемені, мониторингтік таблицаларды жасауға және т.б. қажетті материал болып табылады (2-қосымша).

Үйде уақытша оқытылатын балаларға мұндай күнделік жүргізілмейді.

Жалпы білім беретін бағдарлама бойынша және психикалық дамуы кеше- уілдеген балалар үшін әзірленген бағдарлама бойынша оқытылатын мүгедек балаларға ағымдағы және тоқсандық бағалар сынып журналына әр тоқсанның аяғында қойылады. 1-ші немесе 2-ші типтегі арнаулы коррекциялық бағдарлама бойынша оқытылатын балаларға тек тоқсандық бағалар ғана қойылады.

Мектеп директорының орынбасары жеке кесте жасайды. Оны ата-аналар- мен және жүктемелері оқу жоспары бойынша бөлінген мүғалімдермен келіседі. Ата-аналармен келісілген кестені мектеп директоры бекітеді.

Оқытудың ұсынылған бағдарламасына сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жос- пар жалпы тәртіп бойынша бекітіледі.

Мектеп әкімшілігі сабақтардың дер кезінде өткізілуіне, оқу бағдарламалары мен жеке оқыту әдістемелерінің орындалуына бақылау жасайды. Бұл мәселе жылына 2 рет (қазан, ақпан) мектепішілік бақылау кезінде, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша педагогикалық кеңесте қарастырылады. Жыл қоры- тындысы бойынша кеңесте осымен қатар пән мұғалімдерінің сыныптан сынып- қа өту мәселесіне байланысты есептері тыңдалады (4-қосымша).

Жыл қорытындысы бойынша үйде тәлім алатын әрбір оқушыға арналып папка жасақталады (5-қосымша).

Оқу жоспарының мазмұны

1. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 26.11.2004 ж. № 974 бұйрығы бойынша мүгедек балаларды (мүгедектік медициналық-әлеуметтік сарапта- ма анықтамасы арқылы расталуы тиіс) оқыту мынадай оқу жоспары бойынша ұйымдастырылады:

Пән аттары

Сынып бойынша аптадағы сағат саны

бастауыш

саты

негізгі

саты

жоғарғы

саты

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1

Тіл және әдебиет

3

3

3

3

4

4

4

4

4

4

4

4

2

Шет тілі

 

 

 

 

1

1

1

0,5

1

1

1

1

3

Математика және информатика

3

3

3

3

3

3

3

3

4

4

4

4

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

 

4

Тарих

 

 

 

 

1

1

0,5

0,5

1

1

1

1

 

5

География

 

 

 

 

1

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

 

6

Биология

 

 

 

 

 

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

 

7

Химия

 

 

 

 

 

 

 

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

 

8

Физика

 

 

 

 

 

 

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

 

9

Коррекциялық сабақтар (қажет болған жағдайда)

2

2

2

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы:

8

8

8

8

10

10

10

10

12

12

12

12

 

                                                       

Ескертпе: қажет болған жағдайда сағаттарды қайта бөлуге болады.

7.                Ауру балаларды (мүгедек емес) үйде қысқа мерзімді (6 айға дейін) оқыту жағдайында сағаттар мына оқу жоспары бойынша бөлінеді (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 28.02.2000 ж. № 07-4/889 Хатына сәйкес):

Пән аттары

Сынып бойынша аптадағы сағат саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Тіл және әдебиет

2

2,5

2,5

2

2

1,5

2

1,5

1,5

1,5

1,5

2

Математика

2

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

3

Тарих, Қазақстан тарихы

 

 

 

 

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

4

Адам және қоғам

 

 

 

 

 

 

 

* -

 

 

0,5

5

Дүниетану

 

 

 

0,5

 

 

 

 

 

 

 

6

Қазақстан географиясы

 

 

 

 

 

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

 

7

Биология

 

 

 

 

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

8

Химия

 

 

 

 

 

 

 

0,5

0,5

0,5

0,5

9

Физика

 

 

 

 

 

 

0,5

0,5

0,5

1

1

10

Информатика

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0,5

0,5

11

Шет тілі

 

 

 

 

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

Барлығы:

4

4

4

4

5

5

6

6

6

7

7

Ескертпе:

-                  0,5 сағаттық сабақтар апта аралатып 1 сағаттан беріледі; 1,5 сағаттық сабақтар - бір аптада - 2 сағаттан, --нші аптасында - 1 сағаттан беріледі.

