«E-learning» - Қазақстандағы электрондық оқыту жүйесі

Енді ата-аналар өз балаларының оқу үлгерімін ғаламтор арқылы тексеріп отыру мүмкіндігіне, ал оқушылар - үйде отырып оқу мүмкіндігіне ие болды. №36 -мектепте электрондық оқыту жүйесінің жобасына енді.
E-learning бүгінгі күні оқытудың басым түрлерінің бірі болып танылды, оны әлемнің көптеген елдерінде білім беру жүйесіне енгізілді. Электрондық жобаны ауқымды көлемде жүзеге асыру, Қазақстанда білім беру жүйесін одан әрі ақпараттандырудың алға өрлеуі болады.
E-learning (ағылш, тілінен қысқартылып алынған Electronic Learning) — электрондық оқыту жүйесі.
Бірнеше мағынасы бар:
- дербес компьютерді, КПК, ұялы телефонды,DVD-таспаны, теледидарды қолданып электрондық материалдармен жұымс;
- алыстағы оқытушыдан консультациялар, кеңестер, баға алу, қашықтықтан өзара әрекеттесу мүмкіндігі;
- виртуальдық ортақ оқыту қызметін жүргізетін тұтынушылардың (әлеуметтік желі) бөліп таратылған бірлестіктерді құру;
- электрондық оқыту материалдарын тәулік бойы уақытында жеткізу;
- электрондық оқыту материалдарын және технологияларына стандарттар және мамандандыру, қашықтан оқыту құралдары;
- инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеру және тарату, оларды оқытушыларға беру;
- оқытудың веб-ресурстарын дамыту мүмкіндігі;
- әлемнің қол жетімді кез-келген жерінен кез-келген жерінен және уақытта жаңа заманғы білім алу мүмкіндігі;

e-learning технологиялары дидактикалық негізделген педагогикалық үрдіске енгізуге болады. Осы технологиялар арасында ғаламтор-платформаларын (виртуальдық оқыту құралы): виртуальдық сыныптар, оқытушының оқыту сайты; пікірталас форумдары, блогтар; әлеуметтік желілер, ғаламтар-телефон бағдарламаларын (Skure тәріздес) атап айтуға болады.
е-learning технологиялары білім беру үрдісін жасауға мүмкіндік береді:
- қолайлы және жайлы;
- дербестендіру;
- интерактивті.
e-learning технологиялары — оқыту үрдісін дербестендіруге, оқыту екпінін таңдауға мүмкіндік беретін оқыту ортасы. Оқушы өзінің өздік жұмысын дербес компьютердің, ноутбуктың, ұялы телефонның көмегімен ұйымдастыра алады. Оқушының өздің жұмысының көлемін ұлғайту ақпараттық технологиялар есебінен оңтайландыруға мүмкіндік береді. "E-learning" электрондық оқыту жобасының тұсау кесері болды, сонымен қатар жабдықтарды жеткізу басталды.
