Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера

Директордың қабылдау бөлмесі

Басшының блогы

Басшының блогы

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады.

Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі (аты – жөні, тегі), мектеп, балабақша, өтініш берушінің пошталық мекенжайы жасырын арыздар бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, сондықтан бұл арыздар бүркемеленген болып табылады.

Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінеміз және тегі, аты – жөні толық әрі дұрыс жазылуы тиіс, сондай – ақ сұраққа жауап беру үшін міндетті түрде e-mail болуы керек.Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады.


2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделерінен ұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады. Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
Аты-жөнi: Гумарова Аида
Вопрос/обращение:
Оқушылардың көктемгі каникулдары қай кезде басталады?
Добавлен: 01 Наурыз 2017
Ответ:
Көктемгі каникул 21 наурыздаң - 2 сәуірге дейін, 3 сәуір күні ІV тоқсан басталады.
Аты-жөнi: Капенова Динара Кабылкаковна
Вопрос/обращение:
Здраствуйте Надежда Бакубаевна! пишу от лица родителей Д/с #28,наши дети обучаются в подготовительной группе с каз.яз обучения,многие родители хотелибы отдать детей в вашу школу,хотели чтоб дети учились в одном классе возможно ли это? хотели бы узнать как у вас идет прием документов в первый класс на 2016-2017 учебный год,сдается ли тестирование? заранее спасибо!
Добавлен: 25 Мамыр 2015
Ответ:
2016-2017 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау тамыз айында басталады. Бірақ алдын-ала келіп, тіркелуге болады. Мамырдың басында болашақ 1 сынып ата - аналарымен жиналыс өтеді. Нақты күні мен уақытытуралы қосымша хабарланады. 1 сыныпқа қабылдау балалармен әңгімелесу арқылы болады, тестілеу өткізілмейді. Сыныптар мектепке дайындық деңгейіне қарай қалыптасырлады, сондықтан бәрі бір сыныпқа түседі деп алдын ала айта алмаймыз.
Аты-жөнi: Ерасылдың анасы
Вопрос/обращение:
Жаңа жыл бүлдіршіндер үшін ерекше мереке. Олардың кіршіксіз көңілдері бұл күні ғажайыптың боларына сенеді. Періштелердің тілегі қашан да орындалады демекші, 25 желтоқсан күні өткен, Павлодар қаласы, №2 ЖОМ-дегі «Мерей» шағын орталығында бүлдіршіндерге арналған ертеңгілік жаңа жыл мерекесі тойланып өтті. Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілікте әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кірді. Жүздерінде шаттық пен көтеріңкі көңіл күй бірден байқалды. Әрине, өйткені олар үшін бұл ерекше күн болып саналады. Балалар барлықтары мерекелік костюмдерде жарқырап, жайнап жүрді. Сонымен қатар олардың би билеп, шыршаны ән сала айналғаны жаныңа жақсы көңіл ұялатады. Балалардың көңілін ерекше көтерген бұл әртүрлі кейіпкерлердің қонаққа келуі болды. Олар бүлдіршіндермен ойын ойнап, ән салып, көңілдерін бір көтеріп кетті. Әсіресе, олар көптен көп тосқан аяз ата мен ақша қар келген кезде мерекенің нағыз қызықтың бәрі сонда болды. Қай бала Аяз Атаның қолынан сыйлық алғанды армандамасың, сірә.. Балалар ерекше ықыласпен Аяз атаға тақпақтарын айтып, көптен тосқан сыйлықтарын алып жатты. Әрине, ертеңгілік тек қана Аяз Атаның сыйлығымен шектеліп қалған жоқ, балалардың өздерінің де Аяз Ата мен келген қонақтарға би мен ән шашуларын сыйлады. Қыздар ақша қар мен балық кейпінде болса, ұлдар ковбой мен гномдар болып кейіпке енді. Ертеңгіліктің осындай жоғары деңгейдің өтуіне мектеп басшысы Надежда Бакубаевнаның және тәрбиешілердің үлесі зор болды. Сол себепті де олардың балаларымызға осындай естен кетпес жаңа жыл ертеңгілік дайындағаны үшін ата-аналардың атынан дән риза болдық.
Добавлен: 31 Желтоқсан 2014
Ответ:
Рахмет, ізгі ниетіңізге!
Аты-жөнi: №2 мектеп ұжымы
Вопрос/обращение:
Құрметті Надежда Бакубаевна! Сізді келе жатқан Жаңа 2015 жылмен құттықтаймыз. Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер жылда отбасыңызға құт-береке, қызметіңізге өрлеу тілейміз. Денсаулығыңыз күйлі-қуатты, бақытыңыз баянды, көңіл-күйіңіз тамаша болсын. Алдағы жыл Сізді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.
Добавлен: 30 Желтоқсан 2014
Ответ:
Рахмет!!! Бұл Жыл Сіздердің жақсы тілектестеріңіз болып, үлкен жетістіктерге жетелесін, барлық бастамаларыңызға табыс әкелсін.
Аты-жөнi: Айзада
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе! 2014-2015 оқу жылында бастауыш сыныптарында мұғалімдер тізімін білгім келед. Қай уақытта документ тапсыру керек және баларды қалай қабылдайсыз?
Добавлен: 03 Желтоқсан 2014
Ответ:
Құрметті Айзада! Нақты қандай параллель сізге керек және ағымдағы 2014-2015жыл немесе келешек 2015-2016 жыл ма?
Аты-жөнi: Сапабекова Анар Балтабекқызы
Вопрос/обращение:
Түйіндеме Аты-жөнi: Сапабекова Анар Балтабекқызы Мекен-жайы: Павлодар қаласы. Ұялы телефон: 8 7758229411 Е-mail : anara_1190@mail.ru Жалпы ақпарат Жұмыс тәжiрибесi: ҚМҚК «Жас дәурен» ООСО, 2012-2014, Баянауыл селосы. Информатика пәнінің мұғалімі, тәлімгер. (2 жыл) Бiлiмi: - Орта 1997 – 2008 жж. – Баянауыл селосы, З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты - Жоғары: 2008-2012 жж. –Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты– информатика пәнінің мұғалімі, бакалавр (үздік диплом) Тiлдi бiлуi: Қазақ тілі – ана тілі, орыс тілі – еркін, ағылшын тілі – сөздік көмегімен Жеке қасиеттері: Ұқыпты, ақкөңіл, ашық, адамдармен тез тіл табыса алады, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Қосымша ақпараттар: 2013 жыл – информатика пәні мұғалімінің екінші біліктілік санаты берілді. 2014 жыл – жаттықтырушы – педагог (тәлімгер) лауазымы бойынша екінші біліктілік санаты берілді. 2013 жыл, сәуір. Орал қаласы – Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында өз біліктілігін көтерді. 2013 жыл. Павлодар қаласы – «Тәрбие берудің ізгілік парадигмасында аға тәлімгердің кәсіби деңгейінің өсуі» атты облыстық оқыту семинарының қатысушысы. 2013 жыл, қазан. Щучинск қаласы – «Ұйымдастырушы – ұстаздардың шеберлік мектебінің» қысқа мерзімді курстарының қатысушысы. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дәурен» облыстық оқыту – сауықтыру орталығында ұйымдастырылған «Жыл тәлімгері – 2014» байқауының жеңімпазы. Отбасылық жағдайы: тұрмыс құрмаған
Добавлен: 24 Қазан 2014
Ответ:
Құрметті Анар Балтабекқызы! Әзірше информатика пәні мұғаліміне бос орын жоқ. Түйіндеменізді алдық, рахмет!
Аты-жөнi: Мухаметбекова Гульдана Мухаметбековна
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздерме!мен сіздердің мектептеріңізге резюме жібере алмай отырмын .Сіздерге Өзін өзі тану пәнінен мұғалім керек емеспе?
Добавлен: 25 Тамыз 2014
Ответ:
Құрметті Гульдана Мухаметбековна! Мектепте өзін өзі тану пәнінін мұғалімі бар, бос вакансия жоқ.
Аты-жөнi: Ата -ана!
Вопрос/обращение:
Наурыз мерекесімен №2 мектептің барша ұстаздардын құттықтағым келіп отыр! Сіздерге үлкен алғысымды білдіре отыра шығармашылық табыстар тілеймін!
Добавлен: 14 Наурыз 2014
Ответ:
Рахмет!
Аты-жөнi: РОДИТЕЛЬ
Вопрос/обращение:
Здравствуйте.Расскажите пожалуйста, почему во время учебного процесса на территории школы проходят концерты артистов цирка? Для этого даже сокращается время или отменяются занятия.Артисты театра зарабатывают деньги, а какая выгода вам?......
Добавлен: 21 Ақпан 2014
Ответ:
Құрметті ата-ана. Мектепке цирк әртістері шақырылған емес. Салауатты өмір салтын насихаттау үшін қуыршақтар театрын шақырғанымыз рас. Бірақ ол үшін сабақтар қысқартылған жоқ және тіпті алынып тасталған жоқ. Және бір сыныптан 5-6 оқушы ғана қатысты. Сабақтар өз уақытымен өткізілді. Бастауыш сынып оқушыларына салауатты өмір салтына байланысты мәліметтерді оқып түсіндіргеннен гөрі қуыршақтармен бірге ойнатып түсіндірген әлдеқайда тиімді.
Аты-жөнi: №2 мектеп ұжымы
Вопрос/обращение:
Құрметті Надежда Бәкібайқызы! Сізді бүгінгі есте қаларлық мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Әріптестеріңіз Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын! Ұжым болып құттықтаймыз бүгін біз, Құтты болсын бүгінгі туған күніңіз. Бәрімізге ақыл-кеңес беретін, Ұжымымыздың ұйтқысы боп жүріңіз!
Добавлен: 16 Қаңтар 2014
Ответ:
РАХМЕТ!
Аты-жөнi: Жұмагелді Толегенұлы, ата-аналар комитеті
Вопрос/обращение:
