Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: 40school@mail.ru
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда3018113
Бір айда279280
Бір аптада61859
Кеше4171
Тәулік708
Шағын орталық туралы

Қош келдіңіздер!

   Мектеп жасына дейінгі балалардыбілім берумен және тәрбилеумен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» республикалық бағдарламасын игеруге байланысты 2010 жылы мектебімізде «Балақай» шағын орталығы жұмысы ұйымдастырылды.
   Шағын орталықтың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту және олардың ата-аналарына кеңес беру, әдістемелік қолдау көрсету.
Шағын орталықтың негізгі міндеттері:
      1. Балалардың денсаулығын нығайту және сақтау.
      2. Балаларды ерте әлеуметтенумен қамтамасыз ету.
  3. Жеке мүмкіншіліктерін ескере отыра балалардың танымдылығын, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық, дене бітімі, ақыл-ойын дамыту.
   4. Ата-аналармен психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ағарту жұмысын жүргізу.
    Шағын орталық мемлекеттік стандарт талаптарына сай мүлікпен, ойыншықтармен, жаңа жиһазбен, техникалық құралдармен жабдықталған. Күн тәртібі балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отыра құрастырылған. Оқу сабақтары, ұйқы, күніне үш рет тамақтану, серуендеу және ойын қызметін кезектестіру балалардың дене бітімінің және ақыл-ойының дамуына оңтайлы әсер етеді.