Балаларды қорғау күнімен және жаз маусымының басталуымен!
Екінші маусым күні мектепте 5-10 сынып оқушыларына арналған «Арман қаласы» жазғы бейіндік лагері өз жұмысын бастайды. Ең алуан түрлі бағыттағы он төрт отряд жаздың алғашқы он бес күнін қызықты, көңілді және танымды өткізуді ұсынады.
Жазғы бейіндік мектеп міндеттері: балалардың шығармашылық және зияткерлік дамуы, тұтастай заманауи әлем түсінігін қалыптастыру болып табылады. Осы жылы балалар құқықты, ғылыми және экологиялық сауалдарда өз білімдерін тереңдете алады, көркем-эстетикалық талғамды және би қабілеттерін дамытады, қазақ тілі, ағылшын тілін және елдердің мәдениетін үйренеді, болашақ бірінші сынып оқушылары өздерін мектеп оқушылары рөлінде көреді, ал оныншы сынып оқушылары өмірлеріндегі бірінші қатаң емтиханға дайындықты бастайды. Шахмат клубы және робототехника секілді жаңа бағыттар ашылды. Жазғы бейіндік лагерде жол қозғалысының жас инспекторлары және жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылары жасағы ұйымдастырылды. Сондай-ақ балалар мектеп жанындағы лагерде көптеген пайдалы іс-шараларды өткізеді. Біздің жазғы Қаламыз көптеген оқушылардың Армандарын орындайды!

«Арман қаласы» бейіндік лагері жаздың алғашқы күндерін көңілді, танымды және қызықты өткізгісі келген, көптеген ұлдар мен қыздарға өз есігін ашты
«Болашақ» отрядының жазғы ауысымы маусымының ашылуы зияткерлік пәндік марафонымен ерекшеленді. Командалық ойын бірнеше айналымда өтті. Қатысушы-балалар тек өз логикалық ойлары мен тапқырлығын көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ команда бірлігі мен әзіл сезімін көрсете алды. Айта кетсек, жарыс-ойын сұрақтары өмірдің барлық саласында болды. Ал, 5 минут ішінде минут тілі қандай бұрышты сипаттайтынын білмеген бала, міндетті түрде достық туралы бес жаңылтпаш айту немесе қандай ыдыстан тамақ ішуге болмайт деген сұраққа жауап беруі тиіс. Достық жеңді!


«Білімпаз» мектепке дейінгі отряд өз жұмысын бастады. Балалар мен қыздар алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Оларда күнделікті өте алуан, қызықты және танымды «сабақтар» жоспарланды. Бүгін болашақ бірінші сынып оқушылары мектептің алғашқы тәртіп ережелерімен танысты. Винтик пен Шпунтиктің «Шебер қолдар» шеберханасында қонақта болып қайтты және пішіндерді бастыруды үйренді. Сондай-ақ, әр күні балалар «математикалық баспалдақтарды» еңсереді және «көңілді тапсырмаларды» шешетін болады.

1 маусым күні «Балалардың еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық кампаниясы басталды. Бүгін «Бравые ребяра» отряды нәтижесінде оқушылар бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда балалардың еңбегін пайдалану туралы көп білген, «Балалар еңбегі – қатыгез шындық» пікірталасын өткізді. Іс-шара қорытындысы «Біз балалардың еңбегін пайдалануға қарсымыз» Акциясы болды, бұл акция адамдардың көңілін әлемдегібарлық елдерде ашылған, балалар еңбегіне тыйым салуға, балалар мен балалардың еңбегін пайдалану фактілерін жою қажеттіліктерін сезіну қозғалысына аударды.


