Сенім телефоны
8(7182)-60-42-68
email: schola24@mail.ru
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-68
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда2928065
Бір айда146078
Бір аптада37149
Кеше8708
Тәулік579
Әлеуметтік педагог парағы

 №24 ЖОМ мектептің 

әлеуметтік педагогы

 

Зауреш Мулюковна

Тунгушева

 

 

 

Әлеуметтік қорғалмағандарды қолдау бойынша, «Отбасыларға көмек көрсету кеңесі» бойынша жұмыс атқарады, тұрмыстық жағдайы нашар, аз қамтылған отбасылардың балаларына және жетім балаларға ТТЖ актілерін жүргізеді. Осы санаттағы балаларды тамақпен ақысыз қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауап береді. Жалпы оқыту қорының киімге, тамаққа, кеңсе тауарларына шығындау бойынша мониторинг жасайды. Қамқорлық бойынша, тұрғын үйді сақтау және жетім балалардың және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйлері туралы сақтау қағазын құру бойынша кеңес жұмыстарын өткізеді. Қайырымдық сұраумен жүрген және қаңғырушылықпен айналысып жүрген балалар бойынша рейд жүргізеді, осындай балалрдың оқуға қатысымын бақылайды, оқу кезіндегі мен жазғы мезгіліндегі бос уақыттарын ұйымдастырады. Жазғы уақытта ТОС жұмысымен айналысады. «Мектепке жол», «Қамқоршы күні» акциларын өткізеді. «Жас Дәурен» лагерімен қарым-қатынас жасайды. Осы санаттағы балалардың жазғы демалысын және сауығуын ұйымдастырады. Қамқоршы күнін, «Отбасыларға көмек көрсету» кеңесін өткізеді, қамқоршылық бойынша кеңесінің хаттамасын жүргізеді. Кезекшілік күні – сенбі.


 

Ата-аналарға арналған ақпарат             скачать

 

Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың жеке істерін қалыптастыруға арналған құжаттар тізбесі

 

- бала туралы жалпы мәлімет;

- баланың сауалнамасы;

- баланың туу туралы куәлігі;

- әкімдіктің баланы балалар үйіне орналастыру туралы қаулысы;

- ата-ананың жоқтығын растайтын құжаттар(соттың ата-ана құқығынан айыру туралы, ата-ананың хабар-ошарсыз кетуін растауы туралы, оларды қайтыс болғанын хабарлау туралы, олардың жұмысқа қабілеті жоқтығын растау туралы, №4 нысанды анықтама, қайтыс болу туралы куәлік, КІБ инспекторымен жасалған тастанды немесе жасырын тасталған бала туралы акт, ата-ананың баладан бас тарту туралы нотариуспен куәландырылған өтініші және оны асырап алу туралы келісімі туралы өтініші (перзентханада баладан бас тарту жағдайынан басқасы),баланы емдеу-алдын алу мекемесіне қалдыру туралы акт);

-  ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала туралы ақпарат алынған күннен бастап ата-ананың және туыстардың іздестірілуін растайтын құжаттар (мекенжай бюросына, Ішкі істер департаментіне, Әділет департаментіне, Көші-қон полициясына өтінімдер, олардан келген жауаптар жауаптар, ананың немесе ата-ананың мекенжайын нақтылау үшін сауалнамада көрсетілген мекенжайға бару).

- басқа есім алу туралы акт, егер денсаулық сақтау қызметкерлерімен қойылса:  егер бала құқық қорғау органының өкілінің немесе медициналық мекеменің қызметкерлерінің өтініші бойынша тіркелген болса, АХАЖ мекемесіне баланы тіркеу туралы өтініштің көшірмесі;

- бала тәрбиеленген мекемеден осы баланы асырап алуға ұсынылған қазақстандық азаматтар мен күні туралы анықтама;

- ҚР азаматтарының ұсынылған баланы асырап алудан бас тартуын растайтын қолхаты;

- туыстарының бары туралы анықтама; олардың баланы асырап алуға рұқсаты немесе рұқсат бермеуі;

- туыстардың тұрмыстық жағдайын тексеру туралы акт (олардың отбасына баланы орналастыруға мүмкін еместігін райтайды – бейәлеуметтік өмір салтын ұстанады, басқасы);

- баланың диагнозын көрсетумен денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;

- баланың психологиялық және әлеуметтік жағдайы туралы есеп.