Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Ата-аналар, сіздер үшін!
 
 
 
"Баланы ақылды және шешім қабылдағыш етіп жасағыңыз келсе, ол мықты және дені сау болсын: ол жұмыс істейді, әрекет етедіі, жүгіреді, айғайлайды, мейлі ол үнемі қозғалыста болсын!"
 
Жан-Жак Руссо
 
Ата-аналарға:
 
 
Ойын бала өмірінде

 

Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?
Абай Кұнанбаев

Ойын – баланың мектепке барғанға дейінгі ең басты жұмысы. Түрлі ойын баланың рухани және дене күші жағынан, танымдық үрдістері, эстетикалық талғамы жағынан жетілдіреді, тәртіптілікке шақырады, айналасын тануға көмектеседі. Бала ойында күштілік, шапшаңдық, төзімділік, айлакерлік сияқты дене қасиеттеріне дағдыланады, денсаулығы нығаяды.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл- әрекеті-ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.Ойын үстінде ақыл-ой міндеттерін шеше отырып, бала өз еркімен есте сақтауға және қайталап айтып шығуға, жалпы белгілері бойынша заттарды немесе құбылыстарды жіктеуге, заттардың қасиеттері мен сапаларын бөліп көрсетуге, жекелеген белгілеріне қарай оларды анықтауға жаттығады, ойлау қызметінде арттырады.

Баланың ақыл ойын дамытудағы дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойындар болып табылады. Осы мақсатпен ойыншықтар, суреттер, түрлі заттар таңдап алынады. Осы заттардың барлығы түрлі түсті және сапасы түрлі материалдардан жасалған, бала қолының шамасы келетіндей болуы тиіс.

Ойынның дамуын көп жағынан, балалардың ақыл-ой белсенділігінің қарқыны, олардың ойын әрекеттерін азды көпті ойдағыдай орындауы, ережелерді игеру дәрежесі, олардың эмоциялық әсерленуі, ойынға еліктеу дәрежесі шешеді.

Түзету кабинетінде балаларды ойын арқылы бақылап, түзету және ойын арқылы баламен қарым –қатынасқа түсе аламыз.

 
Түстер-күлкі терапиясыКүлкі терапиясы
Қазіргі таңда әлемде гепотология деп аталатын жаңа ғылым пайда болды. Басқа атауы – күлкі терапиясы. Бұл ғылымның кеңінен зерттелетін жөні бар. Себебі, күлкі адам ғұмырының ұзақ болуына ықпал жасап қана қоймай, ағзаға оң пайдасын тигізеді. Күлкі иммунитетті күшейтеді. Калифорния университетінің ғалымдары күлкінің иммунитетті жақсартып, адам ағзасын қорғайтынын дәлелдеген. Күлген кезде стресс гормондарының деңгейі төмендеп, түрлі вирустарға төтеп беретін Т-лимфоциттерінің көлемі ұлғаяды. Сондай-ақ, ғалымдар күлкі адам ағзасындағы рак клеткаларының пайда болуына жол бермейтіндігін анықтады. Гепотология ғылымын зерттеп жүрген невролог-дәрігер Уильям Фрайдың айтуы бойынша күлкі тыныс алу жолдарындағы қан тамырларының жұмысын жақсартып, адамды сабырлы болуға итермелейді. Жүзінен күлкі кетпейтін жандар басқаларға қарағанда стресс пен депрессияға сирек шалдығады.Әрдайым күліп, көңілді жүретін жандардың қабағы қатыңқы жандарға қарағанда жүрек ауруларына ұшырау ықтималдылығы 40%-ға төмен. Күлкі адам ағзасындағы қан айналым жүйесін жақсартады. Адам баласы күлген кезде ағзадағы бұлшықеттері қимылдап, жүрек соққысы ұлғаяды.
 
Күлкі адам ағзасын тазартады. «Ішек түйілгенше күлу» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Адам күлген кезде оның бұлшықеттері қозғалады. Бұл қозғалыс ішкі құрылыстардың жұмысын жақсартып, ағзадағы зиянды қалдықтардың сыртқа шығуына ықпал етеді.
Сұлу болам десеңіз әрдайым күліп жүріңіз! Кейбір жандар бетіме әжім ерте түсіп кетеді деп көп күлмеуге тырысады. Мұның барлығы бекершілік! Адам күлген кезде оның бет-жүзіндегі қан айналым жүйесі жақсарып, тері қабаттары жұмысарады. Егер де адам баласы үнемі мұңайып жүретін болса, оның бет терісі өз әсемдігін жоғалтады.
 