-                  Балалардың жеке қабілеттерін дамыту мақсатында 1-7 сынып пәндерінің бірінен 0,5 сағат уақытты бейне- ~е.. өнері бойынша белгіленген бағдарлама үшін бөлуге болады.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орынының «1-ші не 2-типтегі коррекциялық бағдарлама бойынша үйде оқыту» неме- се «психикалық дамуы кешеуілдеген балалар үшін әзірленген бағдарлама бойынша үйде оқыту» туралы ұсынымын алған мүмкіндігі шектеулі (мүгедек емес) балалардың үйде оқуын ұйымдастыру кезінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 20.08.2004 ж. № 696 бұйрығына сәйкес жасалған оқу жоспа­ры пайдаланылады (1-қосымша, 18-таблица):

КӨКЕЙКЕСТІ ТАҚЫРЫП

Пән аттары

Сынып бойынша аптадағы сағат саны

бастауыш

саты

негізгі

саты

жоғарғы

саты

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Тіл және әдебиет

3

3

3

3

4

4

4

4

4

4

4

4

2

Шет тілі

 

 

 

 

1

1

1

0,5

1

1

1

1

3

Математика және информатика

3

3

3

3

3

3

3

3

4

4

4

4

4

Тарих

 

 

 

 

1

1

0,5

0,5

1

1

1

1

5

География

 

 

 

 

1

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

6

Биология

 

 

 

 

 

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

7

Химия

 

 

 

 

 

 

 

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

8

Физика

 

 

 

 

 

 

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

9

Коррекциялық сабақтар (қажет болған жағдайда)

2

2

2

2

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы:

8

8

8

8

10

10

10

10

12

12

12

12

Үйде оқытуды қажет ететін мүгедек балаларды дистанциялық оқыту ісін ұйымдастыруға қүқықтық негіз қалайтын нормативтік құжаттар мына- лар:

8.                Үйде оқитын мүгедек балалардың жұмыс орындарын бағдарламалық- техникалық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі «Коррекциялық педагогика ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесінің 04.01.2012 ж. № 01-213 нұсқаулықты-әдістемелік хаты.

9.                ҚР Білім және ғылым министрінің 13.04.2010 ж. «Дистанциялық білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелері» атты № 169 бұйрығы (05.04.2011 ж. өзгерістерімен және қосымшаларымен).

Білім беру ұйымының мүгедек балаларды дистанциялық оқыту жөніндегі қызметінің негізгі бағыттары:

-                  координациялау жүмыстарын және мүгедек балаларды дистанциялық оқыту ісін ұйымдастыру жөніндегі қызметті ұйымдық-әдістемелік түрғыдан қамтамасыз ету;

-                  оқушылардың және мүгедек балаларды дистанциялық оқыту ісімен тікелей шұғылданушы педагогика қызметкерлерін (бұдан әрі - мұғалімдер) білім беру жөніндегі бағдарламаны игеруге және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқу-әдістемелік кешеніне, сондай-ақ басқа да электронды білім беру ресурс- тарына қол жеткізуін қамтамасыз ету;

-                  білім беру процесін үйымдастыру;

-                  оқушыларға, мұғалімдерге, оқушылардың ата-аналарына (заңцы өкілдеріне) оқу-әдістемелік көмек ұйымдастыру;

-                  мүгедек балаларды есепке алу ісін жүргізу (дистанциялық білім беру тех- нологияларын пайдалану арқылы оқушылар және дистанциялық оқытып- үйретуге мұқтаждар);

- мүгедек балаларды дистанциялық оқыту ісін үйымдастыру жөніндегі

қызметке мониторинг жүргізу.

Жобаның мақсатты тобын жалпы бастауыш, жалпы негізгі және жал- пы орта білім бағдарламасы бойынша үйде оқытылатын мүгедек балалар құрайды. Олар дистанциялық білім беру технологияларын пайдалана оты- рып оқитындықтан компьютермен жұмыс жүргізуге медициналық тұрғыдан денсаулығы жарамсыз болмауы тиіс.

Оқушылардың бүл категориясы денсаулық мүмкіндігі шектеулі (саңы- рау, нашар еститін, соқыр, нашар көретін, сөйлеу қабілеті ауыр түрде бүзылған, тірек-қозғалыс аппаратты бүзылған және т. б.) оқушылар мен тәр- биеленушілер үшін әзірленген арнаулы (коррекциялық) білім беру ұйым- дарының білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды қажет ететін балалар­ды да қамтиды.

Жобаны жүзеге асырудың бастауыш сатысында интеллекті сақталған, да- муында күрделі ауытқулары жоқ балаларды дистанциялық оқыту ісін ұйым- дастырған жөн.

Тиісті ұйымдық, оқу-әдістемелік, кадрлық ресурстар болған жағдайда ақыл- есі мешеу балаларды, сондай-ақ дамуында өзге де күрделі ақаулықтары бар балаларды дистанциялық оқыту ісін ұйымдастыруға болады.

Мүгедек балаларды дистанциялық оқыту ісі жекелей жүргізілуі қажет.

Жобаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде дистанциялық оқыту жүйесіне қамтылатын, соның ішінде дамуындағы ақаулық (аурулық) категориялары бойынша бөлінетін мүгедек балалардың жалпы саны білім беру ұйымының әлеуеттік (кадрлық, техникалық, ұйымдық және т. б.) мүмкіндіктеріне сәйкес белгіленуі тиіс.

