Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)30-06-67
email: sad19@goo.edu.kz
Мекенжайы: М.Жүсіп 36
8(7182)30-06-67 қабылдау бөлімі 8(7182)30-06-66 есепші
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі,бейсенбі 15.00-18.00
Педагогтарымыз кеңес беруде!

Балалардың танымдық қабілеттерін дамытудың жолдары

Жаңа замандағы психологиялық және педагогикалық зерттеулердің (Бабанский Ю.К, Венгер Н.А, Ветлугина Н.Н, Подьяков И.Д, Зверев В.В, Лернер А.И, Савенков Г.И, Щукина, тағы басқалар) қорытындысы мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой қабілетінің мүмкіндіктері бұрыңғыға қарағанда жоғары екенін көрсетеді. Балалар заттың сыртқы келбетін ғана түсіндіріп қоймай, оның ішкі қарым- қатынасына да сипаттама бере алады. Мектепке дейінгі кезде баланың бастапқы қарым- қатынас, өз ойын қорытындылау, абстракция қабілеттері қалыптаса бастайды. Баланың осындай танымдылық қабілеттері түсіністік бойынша емес, қызмет барысында затты, объектті тану, көрнекілік нысанда пайда болады. Тану- тәжірибелік қызметінің барысында, пайда болған жағдайда баланың ойлау, қорытындылау, өзіндік шешім қабылдау, сараптама жасау мінезіне тән қабілеттер дамиды.

    Балабақшадағы оқу- зерттеу «Жалпы мектептегі дарынды бала» бағдарламасының шеңберінде авторы Савенков А.И. «Зерттеулі оқуды» іске асырудың үш жолын анықтады;

   Педагог баланың алдына мәселе және оны шешу стратегиясы мен тактиканы қояды, ал оның шешімін бала өзі табу керек.

   Педагог баланың алдына мәселе қояды, бірақ оның шешу әдісін бала өзіндік іздейді.

   Мәселе қою, оны зерттеудің әдісін іздеуді балалар өзіндік жүргізеді, біздің ойымызша қойылған деңгейлер баланың өзіндік қабілеттерін жоғарылатады.

    «Эксперименттеу» термині рухани- тәжірибелік қызметті игеруде ерекше тәсіл ретінде түсініледі. Мектепке дейінгі оқу- үрдісінде оқу- эксперименттік әдісі балаға өз ойында әлемнің суретін заңдылықтармен байланыстырып толықтай моделдеуге мүмкіндік береді. Ал бала өзінің педагогпен бірлескен іс- әрекетінде білім мен білікті өзгертеді. Дамып келе жатқан жеке тұлғаға бағытталған негізгі міндет- баланың өз- өзін тану, өз- өзін дамыту, өз ойын еркін жеткізу, өз- өзіне баға беру, үлкендермен және құрдастарымен дұрыс қарым- қатынас жасау қабілеттерін дамыту болып табылады.

   Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты- тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше.

Даму барысы: Зердесін дамыту, эмоциясы мен сезімдерін дамыту, күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту, өзіне- өзінің сенімділігін, өзін- өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту, танымдық үрдісін дамыту, өзін- өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту, өзін- өзі көрсете алуына, өзін- өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.

   А.Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады.

    Атақты психолог ғалымдары Л.С.Выготский, А.С.Запорожец, Е.И.Игнатьева, Ю.К. Бабанский, т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс- әрекеттердің  ішіндегі ең маңыздысы  шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешіліктер мынадан көрінеді: балалар бір- бірінен ақыл- ой, адамгершілік және жекелей дамуымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау білім беру мекемелерінің (балабақша, мектеп) ең негізгі міндеті болып табылады.

Тәрбиеші: С.Ж.Рамазанова

 

Отбасымен байланыстың бала тәрбиесіндегі маңызы.

«Баланың ата-ана һәм тәрбиешісі

солардың өздерінің барлық істері сұлу һәм

үлгілі болуға тиісті.

М. Жұмабаев.

Отбасының тәрбиелік қызметіер адам мен әйелдің әкелік және аналық қажеттілігін қанағаттандырады, сондай-ақ, ата-ана өз балаларының тәрбиесінде өздерінің білімдері мен тәжірибесін қолдана алады.

Отбасы тәрбиесінің ең басты ерекшелігі – бұл балалардың өзіне деген қарым-қатынасы қалыптасатын, өзін-өзі бағалау сезімін анықтайтын эмоционалдық микроклиматтың болуы.