«Дымбілмес достарына сәлем берді!»
Лагерь өмірінің бірінші күні «Күншуақ қаласында» ауысымның ашылуымен атап өтілді. Таңымыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығына арналған салтанатты линейканың өткізілуінен басталды. Вожатый балаларды мемлекеттік рәміздердің туған күні туралы ақпаратпен таныстырды. Балалар «Горжусь тобой, иой Казахстан» викторинасына белсенді қатысты. Бұл күні «Пою моё Отечество» суреттер конкурсы өткізілді.
Сондай-ақ, 4-ші отряд балалары № 2 балалар музыка мектебіне барды. Бір күн ішінде балалар планетаридегі танымдық ойын-сауық бағдарламасына, музыка сабақтарына барды, таза ауада өткізілген ойындарға қатысты.

5 маусым күні адамгершілік, азаматтық пен патриотизмді тәрбиелеу мақсатында «Арман қаласы» жазғы бейіндік лагерінің отрядтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ррәміздері күніне арналған іс-шаралар өтті. оныншы сынып оқушылары Мемлекеттік рәміздерді білу викторина-конкурсына қатысты. Барлық жұмыс оқушылармен тілдесудің демократиялық принциптерінде құрылды. Іс-шара кезінде ынтымақтастық, өзара көмек ахуалы болды және балалар өз ойларын еркін айта алды.


Басқа бейіндік лагерь балалары «Грамотеи» отряды дайындаған, «Аннограммалар» ойын-жұмбағының қатысушылары болды. Барлық ойын командалар арасындағы жарыстарда құрылған. Үш айналымда қатысушыларға берілген әріптерден ҚР Мемлекеттік рәміздерінің құрылу тарихы туралы сауалдарға дұрыс жауап құрастыру қажет болды. Мұндай қызықты іс-шараларда үлкен танымдық, тәрбиелік және дамытушылық мәні бар.

«Бравые ребята» отряды таза ауада мектеп жанындағы лагерь балалары арасында қатынастық қимыл ойындарын ұйымдастырды. Ойындар отряд көңілінің, жылдамдық реакциясының және отряд бірлігінің дамуына ықпал етті.


Жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жасағы бұл күнді мектеп жанындағы лагерь балаларымен өткізді. Қызықты өлең жаттығуларының көмегімен балалар жол қозғалыс ережелері және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері туралы айтып берді. Содан кейін арт-марафонын қойды, балалар суреттерінде ережелердің өз көріністерін көрсетті. «ЖҚЕ сақта», «Сіріңке – балаларға ойыншық емес!» нітижесінде толықтай көрме шықты.



«Дымбілмес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен танысады»
Лагердегі линейка әнұранды салтанатты тыңдаудан басталды. Сергек жаттығудан және дәмді таңғы астан кейін бізге қонаққа О.Г.Камшуктың жетекшілігімен бейіндік отряд келді және таза ауада ойындар өткізді.
Екінші отряд балалары «Super Ұлдар» қалалық жазғы жобаға қатысты, мұнда олар 1 орынға ие болды. Көңілді старт, спорттық-сауықтыру бағдарламалар; «Нептун» ДСК бару; жоспарлы мед.тексеру және суреттер конкурстары тамаша көңіл-күй сыйлады.
Ең ақылдылар мен спорттық балалар грамоталармен марапатталады! Күн ойдағыдай өтті.

Қызықты және танымды!
6 маусым күні бірлік, командалық рухты, жылдамдық реакциясы мен ептілікті тәрбиелеу мақсатында Жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жасағы мен «Патриот» бейіндік отряд балалары қалалық саябақта өткен, қызықты квест-ойынына қатысты. Ойынға қаланың әртүрлі мектептерінің командалары қатысты.


«Сириус» отрядында күн сайын жұмыс қызу жүргізілуде. Балалар болашақ ғылымы-робототехниканы меңгеруде. Бүгін сабақта балалар мотор және датчикті, сондай-ақ роботтың түрлі қимылдарын қарастырды және зерттеді.


«Патриот» отряды «Балалардың еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ақпараттық кампания аясында «галстуксыз» кездесуін өткізді. Балалар еңбек құқығы саласында балалардың құқығын бұзуды айыптады және оқушыларды өз құқықтарын қорғай алу үшін және сауатты болу үшін ҚР Заңын үйренуге шақырды.