Ғалымдардың айтуы бойынша, 40 минут демалыс уақыты 5 минут күлгенмен бірдей. Шаршап-шалдығып, көңіліңіз құлазып жатса, күлуді ұмытпаңыз.
Күлу үшін міндетті түрде комедиялық жанрда түсірілген кино көру немесе көңілді ортада жүрудің қажеті жоқ. Тіпті, жалғыз қалсаңыз, қызықты видео көріп, сатиралық шығармалар оқыңыз. Құрбыңызға хабарласып, оған соңғы рет естіген әзіл-оспаққа толы әңгіме-аңыздарды айтып беріңіз. Ең бастысы, күлкінің денсаулығыңызға тигізер мол пайдасы бар екенін естен шығармаңыз!
 
 
Тілдік жаттығулар

 Сөйлеу кезінде пайда болатын тілдік тыныс алудың маңызына ерекше көңіл бөлген жөн. Сөзіміз түсінікті болуы үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік: алақаныңызды ауызыңызға жақындатыңыз және кез келген бір дыбысты

айтыңыз. Сіз ауа ағымы алақаныңызға тигенін сезесіз. Тыныс алып дем шығарғанда дыбыс шығады, ал дыбыстар тілдік ағымға қосылады, бірнеше дыбыстан сөз, әрі қарай сөйлем туындайды және осының бәрін анық не көмескі, жәй не қатты айтуға болады.

Демек, айтылған сөз дәлдігі, тазалығы және әсерлілігі тілдік тыныс алуға байланысты. Сондықтан да тілдік тыныс алуды басқара білуге үйрету қажет. Осы орайда тыныс алу гимнастикасы бойынша арнайы жаттығуларды ұсынуға болады.

Тыныс алу жаттығуларының мақсаты баланың тілдік тыныс алуын дамыту.

Алғашқы жаттығулар дене бітімін дұрыс қалыптастыруға бағытталады: тілдік тыныс алу өз жолында бұлшықет кедергілеріне, қыспаққа түспеуі тиіс.  Егер біз иық және мойын бұлшықеттеріне қысым түсірмей, басымызды тік және еркін ұстап, дұрыс тұрсақ, онда еркін тыныс алып, сөйлей аламыз. Сондықтан да ең алдымен сымбаттылық әліппесіне көңіл бөліңіз.

Балалар тілдік тыныс алу барысында дем алудың қысқа, дем шығарудың ұзағырақ боларын түсінуі тиіс. Бірқатар жаттығулар тілдік тыныс алуды ретке келтіруге көмектеседі: сөзді, сөйлемді дұрыс айту үшін

ауаны үнемді «шығындауға», үзіліс кезінде жұмсақ, естіртпей ауа «жинауға»,

жеңіл, әрі шынайы тыныс алуға үйретеді.

Осы жаттығулардың негізі – тыныс алуды реттеу, яғни дем жұтып, дем шығаруды дұрыс

кезектестіре білу, ерікті түрде ақырын дем шығара білу.

 Алдымен дұрыс дем алу және дем шығаруға үйретеміз:

-        мұрынмен дем не ауа жұту – ауыз арқылы дем шығару,

-         қысқа терең дем алу

– ақырындап дем шығару,

-         ақырын терең дем алу – қысқа шұғыл дем шығару

Тыныс алу жаттығуларын жақсылап желдетілген бөлмеде және сабақтың бастапқы сәтінде

өткізген жөн. Балалар тұрып, қымсынбай-қысылмай денесін тік ұстайды.

Жаттығуларды орындау үшін ауаны мұрын арқылы жинап, ал шығарғанда алдымен беске

дейін (хормен) санаймыз, кейін біртіндеп (сабақтан сабаққа, жаттығудан жаттығуға

көшкенде) санауды онға дейін ұлғайтамыз. Кері санауға да болады.

Егер тыныс алу жаттығулары ойын элементінен тұратын болса (яғни, жеңімпаз анықталса), онда жаттығу жүргізушінің (тәрбиеші ғана емес, жаттығудың орындалуын дұрыс түсінген бала да жүргізуші болады) белгісімен орындалады. Тәрбиеші балалармен бірге жаттығуды бір мезетте бастауы үшін қолданылатын белгілерді (жаттығудың басталуы – жүрісі  - аяқталуы) алдын-ала келісіп алады.

