Әдістемелік сыр-сандық
АТА-АНАҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС.
Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың; жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысаныға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді. - Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту,бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптасыру. - Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету. - Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету. - Оқудың,білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдеп-дағдыларын қалыптастыру. - Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау. - Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру. - Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауға дайын болуға үйрету. - Бақылау, тексеру, бағалау. - Тәртіптікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т. б. баулу. Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС
Құрметті ата-аналар сіздерге осы психологиялық тренингін ұсына отырып сәттілік тілейміз. Бұл тренинг жұмысын барлық отбасы мүшелерімен өткізсеңіз тамаша болады деп сенеміз. Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс. Қажетті нәрселер: ақ қағаздар (А4) фломастерлер,қалам,май шам,ватман қағаз, шар. Тренинг бағдарламасы: Психолог: Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол,тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. «Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық. Тренингтің шарты :«Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана баласымен бірлесе отырып, отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы бақыты сөздер арқылы жеткізу керек. Ол қандай жанұя?» деген сауал бойынша өз ойларыңызды білдірсеңіздер. «Диаграмма құрастыру» жаттығуы Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз Нұсқау: Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, оқушының, ата-ананың бір күндік диаграммасын құру. Ата-анаға:- Ұйқыға
- Мектепке
- Отбасымен қарым-қатынасқа
- Үйірмеге
- Достарына
- Үй шаруасына
- Жалғыз болуға
«Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу. «Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын. Ата- аналардың, қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту.АТА-АНАЛАР СІЗДЕР ҮШІН!
1.Өз балаңыздың махаббатын қадірлеңіз. Сүйіспеншіліктен, өшпенділікке дейін бір қадам, өрескел қателікк жол бермеңіз! 2.Өз балаңызды қорламаңыз. Баланы қорлау арқылы сіз өзіңізге кері әсер тигісесіз, бала бұл әдеттерді басқа адамдармен қарым – қатынас жасағанда қолдануы мүмкін. 3.Балаға қысыдық көрсету қорқыныш пен үрейге әкеп соғады. 4.Балаңызға қажетті шара өз уақытында қолданып, ата – аналық жауапкершіліктеріңізді дұрыс атқара біліңіздер. 5.Бала қамқорлыққа мұқтаж болмаған сәтте қамқор болмаңыз. Өз бетінше шешуге мүмкіндік туғызыңыз. 6.Әзілдесіп, қалжыңдасыңыз. Өз әлсіздігіңізге сізбен бірге күлуге рұқсат беріңіз. Өз –өзіңізге күліңіз. 7.Балаңызға беталды өсиет оқымаңыз, ол оны жай естімей жүр. 8.Өз талаптарыңыздың жүйесін біліңіз. Өз бағдарыңыз жақсы «ИӘ» немесе «ЖОҚ» 9.Өз балаңыздың құқығын бала құқығынан айырмаңыз. Аз да болса еркелеуге мүмкіндік беріңіз.Жастық шақта өзін бала ретінде сезінсін, әйтпесе үлкен өмірде де солай жалғасады.Есіңізде сақтаңыз!
Ата – ананың ең үлкен бақыты – тәлімді де тәрбиелі бала өсіру. Педагогика барлық мұғалімдер мен тәрбиешілерге ғылым болуы тиіс. В.А.Сухомлинский.ЖАДЫНАМА.
Құрметті аналар мен әкелер! Сіздің балаңыз өзіне сенімді емес пе? Сіздің қолдауыңызға мұқтаж емес пе? Біз жетекшілік ететін кейбір ережелер. -Еңбекпен жеткен табысы үшін балаңызды мақтаңыз. -Жат қылықтарын бетіне баспаңыз. -Бала алдына мақсат қоя біліңіз, табысын бағалаңыз. -Баланың әр ісін назардан тыс қалдырмаңыз. -Балаңызбен ашық сөйлесіңіз, сырласыңыз, ішінедегі дертін тыңдаңыз. -Балаңызға қателік жасауға жол бермеңіз, өз тәжірбиеңізбен бөлісіңіз. -Өз балаңыздың өзіңізге деген қарым – қатынасына қорқыныш үрей туғызбаңыз. -Балаңыз ашылып ештеңе айтпаса сұраңыз: үнемі солай жасаңыз -Оның жеңісіне қуаныңыз -Егер бірдемеге мұқтаж болса, қасынан табылыңыз. Өз балаларыңыздың сенімділігі мен ұялшақтығын жеңу үшін ата- аналарға арналған жаднама. -Ешқашанда баланың ұялшақтық мінезін сызып тастамаңыз. -Бөтен адамдарға қыр көрсетуге жол бермеңіз. -Есіңізге сақтаңыз, педагогтар оқушылардың ұялшақтық жақтарын оқу үлгеріміне енгізеді. -Балаңыздың өзінен жас балалармен бірге ойнағанын мақтан тұтыңыз. Бұл өзіне деген сенімді күш туғызады. -Егер балаңыз өзіне жас ортаны таңдаса, онда кедергі келтірмеңіз. -Баланы екі ортада қалдырмаңыз, әсіресе кісі көп жерде. -Баланы өз күшіне сендіруге тырысыңыз. Бірге «Мен сен үшін қатты қорқамын», орнына мына сөз естілсін «Мен саған сенемін». -Балаңыздызды мүмкіндігінше аз қорлаңыз.Мүмкіндігінше жақсы жаттарын көрсетуге тырысыңыз. -Балаңызды басқа балалармен қарым –қатынас жасауға үйретіңіз, өз үйіңізге шақырыңыз. -Үйіңізде болатын балаңыздың мінезін балалардың мінезімен салыстырмаңыз. -Өз балаңыздың ынтасын көрсете білуге рұқсат етіңіз, өз уақытында бағалаңыз.ТӘЖІРИБЕМЕН БӨЛІСУ
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. біздің бақшада адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