Отбасы баланың тәрбиесі мен оның әлеуметтенуінде, тұлғаның көзқарасының қалыптасуында, сондай-ақ, интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік сапаларының дамуында шешуші рөл атқарады. Осылайша, балалардың әлеуметтенуі мен қоғамның жаңа мүшелерінің дайындығы қамтамасыз етіледі.

Отбасы әлеуметтік-адамгершілік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді, отбасында балаға ата-ананың махаббатын, ата-анаға деген сенім, оларға ұқсауға ұмтылу, отбасының жалпы психологиялық ахуалы сияқты әлеуметтік ақпаратты берудің тамаша жүйесі қалыптасқан.

Ата-аналар мен отбасындағы ересектердің үлгілі тәрбиелік қызметтің нәтижелігін анықтайды.

Балабақша бала тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Мұнда ол білім алады, өзге балалармен, ересектермен бірлесіп әрекеттену, өз әрекетін ұйымдастыру іскерлігін меңгереді. Алайда, баланың бұл дағдыларды қаншалықты нәтижелі меңгеруі отбасының балабақшаға қарым-қатынасына байланысты.

Ата-ананың білім беру үдерісіне белсенді араласуы арқылы ғана баланың үйлесімдң дамуы іске асады.

Соңғы уақытта ата-аналарды балабақша іс-әрекетіне тартудың жаңа, перспективалық түрлері байқалып отыр. Балабақшалардың іс-әрекетіне ата-аналарды қатыстырудың басты принципы болып ттабылатын  «Тәй-тәй»  жаңашыл технологиясымен жұмыс істейтін отбасымен жұмысты ұйымдастырудың әр түрлі жолдарын пайдаланады.

Білім беру ұйымдарында ата-анамен жұмысқа ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Негізінде ата-аналар балабақшаның баланы мектепке даярлау және серіктерімен қарым-қатынасқа түсуі сияқты маңызды сәттердегі рөлін жоғары бағалайды.

Алайда, кейбір ата-аналар мен тәрбиешілер бала және оның тәрбиесімен шұғылданып отырса да, бірлесе әрекет етуге ұмтылмайды.

Екі жақ бірлеспей-ақ, баланың тәрбиесі және оған білім берумен шұғылдануға болады деп санайды.

Тәрбиеші: М.М.Ахатова

 

Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Егемен еліміздің еңсесі биіктеген сайын туған жерімізге қызығы қарамайтын, елдегі бірлігімізге сүйсінбейтін ел жоқ та шығар. Елімізді мекендеген барша ұлттың тарихи Отанына айналған қазақ жері – бүгінгі таңда барлығымыздың туған жеріміз. Осы туған жерімізде барлығымыз салт-дәстүрімізді жаңғыртып, өскелең ұрпақ бойына сіңіріп те жатырмыз.Тек қана тіл көшінің жүрісі мардымсыз. Тілдің қасиеті мен құдіретін түсінбеген жан жоқтың қасы шығар. Айта-айта жауыр болды десе де болады. Дегенмен «жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, тіл көшінің түзіле бастағанын әркімнің де сезіп, байқап жүргені бар-ды.

    Жастайынан бала бойына тіл құдіретін сіңірген ата-ана өз міндетін дұрыс атқаруда деп ойлаймын, себебі сәбилік шақта баланың есте сақтау қабілеті жақсы дамуда. Сондай-ақ еліміз – қазақ жері, ұлтымыз – қазақ болғандықтан да тілдің құдіретін жоғалтпағанымыз абзал. Сол себептен мен өз білімімді жетілдіруде осы «Тілді дамыту» тақырыбын қолға алдым. Тілге қызмет қылу елге қызмет қылумен тең. Осы әрекетім арқылы балаларға септігімді тигізер деген ойдамын.

   Соңғында осы өлең жолдары есіме түсті:

Қазақсың ба?

Қазақ болсаң – болу керек шын қазақ,

Қазақ халқы қаһарман ғой шын ғажап.

Ана тілін, ата салтын білмесе,

Бір қазаққа татымайды мың қазақ, - деген екен.

Ендеше , осы қазақ атымыздан жұрдай қалмайық, халайық!

Тәрбиеші: А.С.Илялова

 

 

Фонематикалық есту қабілетін дамытуға арналған ойындар

      Дыбыстарды естіп ажырату дағдысы- адамның маңызды ерекшеліктерінің бірі. Дыбыстарды ажыратып білмейінше сөйлеу тілін тыңдап, түсіну мүмкін емес.