 

 

БАЛАНЫҢ   ТІЛІН  ДАМЫТУҒА  АРНАЛҒАН  ОЙЫНДАР

 

1. Ойын "Интервью". Алдымен балаларды  жаңа сөздермен таныстыру керек.

Интервью –газет, теледидар немесе  радиодан берілетін  сұхбат әңгіме.

Тілші – сұрақ қойып отыратын кісі. 

Респондент – сұраққа жауап беретін адам.

Балаларды микрофонға нық сөйлеуге үйрету керек. Ол үшін  балаларды 10 дейін өсу, кему ретімен санауды ұсыныңыз. Сосын балаларға рөлдерді бөліп беріңіз. Мүмкін болатын тақырыпты  талқылаңыз.

Тілшілер сұрақ бастайды. Сосын әңгімені  ұжым боп тыңдап,  талқылайды.

    Мүмкін болар тақырыптар: театрға  барғанын,  көрген  қойылымды талқылау; мерекені талқылау; суреттер көрмесін,  қызықты кітапты, аптада болған ең қызықты оқиғаларды.  

Ойын нұсқалары: 1) мұғалім балалардан интервью алады, 2) балалар мұғалімнен интервью алады, 3) ата-аналар интервью алады, 4) балалар ата-аналардан интервью алады.

2. Ойын "Суретті  жұмбақтар".

Балалардың арасынан бір бастаушы таңдалады, қалғандары отырады.  Тәрбиеші үлкен қораптан кішкентай неше түрлі

суреттері бар карточкаларды бір-бірден алып шығып, суреттегі бейнені  сөзбен сипаттап жасыруды    ұсынады.

Бастаушы суретті карточканы алып, балаларға көрсетпей, ондағы  бейнені, затты сипаттап, суреттейді. Балалар түрлі жауаптар айтып, не бейнеленгенін тауып алу керек.

Дұрыс жауапты айтқан бала ойынды жалғастырады.

 3. Ойын "Ойыншықты ата".

 Әр бала  өзімен бір ойыншық ала келеді.  Бір

бастаушы тағайындалады. Ол 3-5 минутқа сыртқа шыға тұрады. Ол жоқта мұғалім балалармен бір оқиға  құрастырады.  Ол оқиғада негізгі кейіпкер  балалардың әкелген бір ойыншығы болады.

   Барлық ойыншықтарды орындыққа тізіп қояды. Бастаушы баланы шақырады. Балалар оған ойдан шығарған оқиғаны ретімен айта бастайды. Бірақ кейіпкердің атын атамай.

Оны тек есімдіктермен ғана атайды. Оқиға 3-5 минутқа ғана болуы керек.

Бастаушы  оқиғаның  негізгі кейіпкерін ойланып, тауып алу керек.

  Егер  бастауыш дұрыс тапса, ойын жалғасады. Егер бала кейіпкерді таба алмай жатса, онда балалар

оқиғаны   толықтыра түседі, бастаушы  көмек ретінде.

4. Ойын  "Сөйлем құрастыр". 

Тәрбиеші лотодан  суретті  2 карточканы топқа ұсынады. Балалар  жарты шеңберге отырады.  Кезекпен әрбіреуі суретке қатысты сөйлем  құрастырады. Сосын басқа 2 сурет көрсетіледі. Оларға да балалар сөйлем құрастырады. 

 

Ескерту:

1. Балаларды  ерекше, өзгеше сөйлемдерді құрауға  жетелеңіз.

2. Егер балалар берілген екі сөзбен сөйлемдерді шапшаң құрап жатса, онда

суреттердің санын асырыңыз. Мысалы, үш, төрт карточка алыңыз.

 Бұл ойынды ата-аналар да баламен жеке жұмыс жасау есебінде алуларына болады.Баламен жарыс ұйымдастыруға да болады. Әрине, баланы жеңіске шығаруды көздеу керек.

5. Ойын  "Қарамақайшылық".

Тәрбиеші балаларға бір сурет көрсетеді. Суреттегі бейнеленген затқа қарама-қарсы мағынада  сөз айту керек. 

