Сенім телефоны
8(7182)570734
email: 4makpaleev_school@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
570740 - қабылдау бөлмесі, 570622 - бухгалтерия 570734 - "Сенім телефоны"
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00; Сенбі: 10:00-12:00.
Бір жылда2846883
Бір айда191934
Бір аптада49375
Кеше9565
Тәулік210
Басшының беті

 Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар!

Біздің мектебіміздің сайтына қош келдіңіздер!

Мектеп директоры

Байгозинова Жанна Шарапиденқызы 

 

Мекеме жарғысына сәйкес білім беру ұйымының барлық қызметтеріне басшылық етеді.

Оқу орнының кеңесімен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып оқыту жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу үрдісінің күнтізбелік кестелерін, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеп, бекітілуін ұйымдастырады.

Басқару құрылымын, штат кестесін, білім беру ұйымдарындағы қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

Білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілер құрамын қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.

Әкімшілік аудандағы бекітілген жерде балалардың жалпы міндетті оқытылуларын қамтамасыз етеді.

Қоғамдық мұғалімдік (педагогикалық) ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметтеріне ықпал етеді, заңнамаға сәйкес қоғамдық, сондай- ақ балалар мен жастар ұйымдарының қызметін реттейді.

Балалардың тағамдануын ұйымдастыруға және медициналық қызмет көрсетілуіне, тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің денсаулықтарын нығайтуға және сақтауға қажетті жағдайларды іске асырады.

Нормативтік талаптарға сәйкес оқу – материалдық базасының есебін,сақталуы мен толықтырылуын қамтамасыз етеді, санитарлық – гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау мен қауңпсіздік техникасы ережелерінің орындалуына жауап береді.

Әкімшілік пен еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарттың орындалуын қамтамасыз етеді.

Білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.

Педагогикалық кеңеске басшылық жасайды, білім беру ұйымдарында еңбегімен ерекшеленген мұғалімдер мен басқадай қызметкерлерді марапаттау мен наградаларға ұсынады, өз құзыретінің деңгейінде сөгіс жариялайды.

Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды алмастыратын тұлғалармен) қарым-қатынасты үйлестіреді.

Барлықтарыңызды біздің мектеппен танысуға шақырамыз және сайтта ұсынылған мәліметтер Сіздерді қызықтырып, балаларыңыздың оқу орнын таңдауға қатысты барлық күмәндарыңыздың шешімін табады деп сенеміз. Мен осы сайт біздің оқушыларымыздың ата-аналары үшін мектептің өмірінен хабардар болып отыруларына мүмкіндік беретін пайдалы ақпарат беті болады деп үміттенемін.

Құрметпен Жанна Шарапиденқызы Байгозинова.

 

Қабылдау күндері: 

Сейсенбі, бейсенбі:  15:00-17:00;

Сенбі: 10:00-12:00.