«Білгір ЖЖЕ үйренеді»
Бүгін бізде жол ережелерін үйрену күні. Балалар ЖЖЕ өте жақсы біледі. Бұл күні біз А.С.Пушкин ертегілерінің тамаша парақтары бойынша саяхаттадық. Балалар «А.С.Пушкин ертегілерінің парақтары бойынша» викторинасында Патшайымның сұрақтарына жауап берді. Және балалар Көркемсурет мұражайына – көбелектер көрмесіне барды. Балалар жанды табиғатты сезінуге бірегей мүмкіндіктері болды. Кейбір балалар бұл күні көбелектер көрмесіне бара алмады, бірнеше отряд «Трио в перьях» қызықты мультфильмді тамашалауға Ш.Айманов атындағы кинотеатрға барды. Бұл күн балалардың естерінде жарқын әсер қалдырды.

7 маусым күні «Қыз аруы» отряды басқа бейіндік лагерь отрядтарын қонаққа шақырды. Алдымен шеберлер қатысушыларға шаш күтімі бойынша ережелерді айтып берді. Содан кейін көрермендердің назарына шаш өру бойынша шебер сабағы ұсынылды. Барлық тілек білдірушілер өз іскерліктерін жаттықтырып, шашпен жұмыста өз шеберліктерін арттыра алды.

Жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жасағы мектеп жанындағы лагерь балаларына «101 дайындық» спорттық эстафетасын өткізді. Командаларға алуан түрлі тапсырмалар дайындалды:жалған өртті сөндіру, жануарды құтқару, өардап шеккеге көмектесу, өрт «жеңін» тоқтату. Конкурстық тапсырмаларды орындау кезінде жылдамдық реакциясы секілді, дұрыс орындау да ескерілді. «Достық» жеңді!

«Грамотеи» отряды бейіндік лагерь балаларын таң қалдырғысы келеді және маусымның жабылуына театралды көрсетілім дайындап жатыр. Біз драма дайындығында болып қайттық.

8 маусым күні «Патриот» отряды және «Заң» жасағы басқа бейіндік лагерь балаларына іс-шаралар дайындады. Қонақтарға ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған викторинаға қатысу ұсынылды. Алдымен, балалар отряд ұраны мен үгітсөздерін таныстырды, Отан туралы әдемі өлеңдер айтты, ҚР мемлекеттік әнұранын орындады. Содан кейін ойын басталды. «Бүркіттер» және «Тұлпарлар» екі командасы қатысты. Викторина тапсырмалары, тек ҚР мемлекеттік рәміздерін білуге ғана емес, сондай-ақ біздің мемлекетіміздің тарихын, қазақ халқының салт-дәстүрін білуге болды. Сондай-ақ, көрермендер викторинаға белсенді қатысты. Ойын қорытындысы бойынша қазылар алқасы екі команда да өте лайықты қатысқандарын және бірдей ұпай санын жинағандарын жариялады. Қатысушылар бір-бірін құттықтап, алғыс айтты.

Бейіндік лагерьдің «Тұлпар» отряды қазақ тілін терең үйреніп жүр. Сондықтан, балалар қаланың қызықты тарихи жерлеріне барып жүр.Бүгін Бұқар- Жырау атындағы Мұражайға экскурсия өтті. Экскурсия қатысушылары еліміздің танымал тарихи қайраткерлерімен танысты, олардың жас мемлекеттің құрылуына қосқан үлестері туралы білді.

«Эко СӨС» отряды мектеп жанындағы лагерь балаларын қонаққа шақырды. Бұл отряд экологиялық және денсаулық сақтау технологияларымен айналысуына байланысты, бүгін балалар ішек инфекцияларының алдын алу бойынша ауызша журналын өткізді, қол, бет және тұтастай азық-түлікті жуу гигиенасы туралы айтты және естеріне түсірді.Сондай-ақ, оқушылардығ күшімен экологиялық бейнесюжеті шығарылымға дайындалуда.