Мысалы,  суретте «доп», балалар « тақта» дейді. (доп дөңгелек, тақта жазық)  «күн» (допты адам жасайды,  күн табиғаттың бір бөлігі) т.с.с. 

Әр бала өзінің  жауабын айтады, міндетті түрде  неге ол жауапты таңдағанын  түсіндіру керек.

 

Ескерту: бұл ойын баламен жеке жұмыс жасауға да тиімді.

6. Ойын "Көпір".

    Тәрбиеші заттарбейнеленген  суретті карточкаларды  кезекпен көрсетеді. Балалар 

екі суреттің арасындағы байланысты орнататын бір сөз ойлау керек.  Ол сөз  екі затты «байланыстыратын көпір» секілді . Әр бала кезекпен жауап береді. Баланың жауабы негізделген болуы керек.

Мысалы, екі сөз беріледі:  «қаз» және «ағаш».  «Байланыстыратын көпір» қызметін мына сөздер болуы мүмкін:  «ұшты» (қаз ағаштан ұшты). «ойды, кесті» (ағаштан қаз ойды). «тығылды» (қаз ағаштың артына тығылды)

т.б.  

Ескерту: бұл ойынды баламен жеке жұмыс жасауға да қолдануға болады.

7.     Ойын "Қадамдар. (Кім тез жетеді...)»

Бұл ойын арқылы баланы  жарыстыра отырып  оның тіл байлығын, сөйлеу тілін жетілдіруге болады.

Ойыншылар қатар тұрып,  мәренің қашықтығын белгілейді. (арақашықтық 8-10 қадам) Әр қадамға тақырып таңдалады. Мысалы,  "Әдепті сөздер".  Әр бала әдепті сөз айтса ғана  қадам жасай алады.

Ойлануға  бір минут қана беріледі.  

Басқа тақырыптар: "Барлығы дөңгелек", " Барлығы  ыстық", "Барлығы дымқыл". "Анаға арналған жылы сөздер", "Мейірімді сөздер"  және т.б. 

Келесі  нұсқа : Балалар бір-біріне қарама-қарсы  жұппен тұрып  қадам жасайды.  Ойын шарты солай,  тек сөзд айтқаннан кейін ғана  қадам жасайды.

7. Іздеу!

Байланыстыра  сөйлеуін, зейінін, байқағыштығын дамытамыз.  Бұл ойынға 5 адам қатысады.  Әйтпесе қызық

болмайды.  Мұғалім былай дейді:  Мен  (құрбымды) досымды іздеп

жүрмін.  Оның көзі көгілдір, шашы ұзын, қою қара,  ол мысықтарды

жақсы көреді, ал сүтті  мүлдем  ұнатпайды. Кім бірінші қай бала туралы сөз болғанын  тауып алады,

Кішкентай балалар ойнағанда, киімдерін де сипаттауға болады.

 
 
 
Дәрумендердің рөлі
  

Дәрумендер – бұл майда немесе суда еритін, ағзаның қалыпты өсіп, қызмет етуі үшін қажетті, сондай-ақ өсімдік және жануарлар тегінің тамақ өнімдерінен табиғи жолмен алынатын органикалық заттар. 

Дәрумендер жаңалығы медицинада үлкен рөл ойнады. Оның арқасында, қырқұлақ, мешел, ақшам соқыр тәрізді жақын арада белең алған жаппай аурулардың себептері анықталды. Қазіргі уақытта әрқайсысы белгілі бір фармакологиялық әсерге ие 13 дәруменге деген қажеттіліктің бар екені мәлім болды. Дұрысы тамақ өнімдерінде кездесетін дәрумендерді қабылдаған жөн. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынғандай, күніне жеміс-жидектер мен көкөністердің кем дегенде 5 порциясын қабылдған дұрыс: екі жеміс-жидек порциясы және үш көкөніс порциясы. Мұндай мөлшерде ағза қажетті дәрумендер мен минералды заттарды ала алады. Түрлі түсті жеміс-жидектер мен көкөністер болса, тіпті жақсы болады.

