
"Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі" ММ
Біздің мекен-жайымыз
Мекен-жай: Павлодар қаласы, Шевченко көшесі 1, 140000
Байланыс телефоны: 8 (7182) 61-30-12 (қабылдау бөлмесі)
Электронды пошта мекен-жайы: pvl-sh36@mail.ruҚұрметті ата- аналар, сүйікті шәкірттер мен ұстаздар, сайттың қонақтары!
Біздің мектептің сайтына қош келдіңіздер!
Біздің мектеп –бұл үлкен сенімді үйіміз, өтетін мерекеміз, сонымен бірге қалыпты күндеріміз, бастысы – біздің дәстүріміз. Ата- аналар, оқушылар, ұстаздар бұл сайтты бірге құрамыз. Біз оны әр бір кірпішті қалағандай қалаймыз, сайтқа мектеп өмірінің қызықты сәттерін енгізе аламыз. Ата- аналар да, ұстаздар да шәкірттердің дендері сау , бақытты, білімді, табысты, мәдениетті болуларын қалайды. Әр адам өз ұрпағының жақсы мектепте оқығанын армандайды. Ата- ана мектепті таңдаумен өз баласының тағдырын таңдайды, өйткені мектеп адамның өмір сүру мен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Мектеп оқушы бойында табысқа, жеңіске жеткізетін үш себепкерді анықтайды. Олар- мұғалімдер, оқушылар мен олардың құрбы- құрдастары.
Біздің мектеп білім аламын, мектеп өмірінің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысамын, спортпен шұғылданып, өз күшімді сынаймын деген оқушыға әрдайым ашық. Ал мұғалімдер мен ата- аналар оқушы жетістігінің кепілі.Біздің мектеп сайтынан мектеп өмірін жан- жақты көре аласыздар. Оқушылардың жетістіктері, қоғамдық жұмыстарға қатысуы, сыныптан тыс іс- шаралар өткізілуін кепілі боласыздар. №36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру мектебінің өмірден қалыс қалмағандығын, дамып жатқандығын, алға қарай ұмтылатындығының куәсі бола аласыздар. Ойлаудан нәтижеге!
Сайт қонақтарына әрдайым қуаныштымыз. Өз ұсыныстарыңыз бен тіліктеріңізді қалдыруларыңызды сұраймыз. Ақылға қонымды әрі қызықты өтініштеріңіз бен ескертулеріңізді орындауға тырысамыз.
Құрметпен мектеп директоры Зәуреш Дәуленқызы Ахмадова


