Телефон доверия
(87182)518026
Адрес: г.Павлодар, ул.Минина 31
(87182)515935
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник 9.00-13.00 Среда 14.00-18.00
Жаңа 2013 ЖЫЛАН жылы құтты болсын!

 

 

 

 

Жаңа жыл бүлдіршіндер үшін ерекше мереке. Олардың кіршіксіз көңілдері бұл күні ғажайыптың боларына сенеді. Періштелердің тілегі қашан да орындалады. Сондықтан, жаңа жыл есік қақпастан бұрын, балапандар, сендердін амандығыңның тілекшісіміз! Қасқырдың қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын тілейміз. Тау суындай таусылмас қайратқа да, сыр суындай сарқылмас жігерге де, гүлдей жайқалған ғұмыр мен самал желдей тербелген өмірге балалар, сендер лайықсындар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті ата-аналар, павлодарлықтар Сіздерді  ҚҰРБАН АЙТ – ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.

Отбасы жанұяларыңызға зор денсаулық, ауыз бірлік Алланың нұры жаусын.

Құрбан – араб тілінде "жақындау” дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – "шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау” дегенге саяды. Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал "ұдһия” деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛФИЯ БІЗ СЕНІ ШЫҢ ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! АЛФИЯ ЖАРАЙСЫН!

28 қыркүйек күніМәшһүр Жүсіп шығармаларының оқуларына сайыс өтті. Осы аталмыш сайысқа біздің балабақшадан Дайындық тобының тәрбиеші Ордаханова Альфия Бегадилқызы қатысты. Осы аса жоғары әдебиет сайысында Альфия Бегадилқызы белсенді қатысып Алғыс хатқа  ие болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті отандастар!

Сіздерді №7 сәбилер бақшасы

Сүйікті Павлодар қаламыздың туған күнімен

құттықтайды!

 

Тілейміз бұл өмірде бақыт саған,

Тілейміз талмас қанат, асқақ арман.

Мәртебең биік болып әрқашанда

Көрейік сені жоғары заңғарлардан!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті отандастар! Қазақстан Республикасы АТА ЗАҢ мерейлі мереке қарсаңында баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа ынтымақ-ырыс, бақыт-береке тілейміз. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы жасай берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана күні кұтты болсын!

 

 

 

 

 

Ей, Астана!

 

Сен деген туған елдің жүрегісің,

Өзінен бастау алар өрелі ісім.

Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен,

Бәрінен бірегейі, бөлегісің.

Астанам – асқарымдай көрінесің,

Өлең боп көкірегімнен өрілесің,

Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,

Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім

Домалап қазағымның өрге тасы,

Думанмен дүрілдесін аспан асты.

Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,

Асқақтай бер, елімнің Астанасы!

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының нышандарына 20 жыл. Ура!Ура!Ура!

 

 

 

Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің болашағыбаянды болғай.

 

 

 

 

 

№7 сәбилер бақшасының бүлдіршіні

Женіс Дариғаны

 Дарынды балаларға арналған музыкалық интернат мектепке түскенімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дариғаға зор денсаулық, шабыт, шығармашылық, қызықты өмір тілейміз!

тілек білдірушілер №7 с/б басшылығы.

 

 

 

 

№7 сәбилер бақшасының бүлдіршіндерін Халықаралық балалар қорғау күнімен құттықтаймыз

 

 

№7 сәбилер бақшасының "Түлек-2012 жыл" балғындарын мектепке бару сәтімен құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 Мамыр ҚР Қарулы Күштері күнімен құттықтаймыз!

Құрметті  7 сәбилер бақшасының ер азамат қызметкерлері және де барлық павлодарлықтар !
7 Мамыр - Қазақстан Қарулы күштері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын.
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз.  Т/Б Игі ниетпен әкімшілік

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

 Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

 

 

 

 

 

 

 

Мырзағалиева Диляраны шын жүректен құттықтаймыз!Мырзағалиева Диляраны шын жүректен құттықтаймыз!