Сонымен қатар, дәрумендерді қолдану оларға дәрі-дәрмек ретінде қарауды талап етеді және клиникалық әрі ғылыми негізде болуы тиіс. Дәрумендердің симптомсыз тапшылығы денсаулық жағдайының созылмалы нашарлауына әкеліп, инфекцияларға деген бейімділікті тудырады деген пікір бар. Бұл дәруменді дәрі-дәрмектерді көп тұтынуға әкелді, ал оның пайдасы плацебодан артық болмаса, кем емес. Сондай-ақ, дәруменді дәрі-дәрмектер ересектер, балалар, жүкті әйелдер және емізуші әйелдер үшін де мүлдем қауіпсіз деген пікір қалыптасқан.

Бірақ шынымен де солай ма? Бұған «дәлелді медицина» және дәрі-дәрмектер туралы дәйекті ақпарат көздері жауап береді. 

A дәрумені -Ретинол   

А дәрумені көру үшін қажетті болып табылады, және ретин қышқылына түрленген кезде, терінің денсаулығы мен сүйектің өсуі үшін қажет болып табылады. А дәруменінің тапшылығы әлемнің кедей жерлерінде көптеп кездеседі және ақшам соқырлықты, инфекцияларға деген жоғары бейімділікті, әсіресе қызылша мен диареяны тудырады. А дәрумені сары немесе қызыл жемістер мен көкөністерде, әсіресе сәбізде (каротин) кездеседі. Ол майда ериді, сондай-ақ балық майында және бауырда кездеседі.

Ретинол ұрықжолдас арқылы шектеулі мөлшерде енеді. Балаларда, жүктілік кезіне ретинол дозасын көп қолданған аналарда даму кемістіктері (несеп шығар жолдары, өсудің баяулауы және т.б.) болуы мүмкін

В1 дәрумені – Тиамин

В1 дәрумені Тиаминді нан, жарма мен макарон өнімдері, шошқа еті, жұмыртқа, асбұршақ, бадана және соя бұршағы тәрізді өнімдерден алуға болады.

Тиаминнің тапшылығы негізгі тағам мөлшері күріштен тұратын елдерде байқалады.

В1 дәрумені маскүнемдік кезінде жүйке жүйесі бұзылғанда қажет. Альцгеймер ауруын емдеуде тиаминді тағайындау қажеттігінің тиімділігі расталған жоқ.  

B2дәрумені- Рибофлавин

В2 дәруменінің қайнар көзі сүт, ірімшік, жапырақты көкөністер, бауыр, бүйрек,бұршақ өсімдіктері (асбұршақ пен бадана), саңырауқұлақтар және бадам болып табылады.

Рибофлавин жасуша зат алмасуын реттеуге көмектеседі және көбінесе көмірсу, амин қышқылы және майдың зат алмасу жүйелеріне қатысады. Рибофлавиннің тапшылығы жалпы басқа дәрумендердің тапшылығымен байланысты. Жеке тапшылық ретінде сирек байқалады. Рибофлавиннің тапшылығымен байланысты симптомдар бұл хейлоз, тілдік ауруы және майлы, кесінді тәрізді тері бөртпелері тәрізді дерматологиялық көріністер. Көз тұсында аурулар пайда болып, ақшам соқырлық пен шел туындауы мүмкін.

Рибофлавин қызғылт сары және қызыл өнімдерге арнайы түстік қоспа ретінде пайдаланыла алады, оның орнына Еуропада Е  нөмір Е101 деп белгіленеді.  

В3 дәрумені – Никотин қышқылы немесе Никотинамид

В3 дәрумені (РР) жануар тегінен жасалатын өнімдерде, әсіресе, тауықтың, күркетауықтың, қойдың етінде, албыртта және тунецте жиі кездеседі, сондай-ақ жемістер мен көкөністерде аздап кездеседі. Никотин қышқылы холестерин деңгейін азайта алатын қасиетке ие және гиперлипемия кезінде пайдаланыла алады. В3 дәруменінің тапшылығы пеллаграны тудырады, ол дерматитпен, диареямен және күйзеліс пен деменция тәрізді психикалық жағдайдың өзгерістерімен сипатталады. Бөртпе мойынның төменгі бөлігінде гиперпигментациямен және терінің қалыңдауымен «алқа» тәрізді нысандағы зақым түрінде пайда болуы мүмкін.

Қазақстанда В3 дәруменінің тапшылығы созылмалы маскүнемдермен шектелуі ықтимал. Карциноидты синдром және Хартпан ауруы тәрізді сирек кездесетін жағдайларда пайда болуы да мүмкін. 

