Мектеп кітапханасының меңгерушісі- Куценко Людмила Александровна, 1959 ж.т., білімі- жоғары– Куйбышев мәдениет институты,кітапханашы, жұмыс өтілі-27 жыл. Санаты- жоғары, мамндығы– жоғары біліктілігі бар кітапханашы – библиограф.
№ 36 ЭБЖОБББМ кітапханасы 1976 жылдан бастап жұмыс істейді. Ескі ғимараттың екінші қабатында орналасқан және оқулықтар мен кітаптарға арналған кітап қоймасы және абонементпен қосарлы оқу залынан тұрады. Жалпы ауқымы 81 ш.м. құрайды, отырғызу орны – 24.
Кітапхананың салалық, көркем және оқу әдебиеттің үлкен кітап қоры бар. Жалпы қор 60594 дана., салалық -29354 дана., оқу - 31240 дана құрайды. Мемлекеттік тілдегі кітап қоры 6044 дананы құрайды.
Кітапхана өзінің оқырмандарына мерзімдік баспалар – 20 атаулы журнал мен газеттерді ұсынады, оның ішінде мемлекеттік тілде 10.
Кітапхана оқырмандарының саны 1131 құрайды – бұл оқушылар, мұғалімдер, техқызметкерлер. 1-4 сынып оқушылар жалпы саннан 446 адамды, 5-9 сыныптан 462 адамды, 10-11 сыныптан 92 адамды, мұғалімдер мен техқызметкерлер – 131 адамды құрайды.Оқу жылының қорытындысы бойынша кітапханаға келу - 15351, жылдық кітап беру- 30498 кітап.
Жақсы ұйымдастырылған және ыңғайлы орналасқан кітапхана мектептің табысты қызметінің шешуші алғышарты болып табылады. Кітапхана мектептің жүрегі мен миы, бірлескен жұмыс үшін күнделікті кітапханашы мен мұғалімнің, оқушының кездесетін, өздігінен білім алуға, ізденуге, білімге қажеттілікті тәрбиелейтін орны болуға бейімделген. Кітапханада баспа өнімі түрінде негізгі әлеуметтік мәдени байлықтың барлығы жинақталған: кітаптар, журналдар, газеттер. Салалық әдебиет кітап қоры 60594 дананы, оқу қоры —31240 дананы құрайды. Кітапхана анықтама басылымдарымен жақсы жинақталған: энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар, әсіресе балаларға арналған. «Мен әлемді танимын» сериясындағы энциклопедиялар, «Аванта +» және «Росмэн» баспа басылымдары, «Бұл не, бұл кім» балалар энциклопедиясы, «Балалар энциклопедиясы» 22 томда, Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясы оқушылармен оқу мақсатында, сондай-ақ ой-өрісін кеңейту үшін қолданылады. Оқушыларға көркем әдебиет қоры қазақ, орыс және шетел классиктарының шығармаларымен, заманауи авторлармен, фольклорлы басылымдармен және «Балалар ұжымы», «Ужастик», «Қыздарға арналған романдар» сүйікті балалар серияларымен ұсынылған.
Үлкен қызығушылықты мерзімдік басылымдар танытады. Кітапхана «Дружные ребята», «Звезда Прииртышья», «Казахстанская правда», «Сарыарқа Самалы» және «Балдырған», «Айгөлек», «Вундеркинд КZ», «Мектепте сыныптан тыс жұмыс», «Педкеңес», «Сынып жетекшінің анықтамасы» журналдары және т.б.. Мектеп кітапханасы - бұл мектеп оқушылары үшін ең бірінші ақпараттық орталығы. Мектеп кітапханасында 6 компьютер және МНУ орнатылған (принтер-ксерокс-сканер).
Кітапханада әдебиет талғамын оқу және дамыту өрісін қалыптастыру жолдары ең алуан: кітапханаға келген кезде оқырмандармен оқығандары туралы әңгімелесу және күнделікті ұсыныстық әңгімелесулер (кітапханашы мен оқырманның арасындағы диалог), кітап көрмелерін ұйымдастыру, кітапхана сабақтарын, әңгімелесулерді өткізу. Оқуға деген қызығушылықты, кітапқа деген қатынасты қалыптастыру, оқырмандарды тарту, оларды қызықтыру мақсатында кітапханада түрлі іс-шаралар өткізіледі - әдебиет сағаттары, викториналар, «әдебиет үзілістері», кітап бойынша саяхат және т.б.
