.
«Артық ғылым кітапта – ерінбе оқып көруге» — Абай.
- КІРІСПЕ
- ТАҢДАЛҒАН ТАҚЫРЫПТЫҢ КӨКЕЙКЕСТІЛІГІ
Қазақстанда білім беру және ғылымды дамыту бойынша жүйелік іс-шаралардың кешені жүзеге асырылуда.PISA, TIMSS, PIRLSхалықаралық зерттеулерінің білім беру сапасының деңгейін өлшеу үдерісіндегі бағыттардың бірі оқу сауаттылығы болып табылады.
Оқу сауаттылығы білім алушының өз мақсаттарына қол жеткізуүшін жазбаша мәтіндерді түсіну, пайдалану, ой елегінен өткізу және олармен жұмыс істеу, өз білімі мен әлеуетін дамыту, сондай-ақ қоғам өміріне қатысуретінде айқындалған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 21 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы барысында қазақстандық мектеп оқушыларының оқу сауаттылығының төмендігін атап өтті: «Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің оқушыларымызда оқу сауаттылығы дағдылары тиісті деңгейде дамымағанын көрсетеді. Сондықтан жоғары оқу мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі білім беру үдерісінің басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Оқуға деген қызығушылық, кітап арқылы қоршаған әлемді тану балаларда мектеп қабырғасынан қалыптасуы керек. Кітапхана осы қызығушылықтың орталығы, кітаптардың қызықты әлеміне жетелейтін бағыттаушы болуы керек».
Ғылыми зерттеулер деректері адамның кітапқа деген көзқарасы мектеп жасында қалыптасатындығын көрсетеді. Бүгінгі таңда мектеп баланың жадын дамытудан оның ойлау қабілетін дамытуға бағытталған, кітаптың рөлі күнен-күнге артып келеді.
Қазіргі әлемде адам өмір бойы оқуға мәжбүр. Өздігінен білім алу шарттарының бірі негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуы болып табылады. Негізгі құзыреттіліктер тізіміндегі басты орынды оқу құзыреттілігі алады.
- МӘСЕЛЕ
Мектеп оқушыларының оқуға деген қызығушылығының төмендеуі, әдебитке және оқуға деген қызығушылық қажеттілігі, мектеп бағдарламасына байланысты әдебиеттерді оқумен шектелетін білім алушылар санының жоғарылауы.
- ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ
Білім алушылардың оқу сауаттылығы деңгейін және оқуға қызығушылықтарын жоғарылату.
- ЖОБА МІНДЕТТЕРІ
- оқу қажеттілігін және оқуға деген қызығушылықты дамыту;
- оқу құзыреттілігін дамыту;
- оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;
-
отбасылық оқу дәстүрін жаңғыртуға баулу.
- КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
Білім алушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру және оқу сауаттылығы, зияткерлік деңгейлерін дамыту.
Білім алушылар оқуды білім алуды және өздігінен білім алуды, көкейкесті және перспективалы оқу шеңберін саналы жоспарлауды жалғастыру сияқты өздерінің алдағы жоспарларын жүзеге асыру құралы ретінде меңгереді.
Осы дүниеде әлемді және өзіңді тану арқылы жүйелі оқу қажеттілігі қалыптасады. Оқушылардың оқырмандық дамуында мектептің ата-аналармен қызметтестігін нығайту, ата-аналардың осы жобаны іске асыруға белсенді қатысуы аса маңызды.