В6 дәрумені  - Пиридоксин

Пиридоксин көптеген жағдайларға арналған зат ретінде тылсым дәрежеге ие. Дегенмен де, мәлімдемелердің көбі дәлелдерге сүйенбейді. Бұл дәрумен көптеген өнімдердің құрамында бар, сондықтан оның тағам мөлшеріндегі тапшылығы сирек кездеседі. Күніне 100 мг-ден аспайдын доза етек кір алдындағы синдром кезінде көмектесе алатынын растайтын дәлелдер бар.

Асқазан мен он екі елі ішектің жарасында сақтықпен қолдану қажет! 

В12 дәрумені – Цианокобаламин

В12 дәруменінің қайнар көзі ет (әсіресе бауыр), сүт, жұмыртқа және балық болып табылады. Дәруменнің тапшылығы қатаң вегетариандарды қоспағанда, сирек кездеседі, бірақ В12 дәруменін сіңіру қатерлі қан аздығымен ауыратын және жаппай гастроэктомиядан кейінгі науқастарда жоқ «ішкі факторларды» талап етеді.

В12 дәруменінің тапшылығы мегалобластты анемияның себептерінің бірі болып табылады (басқа себебі – фолий қышқылының тапшылығы). Сондай-ақ, әдетте «жітілеу құрамалы жұлын дистрофиясы» деп аталатын невропатияны тудырады. В 12 дәрумені инъекциясының көп дозасын екі жағдайды да емдеу үшін пайдаланған дұрыс.

Гидроксокобаламин цинадитті байланыстады және цианидпен уланып қалғанда емдеу үшін пайдаланылады.

Созылмалы шаршау синдромын емдеу кезінде тиімділігі дәлелденген жоқ. Стенокардия, қатерсіз және қатерлі өскіндерде сақтықпен қолдану қажет.

С дәрумені  – Аскорбин қышқылы

С дәрумені балғын жемістерде, әсіресе цитрусты жемістерде және көккөністерде кездеседі.  С дәрумені коллагеннің түзілуі үшін қажет және тері мен қоысылс тінінің, сүйектердің, қан тамырларының және дентиннің тұтастығын сақтауға көмектеседі. Ол жараның бітуі үшін қажет және күйіктен кейін қалыпқа келуге септігін тигізеді. Сондай-ақ, темірді және құрамында темір бар кейбір заттарды сіңіруге ықпал етеді.

С дәруменінің тапшылығы қырқұлақты тудырады – ол тіндерге қан құйылумен және қылтамырлардың әлсіздігінен қылы иектің қанауымен сипатталатын жағдай. Бүгінгі таңда аталмыш ауру өте сирек кездеседі. С дәрумені тапшылығының аса анық емес симптомдарын нашар тамақтанатын егде жастағы адамдардан байқауға болады, сондықтан көбінесе аяқ пен құйрықта туындайтын тері өзгерістеріне аса назар аудару қажет. Тырнақтарда сынық тәрізді қан құйылу орын алуы мүмкін.

Емшекпен емізу кезінде, қарқынды өскен жағдайда, қарбалас жұмыс кезінде және салқын тигеннен болатын аурулардың алдын алу мақсатында тиімділігін дәлелдейтін жеткілікті деректер жоқ.

Бронх демікпесінің алдын алу кезінде; жоғары шаршау кезінде, «созылмалы шаршау» синдромында, асқазан-ішек жолдарының ауруларында, бүйрек үсті безінің жетіспеушілігінде, қан кеткен жағдайларда (оның ішінде қылы иектен, мұрыннан, жатырдан), бауыр ауруларында (А вирус гепатиті, созылмалы гепатит), анемияда, күйік жағдайларында, босаң бітуші жарада, сүйек сынған жағдайда тиімділігі дәлелденген жоқ.

С дәрумені қозғалыстың үйлесімін жақсартпайды, зияткерлік салаға әсер етпейді.

С дәруменінен аса сезімтал, қан диабетімен, несеп-тас ауруымен ауыратын науқастар үшін қарсы көрсетімге ие. Көп дозасын қабылдаған жағдайда: қан ұюға деген бейімділік артады.

Аскорбин қышқылы – күніне 5 граммнан асатын дозада ұрықтың құрсақ ішінде өлуіне әкеле алады.

