Павлодар қаласы әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 12 шілдедегі
№ 12-1-187 тіркелген
Павлодар қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы
№ 914/19 қаулысы
Павлодар қаласының
жергілікті атқарушы
органдарымен көрсетілетін
мемлекеттік қызметтердің
регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi N 745 «Жеке және заңды тұлғалаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес, мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету мақсатында,Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған бекітілсін:
1) мемлекеттік қызмет көрсетулердің регламенттері «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыздандыруға арналған құжаттар ресімдеу»;
2) мемлекеттік қызмет көрсетулердің регламенттері «Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйге тегін тасымалдауды қамтамасыз ету».
2. «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны белгіленген тәртіпте әділет органдарында тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3.Осы қаулының орындалуын бақылауқала әкімінің орынбасары А. М. Қанафинвға жүктелсін.
4.Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі О. Қайыргелдинов
Павлодар қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 15 маусымдағы
№ 914/19 қаулысы
«Жетімдерді, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы регламент (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 140 қаулысымен бекітілген «Жетімдерді, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) әзірленді және аталған қызмет көрсету тетіктерін анықтайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі: автоматтандырылмаған
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 115-132 баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы «Адамдардың бала асырап алуына, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» № 842 қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттiк қызмет «Павлодар қаласы бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрі - Бөлім) көрсетіледі, орналасқан мекенжайы: Кривенко көшесі, 25, pavl-goo@yandex.ru.
5. Жетімдерді, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабы мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтаудың нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – Тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап отыз жұмыс күнін (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды;
2) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды;
3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
9. Мемлекеттік қызмет Бөлім ғимаратында Тұтынушының тұратын жері бойынша белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 09.00-ден 18.00-ға дейiн, түскi үзiлiспен, сенбi, жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi.
10. Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес толтырылған бланкілер, нысандар, мемлекеттiк қызметтi алуға арналған өтініштер мен өзге де құжаттар Бөлім маманына тапсырылады.
11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы Бөлімге немесе Орталыққа Стандарттың 11-тармағында белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырады.
Құжаттар көшiрмелерiмен және түпнұсқаларымен салыстыру үшiн берiледi, кейiн түпнұсқалар Тұтынушыға қайтарылады.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi
iс-әрекет (өзара iс-қимыл) тәртiбi
12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық құжатты тапсырғанда Тұтынушыға мемлекеттiк қызметтi қабылдаған күнi көрсетiлiп, барлық құжаттарды алғандығы туралы қолхат беріледі.
13. Тұтынушы Бөлімге жеке өтiнiш бiлдiргенде қызмет көрсету нәтижесi берiледi.
Егер, тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде өтiнiш бiлдiрмесе, Бөлім қаралған құжаттарды және дайын анықтамаларды екi ай бойы сақтайды.
14. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтатуға немесе бас тартуға негiз бас тарту себебiн көрсетумен жазбаша негiздемелi жауап стандарттың 16-тармағында көрсетiлген талаптарды бұзу болып табылады.
15. Бөлімге өтiнiш бiлдiргенде мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi -ҚФБ) қатысады:
1) қорғаншы және қамқоршы бөлімінің маманы;
2) бiлiм беру бөлiмiнiң бастығы.
16. ҚФБ iс-әрекетiнiң ретi осы Регламенттiң 1-қосымшасына сәйкес келтiрiлген.
17. Iс-әрекеттiң және ҚФБ-iнiң логикалық ретi арасындағы өзара байланысты көрсететiн сызба осы регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн
лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi
18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiн бұзғаны үшiн лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген тәртiпте жауапты болады.
