Сенім телефоны
email: yasli-sad35@mail.ru
Мекенжайы: Сормов көш., 5/2
55-64-74, 65-13-05, 55-59-42
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
09-00ден 18-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Балабақша және үйде дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану

Мектеп жасына дейінгі бала жаттығу жасайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі – дені сау, ағзасы мықты баланың дамуына өте маңызды сәт.

Күн сайын дене шынықтырумен айналасқан баланың ағзасы нығаяды, сырқаттануға қарсылығы көтеріледі. Дені сау, «сегіз қырлы, бір сырлы ұрпақты тәрбиелеу – ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің міндеті, сәбилердің дене шынықтыруы 30 минуттан аспау керек. Таңғы дене шынықтыруға балалардың қызығушылығын ояту үшін, балалармен бірге жасаңыз. Дене шыныңтыру қызықты, көңілді музыкамен өтеді. Кешенге түрлі жаттығулар күру керек, өйткені бұлшықеттерін әр-түрлі топтары қимылдайды. Мойынды бұру, жамбасты айналдыру, оңға-солға еңкею, отыру жаттығулары болу керек. Күн сайын дене шынықтыру жаттығуларын жасайтын баланың сымбаты түзу болады.

 

3-4 жастағы бала жаттығуларын ойнап отырып жасауға тиісті: мен осындай үлкенмін! Мен бақа сияқты секіремін! Құтан секілді бір аяқта тұрамын, т.б. (5-6 жаттығулар жеткілікті).

5-6 жастағы балалардың тапсырмалары күрделенеді, бірақ шынықтыру ойынға ұқсайды. 6-7 жастағы балалардың жаттықтыру комплекстерін секіру, еңкею, бұрылу, отыру қимылдарын еңгізу керек. Таңғы жаттықтыру соңында балалардың демін қалпына келтіру жаттығулары жүргізіледі. Дене жаттығу комплекстерінен кейін баланы өзін-өзі қалпына келтіруге уйрету маңызды. Оған көмектесетін емді дұрыс ауыз, мұрын, іші, кеуде арқылы алуға үйрету қажет. 

Әр бала мектепке дайын болу керек. Келесі жаттығуларды біліп, орындай білу керек – орнында жүру, жабысу қадамы, ұзындыққа - биіктікке секіру, жүгіру, тізені жоғары көтеру, аяқтың өкшесін немесе саусақтардың басымен жүру. Таңғы жаттығудан басқа гимнастикалық жаттығуларды орындау қажет: жүгіру, көзделеу, секіру, шведтік қабырғаға көтерілу.