Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
620160
email: sosh6@goo.edu.kz
Мекенжайы: Пошта индексі:140000 Павлодар қаласы, Урицкий 78 көшесі
Қабылдау бөлмесі: 620158 Директор: 620158 Бухгалтерия:557633 басқа телефон 620159
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі 16.00-17.00, жұма 16.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ЖАС ҰЛАН» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫ»

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйым мүшелерінің

АНТЫ

         Мен, ____________________, республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

 Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

        Білімге табандылықпен  ұмтылуға;

        Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

 Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

 АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН! 

 

 Жас ұландар әні

               Әні мен сөзін жазған         Ұ. Ж. Жаналиева

 

 

  1. Біз ұланы қазақ елінің

   Туған жерін, сүйген Отанын.

   Әке жолын,  ана мейірімін,

   Бойға жиған қасиетін.

 

                          Қайырмасы:

                            Жас ұлан, қалыспа!

                          Қырандай қарышта.

                          Еліміздің абройын

                          Асқақтатып әлемге

                          Нық ұстайық байрағын!

 

  1. Көп білуге ұмтыламыз

Өнер, білім, ғылымға.

Кеудемізде ар мен намыс

          Жетелейді бізді алға.

                          Қайырмасы:

                           Жас ұлан, қалыспа !

                          Қырандай қарышта.

                          Еліміздің абройын                        

                          Асқақтатып әлемге

                          Нық ұстайық байрағын!

  Туған Отанымызды мақтаныш етумен бірге, оның мақтан тұтар ұландары болуға ұмтылу – сіздердің перзенттік парызыңыз.

Н.Ә Назарбаев

 Біздің басты құндылығымыз –Тәуелсіз Отанымыз.

Н.Ә Назарбаев

 Туған елің дәулетті, туған жерің сәулетті  болса, сендер де әулетті, әлеуетті боласыңдар.

Н.Ә Назарбаев

 Өз Отаның - бұл дүниедегі жәннәтің мен шуағың. Сондықтан білімдерің мен қайрат-жігерлеріңді өз елдеріңнің мүддесіне жұмсаңдар.

Н.Ә Назарбаев

 

Мен сендерге еліміздің тұғырлы ұрпағы, тамаша кәсіп иесі, адал патриоты болады деп үміт артамын. Сендерді мақтан ететіндей болайық, жас достар!

Н.Ә Назарбаев

 

 

 Біздің ел – Қазақстан,

Болашағы – Жас Ұлан!

 

Отаным – менің жүрегім.

Республикалық бірыңғай балалар-жастар "ЖАС ҰЛАН" ұйым әрекеті туралы ереже 

Павлодар облысының "ЖАС ҰЛАН" БАЛАЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ДАМУ АСПЕКТІЛЕРІ.