Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
67-63-03, WhatsApp 8(705)176-87-85
Мекенжайы: Ак.Сәтбаев көшесі 249.
67-63-03 – басшы/ қабылдау бөлімі 67-63-01 – бухгалтерия 67-69-76 – вахта/ медкабинет
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Басшының қабылдау кестесі: Сейсенбі 15:00-18:00 Бейсенбі 15:00-18:00 Қабылдау бөлмесінің жұмыс кестесі: 9:00 - 18:00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет регламентінің көшірмесі

1.     Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысыменбекітілген "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет стандартының  негізінде көрсетіледі.

2.     Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі жастағы балалардың заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) көрсетіледі.

3.     Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы МДҰ-ға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) қалалық (аудандық) Білім басқармасы, ауылдық жерде – әкімдік берген жолдама;
2) баланың денсаулық паспорты;
3) эпидемиялық ортасы туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен анықтама.

4.     Мемлекетік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы стандартта айқындалған құжаттарды мектепке дейінгі ұйымға тапсыру және басшылардан қажетті кеңес алу сәтінен бастап – кемінде 30 минут уақытты құрайды.
      2) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан артық емес.
      3) өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің рұқсат берілген ең көп уақыты – кемінде 30 минутты құрайды.

5.     Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі ұйымға өтініш жасаған жағдайда мектепке дейінгі ұйымының басшысы белгілеген заңды өкілдерді қабылдау кестесіне сәйкес екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

6.     Заңды өкілді қабылдау сағат 8.00-ден - 13.00-ге дейін  және 14.00-ден-17.00-ге дейін , мереке және демалыс күндері /сенбі ,жексенбі/ жұмыс істемейді.

7.     Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8.      Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты алушы мектепке дейінгі ұйымы мен бөлімінің интернет-ресурстарынан, мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардағы ақпараттық стендтерден, сондай-ақ бөлімдегі (8-718-2) 32-07-61 телефонға шалу арқылы алуға болады.

9.      Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіпте жауап береді.