Қазіргі заманғы қоғамның экологиялық мәселелерін біле отыра, қоршаған ортаны тазалықта сақтау мақсатында, Жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жасағының балалары қолда бар материалдардан және қайталама шикізаттардан киім жасауды шешті. «Білімпаз» мектепке дейінгі отряд балаларымен бірлесе отырып, сән үлгілерін ойлап шығарды. Өз қолдарымен жасалған костюмдер мен киімдер тек шеберлік пен креативтілікті көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ бейіндік лагерь балаларының гардеробын жаңартты. Сондай-ақ, балалар уақыттан шаршаған және қараусыз қалған материалдарға «екінші өмір» сыйлады.

«Винтик және Шпунтик балаларды EXPO шығармашылық көрмесіне дайындайды»
Бүгін мектеп жанындағы лагердегі күн өте мазмұнды! Сергек жаттығудан және дәмді таңғы астан кейін бізге қонаққа Г.М.Педынаның жетекшілігімен бейіндік отряд келді, мұнда балалар «Ішек инфекциясының алдын алу» туралы айтты және фильмді көрсетті. Балаларға өте ұнады, барлығы әсер алды.
«EXPO-2017» көрмесінің ашылуын күтуде балалар керексіз материалдардан қызықты жасаулар дайындады.
Бұл күні екінші отряд балалары № 2 балалар музыка мектебіне барды, мұнда үлкен хор концерті болды, балалар балалардың әнін қуана-қуана тыңдады. Бірнеше отряд хауызға барып, өздерін су процедураларымен мардамсытты.
Ал «Батыр-Молл» кинотеатры «Спарк. Спаситель Вселенной» қызықты мультфильмімен баурап алды.
Жалпы, күніміз пайдалы және тамаша өтті!

«Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ақпараттық кампания аясында мектеп жанындағы лагерь балалары арасында «Танцую все» бейіндік отряд қатысушылары «Біз бақытты болашақ үшін» би флешмобын ұйымдастырды және өткізді.

«Болашақ» отрядында оныншы сынып оқушылары жаңа формат бойынша қорытынды аттестаттауға қызығушылықпен дайындалуда, меңгершен материалдарды қайталап, тесттер мен тапсырмаларды шешуде.

Бейіндік лагердің әр отрядында юннат күні-мектеп жанындағы учаскеде жұмыс ұйымдастырылды. Балалар топырақты қопсытумен айналысады, гүлзарларды безендендіреді, өсімдіктерді суарумен және гүл отырғызумен айналысады.

«Чемпиондар клубы» шахмет отрядының оқушылары Шахмат Академиясына барды және қаланың басқа мектептерінің оқушыларымен матчтық кездесуге қатысты.

«Балалардың еңбегін пайдалуға қарсы 12 күн» ақпараттық кампания аясында «Арман қаласы» бейіндік лагерь балалары «Біз балалық шағымызға разымыз» ұранымен қала мектептері арасындағы спорттық жарыстарға қатысты. Іс-шара жақында ғана жаңа спорттық алаң ашылған, № 14 ЖОМ базасында өтті.Балалар спорттың алуан түрлері бойынша жарысты: мини-футбол, волейбол, стрит-бол жәнеэстафета. Біздің мектептің бейіндік лагерь командасы екінші жүлделі орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!


«Арман қаласы» бейіндік лагерь балалары дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесінің жұмысына арналған іс-шараларға қатысты.
Бүгін мектепте «Болашақ энергиясы» станция бойынша ойындар ұйымдастырылды. Бейіндік және мектеп жанындағы лагерь балалары маршрут парағы бойынша қозғалып отырып, алты станциядан өтуге, сұрақтарға жауап беруге, тапсырмаларды орындап, «кілт» жинаулары тиіс болды.Әр станция Астана қаласындағы болашақ Мұражайы ЭКСПО көрмесіне ұсынылатын, энергия түрлерінің бірін көрсетті. Ойынның басты мақсаты мектеп «энергиясының кілтін» іздеу болды. Барлық тапсырмаларды орындаған бірінші команда мектеп «энергиясы кілтінің» сақтаушысына түсті және құпияға қол жеткізді. Біздің мектептің «Энергия кілті» – бұл мәңгі жасыл өсімдік - қырыққұлақ бұтағы. Экологиялық бағыттағы мектеп Жердегі барлық тіршіліктің және табиғатты қорғау мен тазалық, қамқорлық энергиясын шашады.

