Виртуальная приемная
Ересек тобының ата-анасы Г.Найманханова
«Мәңгілік мұратты көздесең, ұрпақ тәрбиеле»
Еліміздің зияткерлік әлуетінің болашағы – балаларға мектепке дейінгі сапалы білім беру және балабақшадан өрлеу алатын балалардың қабілеттерін дамыту болып табылады. Аталған мақсаттар бүлдіршіндер бойына балабақшадан қалыптасатынын белгілі. Осыған орай, балапандарымызды жан-жақты дамытуда балабақша тәрбиешілерінің еңбектерінің нәтижесі маңызды. Немере қызым Ильнара барып жүрген №48 сәбилер бала бақша педагог-тәрбиешілеріне алғысым шексіз. Жақсы ұстазға екі ғана нәрсе керек дейді, оның бірі – терең білім болса, екіншісі – мейірімді жүрек. Бойына осы екі қасиетті сіңірген ұстаздар бала тәрбиелеуде үлкен нәтижеге қол жеткізеді. Сол қасиеттер бойларынан табылатын осы балабақша тәрбиешілерін атап айтар едім. Кәмшат Рымғалиқызы Рақымжанова және Майгүл Шарапатқызы Мұқашеваның балаларға оқу мен тәрбие берудегі үздік еңбектерінің жетістіктерін күнделікті балаларымыздың бойларына өнер мен білім, тәрбие мен тәлімнің сіңіріліп, бала дамуында ілгерілеудің орын алуы көз қуантады. Сол кісілердің арқасында немерем Ильнара 2 жыл бойы мектепке дейінгі бағдарлама бойынша үлгергені мол. Көптеген сайыстар, қызықты кездесулер, ойындар және театрландырылған көріністер, тіл дамытуға қажетті тақпақтарға дейін өз нәтижесін беруде. Кешегі өткен «Алтын күз» мерекелік шаралары да кішкентай балапандарымызды, олардың ата-аналарын қуанышты сәттерге бөледі. Қай жағынан болсын балабақша ұжымының, әсіресе, жоғарыда аталған тәрбиешілеріміздің топтағы балалармен және олардың ата-аналарымен тіл табысулары өте орынды және шынайы.
Аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір Кәмшат Рымғалиқызы мен Майгүл Шарапатқызына мың алғыс. Еңбектеріңіз жана берсін!