      Кішкентай балалар өздерінің дыбыстарды бұзып айтатынын байқамайды, сондықтан да, баланың есту зейіні мен фонематикалық есту қабілетін дамыту керек. Жақсы дамыған фонематикалық есту қабілеті дегеніміз- бұл ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айту, сөздің мағынасын түсіну, айтылуы бойынша ұқсас сөздерді ажырату, дыбыстық талдау жасау дағдысының қалыптасуы.

     Фонематикалық есту қабілетін дамыту жұмысы барлық жас топтарында жүргізіледі. Сәбилер тобында негізінен баланың есту зейінін қалыптастыруға, дауыс күшін, бағытын ажыратуға арналған ойындар қолданылады. Тіл дамыту сабағында дауыс күшін, бағытын ажыратып білу үшін музыкалық аспаптар, дыбыс шығаратын ойыншықтар қолданылады. Мысалы: «Қай аспапта ойнағанымды тап», «Қоңыраудың дыбысы қай жақтан естіледі?».

    Естиярлар тобында фонематикалық естіп, қабылдау қабілетін дамыту жұмысы одан әрі жетілдіріле түседі. Бұл кезең алдағы дыбыстық талдау жасауға дайындық кезеңі. Бұл топта логопедтің айтқан дыбысын естіп, ажырата білуге арналған ойындарды қолданады. Мысалы: «Масалар мен қоңыздар» ойынында логопед масаның суретін көрсеткенде балалар «з-з-з», қоңыздың суретін көрсетсе «ж-ж-ж» деп дыбыстарын салады.

    Ересектер тобында фонематикалық есту қабілетін дамыту жұмысы күрделене түседі. Балаларды «дыбыс», «буын», «сөз» ұғымдарымен таныстырады. Сөзге дыбыстық талдау жасау дағдысы қалыптастырылады. Бұл топта «Дыбыстың орнын анықта», «мен айтқан дыбысты естігенде қолыңда шапалақта» тәрізді ойындарды қолдануға болады.

   «Қай аспапта ойнағанымды айт»

    Ойынға керекті құралдар:

    Қоңырау, даңғыра, дабыл, қағаз, сылдырмақ.

   Логопед балаға ойыншықтарды көрсетіп атайды және қалай дыбыс шығаратынын ойнап көрсетеді. Сосын ойыншықтарды пердемен жасырып, қай аспапта ойнағанын сұрайды.

    «Күн мен жаңбыр»

Керекті құрал:даңғыра

Логопед даңғыраны жай асықпай соғады

-         Біз қазір серуенге шығамыз. Күн ашық, жылы. Балалар ойнап жүреді. Содаң соң даңғыраны тез- тез соғып, «жаңбыр жауып кетті, маған қарай жүгіріңдер» дегенде, балалар логопедке қарай жүгіреді. Логопед даңғыраның дауысын жақсылап тыңдау керек екендігін түсіндіреді.

«жай» соққанда қыдырамыз, «тез» соққанда тығыламыз. Ойынды 3-4 рет қайталайды.

«Не қалай дыбыстайды?»

Керекті құралдар:

    Үй жануарларының ойыншықтары немесе суреттері.

    Мұғалім балаларға суреттерді немесе ойыншықтарды көрсетіп, қалай дыбыстайтынын салады. Содан кейін аузын қағазбен жауып, жануарлардың дауысын салып, қай жануардың дыбыстағанын сұрайды.

«Қоңыраудың дыбысы қай жақтан естіледі?»

Керекті құрал: қоңырау

   Бала көзін жұмып тұрады, логопед қоңырауды сыңғырлатады. Бала көзін ашпай қоңыраудың дыбысы қайдан шыққанын қолымен көрсетеді.

«Масалар мен қоңыздар»

-         Балалар, біз бүгін баққа серуенге барамыз.

 Бақта масалар мен қоңыздар көп екен.

  Біз қазір «Масалар мен қоңыздар» ойынын ойнаймыз.

  Мен масаның суретін көрсетсем, маса тәрізді з-з-з деп, қоңыздың суретін көрсетсем ж-ж-ж деп ызыңдайсыңдар.

Логопед: Р.А.Базарбекова

 

Рухани- имандылық тәрбие.