Қалалық Рауан 2012 балалар шығармашылық байқауының лауреат атағана ие болған Мырзағалиева Диляраны шын жүректен құттықтаймыз! Жас өспірім балаусаға зор денсаулық, шабыт тілейміз.

 

 

Қалалық балалар Балбұлақ 2012 байқауына қатысқан Дайындық топтарының тәрбиеленушілерін құттықтаймыз және екінші кезеңіне өтуімен шын жүректенқұттықтаймыз.

 

 

Жас өспірім балапандарға зор денсаулық талмас қайрат шабыт тілейміз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалалық балалар Рауан _2012 байқауына қатысқан Мырзагалиева Диляраны екінші сатыға өтуімен құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлыстың ұлы күні– Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыспен ынтымақтың мерекесі болып келген.

 Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы– көктеммен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз- көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақпейілмен татулықтың мерекесі. Ол- өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақтілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға– береке, халқымызға– игілік, мемлекетімізге– молшылық, аләршаңыраққабақытпеншаттықтілейміз

Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

   Игі ниетпен Жанна Рысқалиқызы Саятова

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар!

Сіздерді ұжымының атынан жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі

көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен

шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық,

дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға

құт-береке тілеймін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып

жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге

шын жүректен тілектеспін.

игі ниетпен  Жанна Рысқалиқызы Саятова 

 

 

 

 

Құрметті достар!

 

Жаңа 2012 жыл баршаңызға жақсылық әкелсін!

 

 

АНЫЗ

Баяғыда бір жақсы адам өмір сүріпті. Өзі жомарт, қайырымды, әрі асқан ақылды адам екен. Жасы жүзге жеткенде әлгі адам қатты сырқаттанып (ауырып) қалыпты. Ажалды күтіп бүк түсіп үйде жатқанда, бір күні оның есігін біреу тақылдатып қағыпты. «Бұл кім?» деп сұрапты жақсы адам.

«Мен &‐ Махаббатпын, саған көмектесейін деп келдім, есігіңді аш» - депті қонақ. Жақсы адам оған: «Махаббат, сенің маған керегің жоқ, көмектесе алмайсың, рахмет, қайта бер» деп, есікті ашпапты. Біраздан соң, есікті тағы біреу тақылдатыпты. «Кімсің?» деген сұраққа ол: «Мен – Байлықпын Берікпін ! Сендей жақсы адамға көмектесуге келдік. 

Ауруыңды емдей алам ба?»деп жауап беріпті. Жақсы адам: «Рахмет, Байлық, Берік  сен маған керек жоқсың енді» деп, есікті ашпапты. Біраздан соң, тағы біреу ақырын ғана қағыпты. «Кім бұл?» деп сұрапты жақсы адам. «Мен- Денсаулықпын, парасатты адам!» - депті есіктің сыртындағы қонақ. Жақсы адам сүйретіліп барып, есікті ашып жіберсе, ар жағында үш жігіт тұр дейді. «Денсаулық, сен біреу емессің бе? Мыналар кім?»- деп таң қалыпты жақсы адам. Сонда: «Денсаулық болған соң, біз де боламыз ғой міндетті түрде» деп, Байлық пен Махаббат жымиып күліп, Денсаулықтың екі қолынан ұстап, босағадан кіріп келе жатыпты.

 

Құрметті достар, Жаңа жылда бәріңіздің шаңырағызға дәл осылай Денсаулық, Махаббат, Берік  және Байлық төртеу бірдей қол ұстасып кіріп келсін және ешқашан қайтып шықпасын!

                       

 

 

2012 ЖЫЛЫ 15 ҚАҢТАРДА ӨТКЕН САЙЛАУ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ШЫН ЖҮРЕКТЕН НҰР ОТАН ПАРТИЯСЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.

ҚАЗАҚСТАН ЖАСАСЫН! ПРЕЗИДЕНТ ЖАСАСЫН!

color: #ff0000; text-align: center

color: rgb(255, 0, 0); text-align: centerhttp://smayli.ru/smile/muzikaa-1176.htmlh3 style=nbsp;‐

text-align: center