Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-45-15 Бухгалтер:62-33-30
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Интересно ли учиться в нашей школе?
Голосовать
да - 24
нет - 11
незнаю - 7
Всего проголосовало: 42
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ОЖСБ-ға дайындықты дұрыс ұйымдастыру туралы психологиялық кеңес

ОЖСБ-ға дайындықты дұрыс ұйымдастыру туралы психологиялық кеңес.    

 

ОЖСБ -туралы жағымсыз ой қалыптастырмаңыз. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз. Сынақ сіздің жеке қасиеттеріңіз емес, білімдеріңізді тексереді. Алдын ала: “Тапсырма алмасам не болады?”-деп уайымдамаңыз. Сынақ үстінде ішкі дауысыңызға ерік беріп: Мен тапсыра алмаймын. Мына сұрақты білмеймін. Шаруам бітті-деген ойларға батпаңыз.  Сынақты сәтті тапсыру үшін бірнеше кеңесті тыңдаңыз!

Жинақтал! Қызметтік секторды толтырған соң, ойыңды жинақтап, тапсырмаларға үңіл. Уақыт шектеулі екенін ұмытпа.

Асықпай тездет! Уақыттың шектелуі сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеу керек. Жауап белгілер алдында сұрақты екі рет оқып ұғынып ал. Жеңілінен баста! Алдымен жеңіл тапсырмаларды орында. Осылай сен тез ойыңды жинақтап, жұмысқа кірісе аласың.

Тастап кет! Қиын немесе түсініксіз тапсырмаларды тастап кет. Егер қиналатын тапсырмаларға тіреліп, жеңілдерін белгілеуге үлгермей қалсаң өкінішті болады.

Тапсырманы соңына дейін оқы! Асығыста оңай сұрақтардан қате жіберуің мүмкін.

Кезекті тапсырманы ойла! Жаңа тапсырмаға кірісер алдында басқаларын ұмыт. Әр жаңа тапсырма сенің ұпай жинауыңа мүмкіндік .

Шығарып таста! Тапсырманы орындау барысында, бірден дұрыс жауап іздемей, дұрыс емес жауаптарын шығарып таста. Сонда бір-екі жауаптан дұрысын табу жеңілірек болады.

Уақыт алып қал! Уақытыңнан 2/3 бөлігін жеңіл тапсырмаларды орындап, барынша жоғары нәтижеге жетесің, қалған уақытты күрделі тапсырмаларға қалдыр.

Тексер! Жауаптарыңды тексеруге уақыт бөл.

Тап! Егер жауабын білмей отырсаң, интуицияңа сен. Осы дұрыс болар деген жауабын таңда.

Мұңайма! Барлық тапсырманы дұрыс орындап үлгеру қиын. Жақсы бағаның өзі жеткілікті болуы мүмкін.

 

 

Сәттілік тілейміз!