«Қыз аруы» бейіндік отряды мектеп жанындағы лагерь балаларымен бірлесіп шебер сабағын өткізді. Оригами техникасын қолдана отырып, қатысушылар ЭКСПО-2017 көрме кешеніне экскурсияға жиналған, сиқырлы жануарларды жасап шығарды.Ал «Сириус» отряды тіпті, Астана қаласындағы көрме кешенінің архитектуралық ғимаратты еске түсіретін роботтарды үлгісін жасады.
Жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жасағы қалалық саябақта өткен Өнер шеруіне қатысты. Біздің команда көрермендер назарына экологиялық бағыттағы әйелдердің шаш үлгісін ұсынды.

«Күншуақ қаласының» дарындылары
Әр күн таңғы жаттығудан басталады. Дәмді таңғы астан кейін балаларды қызықты іс-шаралар күтіп тұрды. № 2 балалар музыка мектебіне бару, мұнда рөлдердерде 4-5 жастағы балалар ойнаған «Дюймовочка» ертегісінің көрсетілімі өтті. Біздің балаларға кішкентай балалар өз рөлдерінің сөздерін қалай жаттағандығы қызықты және таңғаларлықтай болды. «EXPO-2017» Халықаралық көрмесінің ашылуына байланысты біздің мектеп жанындағы «Күншуақ қаласы» лагеріміз тыс қалмады. Балалар бұл оқиғаны күтті және дайындалды, көрмеге арналған керексіз материалдардан көптеген жасаулар жасалды.
Сондай-ақ бұл күні мектеп кітапханасында А.Лингреннің ертегісі бойынша Т.С.Комкинамен викторина өткізілді. Балалар жазушының шығармаларын жақсы біледі, сондықтан балалар қойылған сұрақтарға толық және мазмұнды жауап берді.
Бірақ кейбір балалар бұл іс-шараға барған жоқ. Кейбір отрядтар П.Васильев атындағы мұражайға барды, мұнда балалар көптеген қызықтыларды білді. Ал хауызға барғандары күні-бойына жақсы көңіл-күй және денсаулық сыйлады. Күніміз қызықты және мазмұнды болып шықты. Балалар үйлеріне жақсы көңіл-күймен оралды!

Пилулькиннің денсаулығын қадағалаймыз
Бүгін біздің мектеп жанындағы лагерде күн әдеттегідей басталды, сергіту жаттығудан және дәмді таңғы астан кейін 3 отряд Аймауытов атындағы Драма театрына жол жүрді, мұнда балалар тамаша ертегі әлемінде болып қайтты. Бұл күні балаларға қызықты және танымды тақырыппен үгітбригада келді. Бейіндік отряд балалары «Зиянды әдеттер» викторинасын және әңгімесін өткізді. Барлығы, сондай-ақ балалар қалдық материалдардан жасаулар жасауда, әлі де бізде, ЭКСПО-2017 арналған жасаулар зертханасы жұмыс істейді. Қалған отрядтар Әскери даңқ мұражайына және «Лазертаг» Полигонына барды. Балалар ыстық ауа-райына қарамастан разы және бақытты болды.

«Патриот» отряды «Зиянды әдеттермен шайқас!» үгіт сахнасымен мектеп жанындағы лагерде сөз сөйледі. Балалар қызықты және қол жетімді түрде тағы да бір рет, темекі мен алкоголь зияны туралы айтып берді, сондай-ақ отряд «дәрігері» салауатты өмір салтының артықшылықтары туралы оқушылардың сұрақтарына жауап берді.