Д  дәрумені - Кальциферол

Д дәруменінің тапшылығы балаларда мешелді, ал ересектерде – сүйек жұмсаруын тудырады. Д дәруменінің қайнар көзі – күн сәулесі әсер еткен тері. Теріде Д дәруменінің тапшылығы күн сәулесі аз түсетін климатта тұратын, және күндізгі уақытта орынжайда  қалып, жұмыс істейтін адамдарда кездесуі мүмкін.  Өнімдердің көбінің құрамында Д дәрумені жоқ, немесе балық майын қоспағанда, тым көп мөлшері бар. Дегенмен де, маргарин, кейбір жармалар, және балаларға арналған сүт қоспалары тәрізді кейбір өнімдер Д дәруменімен байытылады.  

Д дәруменінің тапшылығы ішекте сіңіру үдерістерінің бұзылумен немее созылмалы бауыр ауруымен туындауы мүмкін. Д дәрумені кальциймен бірге кейде остеопорозбен ауыратын науқастарда, әсіресе олар үймен шектеліп қалған кезде және қарттар үйінде болған жағдайда тағайындалады.

Сөйтіп, дәрумендерді артық қолдану және/немесе орынсыз қолдану гипервитаминозға әкелуі мүмкін. Дәрумендерді орнымен қолдану және ғылыми негізде қолдану ғана дәрумендерді Сіздің денсаулығыңыз үшін еш қауіпсіз және артық қаржылай шығындарсыз пайдаланудан көбірек клиникалық пайда алуға мүмкіндік береді.

 
Жедел респираторлық вирустық инфекция
 
Жедел респираторлы вирустық инфекциялардың және тұмаудың алдын алу.


ЖРВИ – ең кең тарған барлық жұқпалы аурулардың 90%-ын құрайтын ауру. Бұл аурумен адамдардың бәрі ауырады, тек біреулер жиі, біреулер сирек ауырады.

ЖРВИдің таралуы қыста жиірек (вирустар бұл кезде белсендірек), жазда – сирегірек.

ЖРВИ-ды қоздыратын вирустар тыныс жолдарының: мұрын және көмекей, жұтқыншақ және брнхтардың, тіпті өкпенің эпителий жасушаларын зақымдайды. Вирустардың көптеген түрлері бар, олардың ішінде барлығымызға белглісі – тұмадың вирусы, сонымен қатар басқалары да бар, олар – парагрипптің вирусы, аденовирус, риновирус, реовирус және т.б., бұл вирустардың әрқасысының бірнеше түрі (парарипп – 4, грипптің вирусы оннан да көп) болады.

Қоршаған ортада вирустар тез жойлады, бірақ адамнан адамға ауа-тамшылары арқылы жұғады. Ауруды жұқтырғаннан кейін алғашқы белгілері пайда болғанға деін (инкубациялық кезең) аз уақыт өтеді –бірнеше сағаттан бастап (балаларда), төрт күнге деін.

Кез-келген респираторлы вирус бүкіл тыңыс алу жолдарын емес, тек белгілі бөлегін ғана зақымдайды. Вирустар тыныс жолдарының әртүрлі бөлімдерін талғап орналасуымен сипатталады.

Риновирус – мұрынның шырышты қабатында орналасады, парагрипп – көмей мен кеңірдекте, грипп - кеңірдек пен бронхта және т.б.


Жектілуі

ЖРВИ-дың негізгі түрлері, олардың өздеріне тән қоздырушылары бар.
  • Риновирустық инфекция. Ең негізгі себебі - салық тию. Көбінесе ауру женіл түрде өтеді және арнайы емнің қажеті жоқ.
  • Коронавирустық инфекция. Риновирустық инфекция сияқты, бірақ көпке созылмайды (6-7 тәүлік).
  • Аденовирустық инфекция. Аурудың бұл түрімен көбінесе блсалар, соның ішінде емшектегі нәрестелер ауырады. Жиі конъюктевиттің белгілерімен (көздің қызаруы, жас ағу, көзге құм түскен сияқты сезімнің пайда болуы) бірге жүреді.
  • Парагрипп. Тамақтың ауруы, дауыстың қарлығуы, қатты жөтелу – парагрипптің жиі кездесетін белгілері.