Мүгедек балаларды дистанциялық оқыту ісін олардың әр түрлі катего- рияларындағы психофизикалық даму ерекшеліктері туралы тиісті білімдерді, сондай-ақ мұндай балалар үшін тікелей және дистанциялық формаларда білім беру процесін ұйымдастыру әдістері мен технологияларын игерген мұғалімдер жүргізуі шарт.

Мүгедек балаларды дистанциялық білім беру технологияларын пай­далана отырып оқыту қызметін жүзеге асыруға даярлану үшін алдын ала мұғалімдерді аталмыш тақырып бойынша біліктілікті арттыру курсынан еткізу қажет.

Осымен қатар мүгедек балаларды дистанциялық оқыту ісін жүзеге асыратын мұғалімдерге жүйелі түрде консультативтік-әдістемелік қолдау көрсету керек.

Дистанциялық оқыту тікелей білім беру ұйымы тарапынан атқарылады. Балаларды оқытып-үйрету штат құрамында бар, мектепте негізгі немесе қосымша жұмыс орыны бойынша қызмет ететін мұғалімдер тарапынан жүзеге асырылады.

Бұл орайда білім беру ұйымының мүгедек балаларды дистанциялық оқыту ісін ұйымдастыруға байланысты қызметіне әдістемелік тұрғыдан қолдау керсетілуі қажет. Білім беру ресурстары мен консультативтік-әдістемелік кемек дистанциялық режим бойынша қол жетімді болуға тиіс.

Дистанциялық оқытуды ұйымдастыру үшін мүгедек балалардың тұратын орындарын және мұғалімдердің жұмыс орындарын Интернетке қосу, сондай-ақ оларды компьютерлік техникалар, цифрлық оқу жабдықтары, оргтехника- лар, бағдарламалық қамтамасыз ету тетіктері жинақтамаларымен бұдан әрі - жабдықтар жинақтамасы) жарақтандыру қажет. Бұлар мүгедек балалардың даму ақаулықтарындағы өзіндік ерекшеліктерге тиісінше бейімделген болуы шарт.

Мүгедек балаларды, олардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) және мұға- лімдерді дистанциялық оқыту барысында жабдықтар жинақтамасын қол- данудың әдіс-тәсілдерін уйрету керек. Сондай-ақ, оларға білім беру про- цесін ұйымдастыру мен техникалық қамтамасыз етуге байланысты әр тү- рлі мәселелер төңірегінде қол жетімді консультациялық қызметтер ұсыну қажет.

Осымен қатар балалар мен мұғалімдердің жұмыс орындары техникалық қызмет көрсету жүйесімен қамтамасыз етілуі, жабдықтар жинақтамасының жұмысындағы ақаулықтар оперативті түрде ретке келтіріліп, қажет болған жағдайда - бұзылғандары мүмкіндігінше қысқа мерзімде ауыстырылуы тиіс. Білім беру процесін ұйымдастыру ісінде үзіліс болмауы қарастырылып отыруы керек.

Мұғалімдердің жұмыс орындары білім беру ұйымында да, оның ті- келей тұрғын жайында да жабдықтар жинақтамасымен жарақтануы және Интернетке қол жеткізіліммен қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл варианттың артықшылығы сол, дистанциялық формада сабақ ұйымдастыру және оны өткізу мұғалімнің міндетті түрде білім беру ұйымында болуын талап етпей- ді, сондықтан ол оқу процесін неғұрлым икемді, тиімді етіп жоспарлауына мүмкіндік алады.

Жабдықтар жинақтамасы білім беру процесіне қатысушыларға шарт негізін- де уақытша қайтарымсыз пайдалануға беріледі (кәмелетке толмаған оқушыға берілетін жабдықтар жинақтамасына қатысты мұндай шарт ата-аналармен не- месе заңды екілдермен жасалады).

Оқыту формасы мен оқушылардың оқу жүктемелері көлемі балалардың психофизикалық даму ерекшеліктеріне, жеке мүмкіндіктеріне және денсаулық жағдайына байланысты белгіленеді.

Мамандар тарапынан тиісті ұсынымдар болған жағдайда сынып бойын- ша сағат мелшері оқу жүктемелерінің санитарлық-гигиеналық талаптарда кезделген жоғарғы шегіне дейін көбейтілуі мүмкін

Практика көрсетіп отырғандай, дистанциялық оқыту технологияларын пай- далану арқылы дәріс беру мүгедек балалардың білім алу мүмкіндіктерін айта- рлықтай кеңейтеді, оқушылардың жалпы бастауыш, жалпы негізгі және жалпы орта (толық) білімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мүгедек балаларды дистанциялық оқытуды ұйымдастыру кезінде білім беру бағдарламасының игерілуін және жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге жол ашатын оқу-әдістемелік кешен мазмұны мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес болуы тиіс.