Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)606387
email: yaslisad3400@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қ., Гагарин к-сі, 63
8(7182)606387 (басшы), 8(7182)606388 (вахта), 8(7182)650602 (бухғалтерия).
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жұмыс уақыты: сағ.9.00 – 18.00, түскі үзіліс: сағ. 13.00 – 14.00 Азаматтарды қабылдау: Сәрсенбі: сағ. 15.00 – 17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Балабақша туралы

«Павлодар қаласының № 34 сәбилер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны 1982 жылы ашылды. Сәбилер бақшасында 285 бүлдіршін бар, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар  білім алып, тәрбиеленуде.Балабақшада 12 топ жұмыс істейді. Соның ішінде: мемлекеттік тілде оқытып тәрбиелейтін 3 топ бар.

         Педагогикалық ұжымда 33 адам жұмыс істейді. Олардың ішінде: жоғары біліммен -26 адам (78%), арнайы – орта біліммен  - 7 адам (22 %).

         Мектепке дейінгі мекеме ұжымының басым бағыттарының жұмысы «Білім беру технологияларын қолдану және пән - дамыту кеңістігі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық - сөйлеу дамуы».  Сәбилер бақшасының оқу - тәрбиелеу процесінің негізіне инновациялық технологиялар салынды:  «Step by step», ТРИЗ,  РТВ, «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы», «В.Ф.Базарныйдың баланың үйлесімді даму технологиясы», «Дьенеш Блоктары».

         Сәбилер бақшасында оқу процесін қамтамасыз ету үшін жаңа талаптарға сәйкес келетін жақсы материалдық – техникалық база құрылған, балалардың дамуына топтардағы пән- дамыту ортасының  жағдайы жасалған. Сәбилер бақшасының материалдық - техникалық базасының жағдайы педагогикалық талаптарға, қазіргі  білім деңгейіне және санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Балалық шақтың пән дамыту ортасындағы барлық базистік компоненттері балалардың толыққанды физикалық,эстетикалық, танымдық және әлеуметтік дамуы үшін тиімді шарттарын қосады. Оларға денешынықтыру және музыка залдары, логопед кабинеті, қазақ тілі кабинеті, психолог кабинеті, әдістемелік және медициналық кабинеттері, физиокабинеті, қызметтік бөлмелердің қатары  (ас әзірлеу блогы, кастелянша, бухгалтер кабинеті, қоймашының кабинеті,кір жуатын бөлме).

         Сәбилер бақшасы  негізінде облыстық және қалалық семинарлар өткізіледі.