«Танцуют все» бейіндік отряды би марафонын жалғастыруда. Бүгін мектеп жанындағы лагердің бірнеше отряды заманауи флешмобты билеуді үйренді.
«Тұлпар» отряды балаларды «XXIғасыр Көшбасшысы» зияткерлік ойынына қатысуға шақырды. Ойын бірнеше айналымнан тұрды.Командалар түрлі сұрақтарға жауап берді, жылдамдық және жауаптың дұрыстығы ескерілді.


Сықпа «Бояулар күнін» жариялайды
Біздің мектеп жанындағы лагерде өте көңілді күн! Өйткені, бояулар күні болды.Балалар ұзын қағаз жолында қылқаламмен емес, қарандашпен емес, фломастермен емес, алақандарымен сурет салды, бұл балаларға өте ұнады. Балалар Астанадағы маңызды оқиғаларды қадағалап отыр, сондықтан шығармашылық зертхананы қалдық материалдардан жасалған ерекше жасаулар өз жұмыстарымен толықтырып отырады. Балалар күн сайын шын жүректен жаңа жасауларды қарастырып отырады. Біздің мектеп жанындағы лагерде ЭКСПО-2017 арналған өз отряд арасындағы көрмесі бар.
Бұл күн тек мұнысымен ғана қызықты болып қойған жоқ. Бізге «Шаңырақ» мәдени орталығынан музыка ертегісі келді, мұнда балаларды Бом сайқымазағы күлдіріп, ойнатты, ал Ляля атты қыз балалармен бірге танымал балалар әндерін орындады.
Сондай-ақ, балалар хауызға барды, мұнда олар денсаулық алып, ыстық шаршауды шешті.
Күн балалардың есінде жарқын әсерлер қалдырды!

«Патриот», «ЭкоСӨС» бейіндік отрядтары мектептегі Даңқ мұражайында болып қайтты. Балаларда әскери кездегі заттар жанды қызығушылық тудырды. Ал, 1941-1945 жылдардағы ҰОС шайқас қатысушылары – біздің сарбаздарымыздың өмірлері мен әскери ерліктері – тынысты тарылтты.
«Бравые ребята», «Қыз аруы» бейіндік отрядтары алдағы ЭКСПО-2017 аясындағы «Жасыл экономика» мектептік көрмесіне дайындықты жалғастырады. Бүгін балалар Астана қаласының көрнекті орындарының карта-схемасын жасап шығарды.

С.Я.Маршактың «Ақылды заттар» спектаклінен көптен күткен сахнасы қойылды. Біздің «Грамотеи» - нағыз актерлер. Бейіндік және мектеп жанындағы лагерь балаларына театралды қойылым, актерлердің сахналауы өте ұнады.

Мектепке дейінгі жастағы балаларда ертегі кейіпкерлері, Дымбілмес пен Білгірмен бірге Білім Еліне саяхат жалғасуда. Балалар әр таң сайын лагерге қуана-қуана келелі және ең алдымен таңғы жаттығуды орындайды. Олармен жолда көңілсіз жағдай болып қалмау үшін балалар жол қозғалыс ережелерін еске түсіреді және негізгі ережелерді қайталайды: Жол қозғалыс ережелерін біліп қана қоймай, оларды орындау қажет.

Үзілісте барлық отряд көңілді сергіту сәтін ойнайды. Динамикалық үзілісте балалар далада қимыл ойындарын ойнайды.

Бейіндік лагерь балалары Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған «Жасыл экономика» мектеп көрмесіне қатысты. 36 мектеп Принциптерінің бірі – бұл экологиялық. Балалар өз қолдарымен уақыттан шаршаған және қараусыз қалған материалдарға екінші өмір береді. Сондай-ақ, қажетті заттарды жасауға және өнердің қарпайым әдемі заттарын жасау үшін қайталама шткізатты қолданады.

