Сенім телефоны
32-57-39, 8-777-934-21-31 мектеп психологы
email: shkola72006@yandex.ru
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
телефондар: қабылдау бөлмесі - 32-22-36, директор - 32-30-88, метод.кабинет - 32-55-00, психолог - 32-57-39.
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Біздің мектепте оқыған қызықты ма?
Голосовать
да/нет/незнаю - 8
Всего проголосовало: 8
Смотреть результат
Бір жылда3021356
Бір айда273421
Бір аптада56977
Кеше4780
Тәулік3714
Мектеп директоры

%d1%85%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b4%d0%b0-%d0%b2%d0%b0%d1%81%d0%b8%d0%bb%d1%8c%d0%b5%d0%b2%d0%bd%d0%b0

Бекбосынова Халида Васильевна

Білімі: жоғары

Еңбек өтілімі: 18 жыл

Санаты: жоғары

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: Гуманитарлық ғылымдарының магистрі

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

27.01.1998 — 15.11.2000 жж.   мектебі бастауыш сынып мұғалімі (№7 ЖОББББММ);

5.09.2003 — 18.08.2009 жж.  қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі (№7 ЖОББББММ);

19.08.2009 — 12.11.2011 жж. №29 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

14.11.2011 — 20.08.2014 жж.Павлодар қаласының білім бері бөлімі, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің әдіскері.

20.08.2014 -28.08.2015 жж.  ғылыми әдістемелік жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары (№7 ЖОББББММ)

28.08.2015 жылдан бастап №7 ЖОББББМ мектебінің директоры ретінде қызмет атқарады

   Мектеп - біздің ертеңіміз. Оның қандай болатыны әрқайсымызға байланысты. Мектеп - әр күні бір-біріне ұқсамайтын, әр сәті - ізденіс үстіндегі, зерігуге уақыт жоқ, үнемі адамдарға жақсылық жасауға ұмтылыста, өз басына айналасындағылардың қызығушылығын тудыратын, тартымды, адамдарға жағымды энергия тарататын, білгенімен бөлісетін, білімге құмар, салғырттықтан қашатын ғажайып ел. 

  Сондықтан мұндай ғажайып елге тек қана ең төзімді, ең қуатты, жауапкершілігі мол, ең мейірімді, талантты да дарынды адамдар ғана сыйымды. Олар - ұстаздар. Егер таңқалдыра алмасаң, қызықтыра алмасаң, төзімің жетпесе-өз жөніңді біл, алыста. Бұл елде енді ешкімге керегің жоқ. Бұл-ерекше ел ғой. Бұл - мектеп. Ұстаз - жас өркен мен қоғам арасындағы байланыс күші. Ол тәрбиеші әрі тәлімгер. Бұл оның адами, азаматтық ұстанымы. Оның ісі адамды қалыптастыруға бағытталған. Ұстаздар ұжымының  көшбасшысы - директор.

  Заманауи мектеп директоры, ол - кім? Ұстаз ба, менеджер ме, әлде шенеунік... Осылайша  ұзақ  жалғастыра беруге болады, расында да, оның кім екенін түсіну қиын, бір жұмыс күні ішінде сан қабат бірін-бірі алмастырып жатқан тіршілікте өзінің еңбегінің жемісіне қанаттанып, болмаса көңілі пәс тартып жұмысына қанағаттанбайтын, атқарған ісіне есеп беріп, жаңалық ашушы.

  Жұмыс тәжірибем көп емес. Менің ойымша, білім беру мекемесінің директоры ең алдымен кәсіби ұстаз болу  керек. Сонымен қатар менеджменттік қабілеті мен мекемені басқара білуі керек. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында  мектеп ісінің негізгі салаларын келешекке сауатты түрде бағыттай білуі керек. Басшы моральдық тұрғыда  биіктен көріне білуі қажет. Мектеп директоры ретінде қояр талабым - өзгеге түсінушілікпен қарап, өзіме келгенде қатал, ережелерге бағынып, ұстанымдарды қабылдап, адал да әділетті болу.

  Менің мақсатым: мұғалімдердің кәсіби өсуіне барынша оңтайлы жағдай жасап, мектеп ісінің нәтижелі болуына педагогикалық ұжымды жұмылдыру.

   Менің қызметіме орай менің айналамда әрқашан мені керек ететін және маған қажетті  адамдар. Жанымда - әріптестерім, пікірлестерім. Олар маған сенеді, көмектеседі. Менің ойымша, мен ол адамдардың сенімінен шығып, үміттерін ақтай аламын.

Құрметпен, Бекбосынова Халида Васильевна,

мектеп директоры