Бүгінгі таңда жас ұрпақты бойында ұллтық психологиясы мен санасы қалыптасқан,халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін көңіліне тоқыған, сондай-ақ дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты әрі ана тілін білетін, оны құрметтейтін, рухани байлығы мол жан-жақты азамат етіп тәрбиелеп өсіру-бүкіл халықтық,отбасылық міндеттердің ең жауаптыларының бірі болып отыр. Ал халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұнғыш мектеп-отбасы мен балабақша.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу міндеттерінің бірі адамгершілік тәрбие беру. Ол педагогтің жүргізетін барлық тәлім-тәрбие және білім беру жұмыстарының барысында жүзеге асады.Педагог мектепке дейінгі балалардың дербес іс-әрекетіне басшылық ете отырып, оның еңбегін, ойынын, оқуын үйымдастыра жүріп,осылардың бәріне де тәрбиелік сипат беруге тырысады.

Адамдық - асыл мұрат. Адамгершілікке баулу дегеніміз- балаларды айналасындағы адамдарға қарапайым қолғабыс көрсете білуге,дауыс көтермей жай сөйлеуге,басқаларға кедергі жасамауға, өзгелердің пікірін сыйлап,түсінікпен қарай білуге,әлсізді қорғауға, оған көмек көрсетуге үйрету. Айналасындағы адамдардың және көркем шығарма кейіпкерлерінің жақсы іс-әрекетін үлгі ете отырып,адалдыққа, достық пен әділдікке, кішіпейілдік пен мейірімділікке тәрбиелеу. Теріс қылықтардан жиреніп, өзінің және жолдастарының іс-әрекетін бағалай білуге үйрету.Баланың өзіндік «менінің» қалыптасуына жағдай туғызып, өзінің қайталанбас тұлға екенін сезінуге көмектесу. Ата-анасын,отбасы мүшелерін жақсы көріп,құрметтей білуге баулу.

Балабақша балаларды бірлікке, ортақ мақсат, ортақ міндеттер қоюға және ол міндеттерді бірігіп күш жұмсай отырып шешуге үйретуі тиіс.Осылайша, бала бойында жолдастық сезім, айналасындағларды құрметтеу,ізгілік және өзара көмек беру дағдыларын тәрбиелейді.

Имандылық тәрбиесі дамудың шешуші факторына жатады. Имандылық тәрбие мазмұны оның мақсатына сәйкес іріктеледі. Алуан түрлі әдістермен және балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланады. Тәрбие тағылымы баланың нәресте шағынан басталып,біртіндеп іске асырылып, санасына орнығып  отыратын ұзақ үрдіс. Имандылық тәрбиесі күнделікті жағдайларда,әдеттегі қарым-қатынас және арнайы сабақтарда да тоқтаусыз,байланыса жүргізіледі.

Бүлдіршіндердің санасына ұлттық мінез-құлықты сіңіруде халық педагогикасына жүгіну тиімді болмақ. Ауыз әдебиетіндегі нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары,даналыққа толы мақал-мәтелдері,жұмбақтары мен жаңылтпаштары, қиял-ғажайып ертегілері, қызығы мол ойындары- шын мәнінде халық қазынасы екені даусыз.Баланы ізеттілікке,мейірімділік пен имандылыққа тәрбиелеуде үлкендердін жастарға алғыс айтуы, ақ ниеттпен  бата беріп, оларға парасатты, бақытты өмір тілеп,адамдық пен адалдыққа, жомарттыққа,бауырмашылдыққа баулып отыруының өзі баланы жастайынан үлкен өмірдің өнегелі мектебінен өткізіп,ата-бабаның асыл қазынасын оның бойына мысқалдап сіңіріп отырғанын көрсетеді.

Сондықтан бүгінгі таңда ұрпақтарға өткеннің өнегесін байыптап ұғындырып отыру балалбақша мен отбасылық тәрбиедегі аса қажетті міндеттердің бірі саналады.Отбас мен балабақша бірігіп өткізетін «имандылық-инабаттылық күні» осы тақырыптың мазмұнын айқындайтын тәрбие. Мұндай ойын шаралар тәрбиелік сабақтарды ұйымдастырып, өткізу кезінде балалар үлкендермен ілтипатты қарым-қатынас жасауға үйренеді. Ересектер балалар үшін қызықты ойын-сауық өткізуді ойластырады, ал балалар ата-анаға өздері дайындаған сахналық көріністерін көрсетеді. Осылайша, балабақша ұжымы иен мен отбасы арасында үзіліссіз сабақтастық қалыптасып,нығаяды. Бала тәрбиесі ортақ мүддеге айналып,ынтымақ күшейе түседі.Ата-ана мен  тәрбиеші қай кезде болсын балалардың сұрақтарына толық жауып беріп, түсінбеген ұғымдар мен сөздердің мәнін және астарлы сырын ашып, кенінең түсіндіріп,балалардың жаңа білімді жақсы меңгеріп алуына басшылық етулері тиіс. Сонымен қатар сабақтың тақырыбына сай мақал -мәтелдерді, жаңылтпаштарды, тыйым сөздерді қолданған тиімді.