Осындай тамаша оқиғамен «Арман қаласы» лагерінің жазғы бейіндік ауысымы аяқталды.
Біздің мектептің оқушылары мен педагогтарына болпашақта шығармашылық табыстар тілейміз! Және ең бастысы, жазғы демалыстарын жақсы және пайдамен өткізу, алдағы жаңа оқу жылына күш жинап, оң эмоциялар зарядын алу!
«Спорт ойындар» күні
«Күншуақ қаласы» мектеп жанындағы лагерде кезекті күн «Дені сау тәннің-рухы сау!» аясында өтті. Бұл күнді біз спортқа арнадық. Балалар үшін ертегі-спорттық эстафетасы дайындалды және өткізілді. Барлығы керемет көңіл-күйде болды, бастысы уақыт тиімді өтті. Сондай-ақ бұл күні балалар құм анимациясы мамандарының жетекшілігімен құммен сурет салды. Астанада Халықаралық көрменің ашылуына байланысты, біздің мектеп жанындағы лагерде керексіз материалдардан жасаулар көрмесі ұйымдастырылды және біздің көрмеге Ирбис телеарнасы қызығушылық танытты және өз қатысуларымен балаларды қуантты.

Дымбілмеспен ертегілермен танысамыз
«Күншуақ қаласы» мектеп жанындағы лагерде бүгін ерекше күн. Бұл күн ертегілерге арналды. Бізге қонаққа «Бауырсақ пен түлкі» ертегісімен жас көрермендер театры келді, балалар ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен ойындардан жақсы көңіл-күй алды. Сондай-ақ, бұл күні балалар таза ауада «Күншуақ қаласы» станциялары бойынша ойынға қатысты.

«Түймешік шебер сабағын көрсетеді»
Біздің лагерде шығармашылық ахуал, барлық отрядтар суретшілер мен мүсінші болды. Олар қарапайым заттардан ерекше жауһарлар жасап шығарды (табиғи және керексіз материалдардан). Кейіптер сахнада салтанатты өтті және өз дарындылықтарын көрсетті.
Қатысушылар конкурсқа байсалдылықпен қарады және өте кербез көрінді.
Біздің лагерь «Үлкен қуыршақтар» театрының қонақтарын қабылдады. «Үлкен қуыршақтар дискотекасы шоуы» көңілді көрсетілімін көрді. Балалар өте риза болды және қонақтарды ду қол шапалақпен марапаттады. Шебер сабақтан және көңілді бағдарламадан кейін балалар пионербол ойынын ойнап уақытты жақсы өткізді.

«Із кесуші күні»
«Алақай, сапар! Іс кесуші күні жасасын!». Таңертеннен бастап лагерде шамамен, осындай сөз тіркестері естілді. Әр отряд өз сапар атауын және ұранын ойлап шығарды. Лагерде өте көп із кесушілер бар екен. Мектеп аумағында «Із кесушілер мерекесі» көңілді саяхат-ойыны өтті. Барлық отряд зерттеу жұмыстарымен айналысты. Мерекеміз достық туралы әндермен аяқталды. Зерттеуден кейін барлық отряд «Тачки-3» мультфильмін көруге Ш.Айманов атындағы кинотеатрға барды. Бұл күн көңілді, әрі қызықты өтті.

«Күншуақ қаласы қош бол!» лагерь ауысымының жабылуы
Міне, біздің ауысым күндері де білінбей өте шықты. Мектепте жазғы лагерь ауысымының жабылуын лагерь ұйымдастырушылары салтанатты концертпен жабуды шешті. Тамаша костюмдерді сүйсіне қарадық. Балалар ән салды, би биледі және көңіл көтерді. Лагерь ауысымы аяқталды аяқталды, бірақ жаз жалғасуда. Демек, ойындар, әндер, ойын-сауықтар жалғасады…Балалардың пікірі бір ғана нәрсені айтады, әр күн-балалардың есінде мәңгі қалатын, жаңа өмір парағы.