Тұмауды вирустың үш серотипіне қарай ажыратады: А,В,С. Олардың бір-бірінен айырмашалғы биологиялық және антигендік қасиеттерінде. Тұмау қоздырушысы, әсіресе А типті, өзінің қасиетінің өзгеріштігімен қайталанатын эпидемия толқындарын тудырады. А тұмауы – өте тұрақсыз және ылғм өзгеріп отыратындықтан эпидемия пайда болады. В тұмауының вирусы аса көп өзгермейді, С тұмауының вирусы тұрақты.

Аурушандылықтың келесі көтерілуіне, тұмау қоздырушыларының басым түрінің алмасуынан халықтың вирустың жаңа түрінен қорғаныссыз қалғандығы себепші болады.

Белгілері

ЖРВИ-дың міндетті түрде болатын белгісі – суық тию. Ол кезде адамның дене қызуы (38,50С) көтерілуі мүмкін, кейде аздап қана (37,50С) жоғарылайды, әлсіздік пайда болады. Сонымен қатар шырышты қабықтардың ісінуі байқалады – катаралды қөрініс: мұрынның бітелуі және/немесе мұрыннаң су ағу, тамақтың ауруы, көздің шаншуы, жас ағу, жөтел, кейде ұстама тәрізді «үргендей» құрғақ жөтел, қақырық түсуі мүмкін. Айта кету керек, ЖРВИ-дың тұмадан айырмашылығы, талаураған көрініс дене қызуының көтерілуімен бірге немесе одан да бұрын пайда болады. Бездердің шошуы жиі кездеседі – мойында, жақ астында, құлақ артында, желкеде ауыратын төмпешіктер пайда болады. Кейде аурудың жалғыз белгісі бездердің шошуы болып, баста бұру қиынға түсіп, үлкен қолайсыздық туғызады. Олар вирустардың организмге тигізетін уытты әсерін әлсіретеді. Гамма-глобудлинның артықшылығы оның жанама реакцияларының жоқтығы. Грипке қарсы гамма-глобулинді тек алғашқы үш күнде ғана қолданады.
Әдетте тұмау жедел басталады: қалтырады, дене қызуы 38-400С дейін көтеріледі, тершендік, бұлшық еттердің ауруы, бастың қатты ауруы, көзген жас ағу, қатты жөтел, тамықтың жыбырлауы, мұрынның бітелуі және т.б. белгілер пайда болады.

Тыныс жолдарының әрбір бөлімінің ауырған кездегі белгілерін ділетін дәрігер диагнозды нақты қоюмен бірге (жай «ЖРВИ» емес, нақты «ЖРВИ, бронхит» немесе «ЖРВИ, ларинготрахеит»), ауруды қандай вирус қоздырғанын да жорамалдай алады.

Жалпы хал-жағдайы өзгермесе де, мұрынан ағыл-тегіл су кетсе – ринит, яғни риновирус; дауысы қарлысқа, ауыртатын дөрекі жөтел пайда болса - ларингит, яғни парагрипп; дене қызуы өте жоғары жалпы хал-жағдайы айтарлықтай бұзылса, болар-болмас танау бітелсе, жиі құрғақ жөтел болса – бронхит, яғни тұмау және т.б.

Суық тию

ЖРВИ – жүқпалы ауру. Әлсіздік, танаудың бітелуі, жөтел және дене қызуының көтерілуі байқалса, адам «ЖРВИ» демейді, «не болды?» деген сураққа, сенімді түрде суық тиді деп жауап береді. Осы себептен, «суық тиді» және «жұқты» деген сөздердің айырмашылығын түсіндірейік, жиі айталатын «суық тиді» деген сөздің мағынасын көп адамдар біле бермейді.
Түсіндірме сөздікте СУЫҚ ТИЮ деген сөзді былай жазған – 1. Организмнің қаты тоңуы; 2. Қатты тоңудан болған ауру.
Бұл анықтаудың басты қорытындысы, суық тиюдің ЖРВИ-ға еш қатысы жоқ. Мұрнда, жұтқыншақта, бронхтарда организмнің қорғаушы күштері әлсіреген кезде ауруларды қоздыратын (сол баяғы фарингиттер мен тонзилиттер) микробтар (вирустар емес, бактериялар) жеткілікті. Қорғаныш күштерінің әлсіреуіне шамадан тыс тоңу, терлегіштік, жалан аяқ жүру, мөлшерден тыс денеге түскен ауыртапшылық, өтпе жел, суық су мүмкіндік береді. Ал ЖРВИ – ауырған адамнан ауруды жұқтырғаннан болады.