Мысалы,мақалдар:

а) Тау мен тасты су бұзар,

 

    Азаматты сөз бұзар.

 

ә) Малды жақсы баққаның,

 

   Өзіне абырой тапқаның.

Малды жаман баққаның,

Келген бақты қаққаның.

Тыйым сөздер:

«Бос бесікті тербетпе»,

«Кісіге қарап жөтелме»,

«Жуған қолынды сілкіме»,

«Қолынды төбене қойма»

   Имандылық тәрбиесінде,әсіресе,ертегілерден мысал келтіріп, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, сондай –ақ кейбір жағымды фактілердің мағынасын «сұрақ-жауап» қолдана отырып және оларға баға беру арқылы балалардың соларға еліктеу ықыласын туғызуға болады. Сахналық көрініс даярлағанда бүлдіршіндердің санасына ұлттық тұрмыс-салт өнегесін дарыту үшін халықтын төрт түлік  малға байланысты пікірлерін  де ескерген жөн.

Халық түсінігінде қозы: қарапайымдылықтың,сүйкімділіктің,сабырлылық пен ұстамдылықтың бейнесі болса, ала лақ: сүйкімділіктің, ширақтықтың,кейде жеңілтектік пен шошақайлықтың бейнесін білдіреді. Түйе: әрі паң, маңғаз,өз қадірін өзі білетін шыдамды әрі еңбекқор жануар, ал оның  ботасы сүйкімділік пен сұлулықтың бейнесі десе болады.

Тәрбиеші осындай әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,мектепке дейінгі балалардың батылдық, адалдық, ұстамдық қасиетерін дамытады,мінез құлық мәдениетін,яғни адамгершілік,ізеттілік, эстетикалық-этикалық сезім әрекеттерін қалыптастырады. Сонымен қатар балалардың санасында өмір шындығына оңды көзқарас, Отанға, өз халқына сүйіспеншілік сезімін оятып,қоғамдық мінез-құлық ережесіне бойлатады, ұлтымызға тән имандылықтың ұрығын себеді, соны баянды етіп,бекітуді көздейді.

Тәрбиеші: А.Д.Айтжанова

Қазақ тіліне тән дыбыстарды сөз ішінде дұрыс айтуға үйрету.

         Орыс тілінде жұмыс ауызекі сөйлеу тіліне үйрету балалардың қазақ тілінің өзіне тән ерекше дыбыстарын сөз ішінде дұрыс айта білу қабілеттерін қалыстармайынша жүзеге асырылмайды. Дыбыстар айтылғанда да, естілгенде де өз қалпында  дұрыс, дәл айтылып, анық естілуі керек. Ал дыбыстардың дұрыс айтылуы балалардың үйренетін сөздерінің мағнасын дұрыс ұғуына кедергі келтіреді. Басқа ұлт балаларына қазақ тіліндегі  дыбыстарды анық айтуға үйретудің түпкі мақсаты- баланың өздері үйреніп жүрген тілде айтылған ойларың, сөздерінің түсінікті жеткізілуі. Қазақ тілі дыбыстарын дұрыс айтуға үйретуде оқытушының басты міндеттерінің бірі-балалардың дыбыстарды дұрыс естуін қалыптастыру.Дыбыстау мүшелерінің қызметін ұстаздың өзі де біліп, әсіресе сөз ішінде кезектесіп отыратын қазақ тілінің ерекше дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелерінің қызметін балаларға жан-жақты да дәл түсіндіріп бергенде ғана өзге тілдің дыбыстарын, сөздерін қатесіз, дұрыс айтады. Дыбыстарды жаттықтыруға арналған жаттығулар:

«Ә»   Дәм-дәм-дәм

Дәмді сүт, дәмді нан.

Менің туған күніме

Әжем қуыршақ әперді,

Әкем кітап әперді,

Әкем мысық әкелді.

«Қ»  Қырыққабаттан, қызылшадан

         Қызыл-сары сәбізден

         Әжем дәмді ас пісірді.

Мысық, мысық-өте пысық,

Күнде жатыр қыздырып.

Сүтін ішіп, көзін қысып,

Өзі қызық, өте пысық.

«Н»   Қоңыр қоңыз

         Қоныр жерге

         Қонды келді алыстан.

Аулада кең ойнаңдар,

Қызық жұмбақ ойлаңдар.

Қазақ тілі мұғалімі: Тезекбаева Б.А.