Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Логопедтін кеңестері

Бала саусағын ойната отырып, тілін дамытайық.

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады

ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары,соның ішінде саусақ бұшық етінің

қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының

дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан,

бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көнілді түрде ұйымдастыруға болды.

Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.Балалар осындай саусақ

ойынын ойнай отырып,өлең шұмағын қызыға айтады.

«Саусақ ойындарын» ұсынып отырмыз 

«Салат»                                                          Түсіндірмесі

Сәбізді алып тазалаймыз                                    1. Оң қолды жұдырыққа түйіп,сол қолдың

Үккішпен үгіп майдалаймыз        алақанына ысқылайды.

Канттан сеуіп дәмдейміз               2. Екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге                                                                                                            ұстап, жоғары- төмен қозғайды

құйып сәндейміз                            3.Саусақтардың ұшымен «қант себеді»

Міне, дайын нәр тағам-                 4.Қолды жұдырыққа түйген күйі

Дәруменге байыған                       (қаймақ құйған сияқты) қол білезігін

                                                                                   жоғары-төмен қозғайды.

                                                                                   5.Екі қолын алдына жайып көрсетеді.

                                                                                   6.Алақанымен іштерін сипалап, тойған

                                                                                    дықтарын білдіреді.

 

 <<Доп>>                                                                 1.Алақандарымен шапалақтайды.

Он,тоғыз,                                                                 2.Отырған күйі аяқтарын алақандарымен

Сегіз,жеті,                                           қағады

Алты,бес,                                           3.Алақандарымен шапалақтайды.

Төрт,үш,                                            4.Отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады.

Екі,бір,                                          5.Алақандарымен шапалақтайды.

Доп ойнайық,                               6.Қолдың біресе ішімен,біресе сыртымен көздерін                 

Кел,жүгір!                                    жабады.

Тек білейік                                    7.Әр сөз ырғағымен шапалақтайды.

Анық нақ:                                     8.Әр сөз ырғағымен аяқтарын топылдатады.

Допты қашқан                              9.Отыра қалады.

Кім қумақ?

<<Сәлем>>                                    1. Екі қолдарын айқастыра кеуделеріне қояды.

Сәлемдесем әрдайым                    2. Екі қолдарын алға жаяды.

Үйде және көшеде                         3. <<Қанаттарын>> (екі қолдарын сәл көтеріп, қайта                       

Тіпті <<сәлем>> - деймін мен       түсіріп)қағып тұрады.

Тауыққа көрші үйдегі                   4. Бір қолдың сыртын екінші қолдың алақанына

Сәлемет пе,                                    беттестіре, саусақтарды жан-жаққа аша <<күн>>

Шуақты күн көкте!                        жасайды.

Сәлемет пе,                                    5. Екі қолды жоғары соза аспанды көрсетеді.

Нұрлы аспан көкпеңбек!               6. Екі қолды жоғары көтере екі жанына кезек

Сәлемет пе,                                    теңселеді.

Самал жел желпіген!                     7. Екі қолды төмен түсіре, қол бастарын бір-бірінің

Сәлемет пе,                                    үстіне қойып алдына ұстайды.

Кішкентай түбіртек!                      8. Оң жаққа оң қолын жаяды.

Сәлем, таң жаңа атқан!                 9. Сол жаққа сол қолын жаяды.

Сәлем, күн арайлы!                       10. Оң қолдың сұқ саусағын алдына тік ұстай оңға,

Сәлемге еріну!                               Солға кезектестіре шайқайды.

Бізде әсте болмайды.                     11. Бастарын шайқайды.

 

 

 

Логопедтің балабақшада жүргізетін негізгі міндеті – тіл бұзылысы бар баланың анықтап,  баланың жеке-дара ерекшеліктерін, тіл бұзылысының түрін ескере отырып  жағымды психофизиологиялық жағдайда жан-жақты түзету жұмысын жүргізу.

 

 

 

Жас өспірім баланы  логопедиялық тексеріс өткізудің негізгі мақсаты – тілінің даму деңгейі жас ерекшелігіне сай келе ме, тілінің даму деңгейін, кемшіліктерін  анықтау.

 

 

Логопедиялық тексеріс жүйелі түрде әр түрлі көрнекі-құралдардың көмегімен, логопедтің басшылық етуімен  жүзеге асады. Әр бала жеке-дара тексеріледі. Логопедиялық тексерісте баланың  артикулляциялық аппараты, сөздік қоры, дыбысты айтуы мен ажыратуы, фонематикалық есту қабілеті, тілінің грамматикалық құрылысы, сөйлеу тілін түсінуі, жалпы тіл байлығы тексеріледі.    Тексеріс барысында баланың мінез-құлқына, тіл байлығына, тілінің дамуына ерекше назар аударылып, логопедиялық қорытынды жасалады.

 

 Логопедиялық тексеріс – логопедиялық жұмыстың негізі бастауы, көзі болып табылады.

 

 

Егер балаңыз әріптерді дұрыс жазбайды, ұмытады, ауыстырады не істеу керек?

 

1.Сіздің балаңыз оң және сол ұғымдарын айыра алады ма? Ол келесі тапсырмаларды дұрыс орындау қажет: өзіңнің сол аяғыңды, оң құлағыңды көрсет. Өзіңнен оң жағында, сол жағында не бар? Егер бала әріптің бағытын ауыстырса, ол кеңістікте бағдарлаудың кемшілігі.

 

          

 

 

2.Сіздің балаңыз алты бөліктен тұратын суретті құрастыра ала ма? Егер ол суретті құрастыруда қиындықтарға кез болса, ол көріп-тану –кеңістіктіктің анализ бен синтездің кемшілігін білдіреді. Бала әріпті оңай есте сақтау үшін келесі тәсілдерді қолдануға болады:

 

- бала сіздің жазған «алып»әріпті бояуштритау керек.

 

–ермексаздан әріпті істеу.

 

– контур бойынша әріпті қию.

 

– әріпті ауада жазу.

 

– сол әріпке ұқсас заттарды атау.

 

– әріптің үстінен жазу.

 

– контур бойынша әріпті жазу.

 

– нүктелермен әріпті жазу.