Мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауы
Оқушылардың қорытынды аттестаттауы— оқушылармен білім беру деңгейіне сәйкес келетін, мемлекеттік жалпыға міндетті стандартпен қарастырылған, оқу тәртібінің көлемін игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім
Өткізу түрі: мектептік бітіру емтихандары.
Өткізу орны: түлектер білім алатын мектеп базасында.
Өткізу мерзімі: шамамен 29.05-09.06. аралығында

Қысқаша емтихан туралы:
1. Ана тілі мен әдебиет. Ұсынылған бес тақырыптан біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұрады. Эсседе басты ойды анықтау, мәселені қалыптастыру, аргумент жазу, тілдік құралдар мен тіл тәсілдерін қолдану және эссенің жалпы қорытындысын қалыптастыру.
2. Алгебра және талдау басыматематикалық фактілерді игеру дәрежесін, түсінік пен тәсілдердің қолданбалы және логикалық тапсырмаларды шеше білуді, функционалдық сауаттылықтың деңгейін анықтауға бағытталған, 6 тапсырмадан тұрады.
3. Қазақстан тарихы. Әр билетте 3 сауалдан: 2материал теориясы бойынша, 1 тапсырма шығармашылық сипатта (тарихи карталарды, кестелерді, хронологиялық кестелерді, суреттерді және т.б. қолданумен тапсырмалар).
4. Қазақ тілі(орыс тілде оқыту мектептерінде) тестілеу түрінде.
Тест 40 мәтінді тапсырмадан тұрады. Үш блокқа бөлінген:
- Лексикалық-грамматикалық блок - 20 тестті тапсырма;
- Тыңдау-10 тестті тапсырма(2 мәтін);
- Оқу-10 тестті тапсырма(2 мәтін).
Тест форматы: ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау.
5. Таңдау бойынша пән: физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, ағылшын тілі, информатика және оқыту бағыты есепке алынады. Тест ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдаумен,40 тестті тапсырмадан тұрады.
Барлық емтихандарға бағалаудың бірыңғай критерийлері қолданылады.
Емтиханда қойылған бағамен келіспеген жағдайда, оқушылар бағаларды хабарлағаннан кейін, келесі күні сағат 13.00 дейін оқушылардың қорытынды аттестаттауы бойынша емтихандық комиссияға жүгіне алады.
