Телефон доверия
8(7182)30-06-67
Адрес: М.Жүсіп 36
8(7182)30-06-67 приемная 8(7182)30-06-66 бухгалтерия
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
вторник,четверг с 15.00-18.00
Бала неге жылайды? Баламен қоштасу жолдарының тиімдісі

Баланың жылағаны – ренжігенін көрсету бірден- бір әдіс. Балаға пайдалы қоштасуының рецептін тауып көрейік. - Жұмыстан қалмау үшін және баламен қоштасуға уақыт қалтыру үшін, 5-10 минут ертерек жиналыңыз. - Балаға қайда, неге баратыңызды ашық айтыңыз (мысалы: «Мен дүкенге барамын», «Мен жұмысқа компьютер басуға барамын»). Бала түсінбейді деп қорықпаңыз: сіздің сабырлы, ашық дауыс ырғағыңыз балаға көрсетеді: ананың баратын жері – жақсы жер, ананың айналасатын ісі – пайдалы және ұнамды. - Қайтып келетін мезгіліңізді балаға анық айтыңыз. Уақытын балаға айтуға қажет емес (кішкентай сәби түсінбеуге мүмкін). «Сен асыңды ішіп, серуендеп, ұйықтап болғасын, мен де келемін», – деп айтуға болады. Осындай түсінікті бала ұғады. - Балаға кіммен қалатынын, не істейтінін түсіндіріңіз. Мысалы: «Сен тәрбиеші Нина Николаевна және басқа балалармен қаласың. Сендер ас ішесіңдер, серуенге шығасыңдар, бірге ойнайсыңдар, сосын бәрің мені қарсы аласыңдар!» - «Жүлде әкелемін» деп балаға уәде бермеңіз, бірақ, бірдеме ала келші десе, бас тартпаңыз. Баланың тілегі ыңғайсыз болса – өзіне тура айтыңыз. Бала ештеңе сұрамаса да, анда-саңда сіз оған бір ұнамды затты әкелетін болыңыз (печенье, кәмпит, алма, дәптер, т.б.), яғни бала сезу керек, сіз одан алыс болғанымен, ұмытқан жоқсыз, кездесуге дайындалдыңыз.