Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93
email: 25_school@mail.ru
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 65-55-93 Факс: 65-55-95
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
Бір жылда3063160
Бір айда311277
Бір аптада64376
Кеше9714
Тәулік2773
ҰБТ 2018 бойынша ақпарат

11-сынып оқушыларының  қорытынды аттестаттауға 

қатысты ережелермен таныстыру, өткізілген дайындық 

тестілеудердің нәтижелік  қорытындысына анықтама

 

Мақсаты: Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау.  Мұғалімдерді қорытынды аттесттату өткізудің жобасымен таныстыру. 11-сынып оқушыларының алдын-ала қорытынды аттесттаттауға дайындық тест нәтижелерін талдап көрсету.

 

Негіз:   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің Типтік ережесі» 2016 жылғы Жобасы, мектепішілк бақылау.

 

Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.

         Мектепте оқушыларды қортынды аттестаттауға дайындықты ұйымдастыру үшін оқу жылының басында арнайы жоспар құрылып, істелетін іс –шаралар белгіленді. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі  мен іздену шеберлігіне байланысты болғандықтан, әр пән мұғалімі өзінің жоспарын құрып,  дайындыққа бағытталған  әдістер мен тиімді технологияларды  таңдайды.

11-ші сынып топтамасы  -3, оқушылардың саны -65 (32-ұл, 33-қыз).   11 сынып оқушыларын мен пән мұғалімдерінің қорытыныды аттестаттауға дайындық сапасын арттыру мақсатында іс- шараларының жоспары құрылып  бекітілді.   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің Типтік ережесі» бойынша қорытынды аттестаттау өткізу мерзімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілейді. 11 сыныптарындағы білім алушылардың пәндер бойынша қорытынды бағасы жылдық және емтихан бағаларын ескере отырып орташа арифметикалық баға негізінде қойылады. Дау тудыратын жағдайда бағаны дөңгелектеу көтеру жағына жасалады.

Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:

1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 11 -сыныптарының білім алушыларына мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат етіледі;

3) үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 11 -сыныптың білім алушыларына олардың жалпы орта білімнің толық оқу курсын өткендігі туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін жалпы орта білімнің толық оқу курсын өткендігі туралы анықтама алған білім алушыларды мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат етіледі.

11 сыныптардың бітірушілерін мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және ол оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды емтихандар немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.

 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау: 

1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі бойынша) эссе нысанында жазбаша емтихан;

2) қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілінен тест тапсырмалары;

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;

4) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазба емтихан;

5) таңдау бойынша пәннен тест түрінде өткізіледі.

Таңдау пәндері: физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі), информатика.

11 (12)-сыныпта эссе жазуға - 3 астрономиялық сағат, алгебра және анализ бастамаларына (жазбаша) - 5 астрономиялық сағат бөлінеді.

Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар сол аяқталмаған қалпында тапсырады.

50. Кезекті емтиханнан «2» алған 9 (10) және 11 (12)-сыныптардың білім алушылары келесі емтиханға жіберіледі.

Биылғы жылғы ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша 9-11 сынып оқушыларын, пән мұғалімдерін және ата-аналарды «Достық» білім беру орталығының мамандары келіп арнайы түсіндірме жұмыстарын өткізіп, жоғарыда айтылған өзгерістермен толықтай таныстырды.

Сабақта кейінгі уақытта қосымша қорытыныды аттесттауға дайындық сабағының кестесі құрылып, мектеп директорымен бекітілді.ҰБТ-ға дайындық жұмыстарына  арналған қабырға бұрыштары ұйымдастырылған. Қабырға стендінде  қорытыныды аттесттатаудың ереже жобасы, дайындық сабақтарының кестесі, жұмыс жоспары, ата-аналар мен оқушыларға психологиялық  кеңес, әр аптада алынған дайындық тест жұмысының қорытындысы  ілінген.

 Әр аптаның сенбі күндері  сағат қорытыныды аттестаттауға дайындық тест  жұмысын жазады. Жазылған тест нәтижесімен коррекциялық жұмыстар  пән мұғалімдері тарапынан жүргізіліп, отырылады.Оқушылардың көпшілігі 5-ші таңдау пәніне тұрақталу қажет. Қазіргі таңдап отырған пәндері төмендегідей:

Физика-математика- 28 оқушы

Биология -химия- 14 оқушы

Биология -географияны – 2 оқушы

Тарих -ағылшын тілін- 18оқушы           

География-ағылшын тілі- 1 оқушы

 11а сынып оқушысы Қалқабаев Бауыржан  (тарих-ағылшын тілін таңдап отыр) – америкада Flexбағдарламасы бойынша оқиды. 11б сынып оқушысы Каирова Арайлым (ағылшын тілін таңдап отыр) үйде оқытылады.

Осы алынған тест жинағы бойынша  мектепішілік қорытынды аттестаттауға дайындық тест жұмысы өткізілді. Оқушылардың жіберген кемшіліктерін, ескере отырып, дайындық тест нәтижесі бойынша әр оқушымен жеке-дара жұмыс  түрін жүйелі жүргізуде.  Жасалып жатқан жұмыстың нәтижелі болуына ата- аналарды да қатыстыру.

Алдағы уақытта жалпы 11-сынып оқушыларына қалалық білім беру бөлімі «Достық» білім беру орталығына тест жинағына тапсырыс беруге сұраныс жасап,  алғашқы тест жұмысын өткізуді ұйымдастыруда.Сонымен қатар, қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен пән мұғалімдерінің шығармашылық тобын құрып, әрбір пәннен тест жұмыстарын құрастыруға тапсырма берілді.  

 

Ұсыныстар:

1.     Қорытынды аттестаттаудың нәтижесін көтеру мақсатында қосымша сабақтарда жүйелі түрде қайталау жұмыстарын жүргізу;

2.     Пән мұғалімдері оқушы қабілетін аша білетін оқу материалдарының тиімді жақтарын іріктеп,  қайталанған тақырыптардың оқушы есіне қалдыруға әрекет жасау;

3.     Сынып жетекшілері оқушылардың  қорытынды аттестаттауға дайындық сабақтарға толық құрамда қатысып, жауапкершілік  танытуын қамтамасыз ету;

4.     Пән мұғалімдері сабақты жан-жақты сапалы дайындалып,  оқушының білім олқылықтарын толықтыру мақсатында сабақ жүргізудің әдіс-тәсілдерін түрлендіру

 

Анықтама жазған:                               Г.Н. Ахметжанова