Құрметті Надежда Бәкібайкызы! Сізді және сіз басқарып отырған педагогикалық ұжымды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.Ата бабаларымыздың аңсап көптен күткен тәуелсіздік күніміз кұтты болсын. Қазақстандағы әр бір отбасына мол бакыт, амандық тілеймін, Алланын нұры жаусын, Нұр үстіне нұр жаусын, Еліміз гүлденіп көркейе берсін. Қазақстандыктар төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Добавлен: 14 Желтоқсан 2013
Ответ:
Рахмет!!!
Аты-жөнi: Павлодарский филиал АО "КСЖ "Казкоммерц-Life"
Вопрос/обращение:
Учить трудиться, думать смело, Шагать. Дороги хороши... Нет в мире радостнее дела, Чем воспитание души! Наставникам стихи и песни, Сверканье вдохновенных строк, Мудрейшей изо всех профессий, Величью звания: "Педагог!"
Добавлен: 03 Қазан 2013
Ответ:
Спасибо за поздравления!
Аты-жөнi: Серікбай Ырысты
Вопрос/обращение:
Құрметті Надежда Бакибаевна! Сіздердің сайттарыңыздың нақты мекен-жайы керек. Ақыл-кеңестер сұрау үшін
Добавлен: 11 Қыркүйек 2013
Ответ:
Құрметті Серікбай Ырысты! Мектептің сайтына жауапты информатика мұғалімі Гүлбаршын Қуандыққызы Досанова, 2 қабатта №10 кабинет.
Аты-жөнi: ата-ана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе! 9 сынып оқушылары ОЖСБ тапсырыма? Рахмет!
Добавлен: 16 Сәуір 2013
Ответ:
Осы кезенде өтіп жатқан ОЖСБ жұмыстарына мектеп қатыспайды. Бірақ дайындық жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала тест жұмыстары жүріп жатыр. ОЖСБ-ға байланысты түсетін қосымша мәліметтер туралы ата-аналарға және оқушыларға арнайы хабарлаймыз!
Аты-жөнi: Шапен Айдана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе! 9 сыныптан кейін тандаған оқу орнына түсе алмасақ мектепте 10 сыныпқа қайтып келуге бола ма?
Добавлен: 16 Сәуір 2013
Ответ:
Әрине, 10 сыныпқа қайтып келуге болады. Мектеп сіздерді қабылдайды.
Аты-жөнi: Шапен Айдана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе ! Астана қаласына саяхатқа бару үшін бағасы канша тұрады және оның ішіне қандай бағдарламалар енгізілген?
Добавлен: 16 Сәуір 2013
Ответ:
Құрметті Айдана Шапен! Астана қаласына саяхатқа бару үшін бағасы оқушылардың санына байланысты. 15 оқушы +1тәрбиеші - 17300 тенге, 20+1-16600 тенге, 30+2 - 14600 тенге, 45+2 - 13600 тенге. Тур 2 күн/1 түн, өткізілетін бағдарламалар билет құнына енгізілген.
Аты-жөнi: Эльвира Жамболатовна
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе Надежда Бәкібайкызы Аcылбековна! Менің балам 2-сәбилер тобына барып жүр, жасы 4-тен асты, мен сіздің шағын орталығына жаңа оқу жылынан бастап бере алам ба? Бұл жағдай қалай іске асады екен?
Добавлен: 26 Наурыз 2013
Ответ:
Құрметті Эльвира Жамболатқызы! Біздің шағын орталығына жаңа оқу жылынан бастап балаңызды ауысу туралы мәселені қалалық бөлімнің мектепке дейінгі ұйымның №405 және №409 кабинетінен анықтап білуге болады, мекен жайы Кривенко 25.
Аты-жөнi: Жұмагелді, ата-аналар комитеті және 9 сынып оқушылары.
Вопрос/обращение:
Құрметті Надежда Бәкібайкызы! Сізді және сіз басқарып отырған ұжымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған алқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметіңіз әр дайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыз орындалсын.Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!Сіздерге деген шын жүректен бақыт пен құт-береке, бейбіт өмір тілектерімізді қабыл алыңыздар. Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін.Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!
Добавлен: 22 Наурыз 2013
Ответ:
Рахмет!
Аты-жөнi: №2 мектеп ұжымы
Вопрос/обращение:
Құрметті Надежда Бәкібайкызы! Сізді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтамыз. Сізге денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын. Мектеп ұжымы
Добавлен: 07 Наурыз 2013
Ответ:
Рахмет,ізгі тілектеріңізге!
Аты-жөнi: Сулейменова Алма Муратовна
Вопрос/обращение:
Слеметсізбе Надежда ханым неге сіздердің сайтыңызда мини центрлеріңіз жайлы еш бір ақпрат жоқ мини центррге арналған жеке бір блог сайтын ашсаңыз алғысымыз шексіз болар еді рахмет
Добавлен: 24 Қаңтар 2013
Ответ:
Құрметті Алма Муратқызы! Ұсынысыңызға рахмет! Біздін мектеп сайтында "Мерей" шағын орталығы туралы ақпарат мектеп әкімшілігінің қарастыруында. Бұл мәселені шешуге тырысамыз!

бiрiншiсi 1 4 5 6 7 соңғысы

Сұрақ қою