1997 жылдың 20 қазанында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылғы 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болуы туралы Жарлыққа қол қойды. Жарты жылдан кейін, яғни 1998 жылдың 6 мамырында оған жаңа Астана аты беріледі.

1

Мемлекет басшысы елдің басты алаңында / Ақорда баспасөз қызметінің фотосуреті

      Елорданы Алматыдан Қазақстанның орталығына көшіру туралы шешім 1994 жылғы 6 шілдеде қабылданды (сондықтан 6 шілде Астана күні болып саналады). Ауыстыру туралы ұсынысты Нұрсұлтан Назарбаев берген.

 

      Сол уақытта қаланың халқы шамамен 290 мың адамды құраған. Сол уақыттарда миллиондық болған Алма-Атыға (қазіргі Алматы) қарағанда Ақмоланың өсу мүмкіндігі мен үлкен әлеуеті болды.

1

Мемлекеттік қызмет академиясы, 2008 жыл / Ақорда баспасөз қызметінің фотосуреті

        1995 жылғы 15 қыркүйекте Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» Жарлыққа қол қойды, онда Ақмоладағы жоғары және орталық органдарды ауыстыру туралы жұмысты ұйымдастыру жөніндегі Мемлекеттік комиссияны құру туралы бұйрық берді.

 

         Айтпақшы, Целиноградтың (Ақмола, Астананың бұрыңғы аты) бұрыңғы кеңестік кезеңде астанаға айналуға мүмкіндігі болған. 1964 жылы Хрущёв мырза ҚазССР астанасын осында көшіруге ұсыныс жасаған. Ең басты дәлел - қаланың орналасуы болды. Мүмкін, егер Хрущёв билікте біраз уақыт қалса, онда біз Қазақстан астанасының 20-жылдығын емес, 50-жылдығын тойлап жатушы едік.

Открытие этнопарка в Астане, 2001 год

Астанадағы этнопарктың ашылуы, 2001 жыл / Ақорда баспасөз қызметінің фотосуреті

      Қалада бірінші болып туристерге арналған барлық магниттерде жүрген және қаланың ең басты көрнекіліктерінің бірі болып саналатын, елорданың символы - Бәйтерек салына бастады. Архитекторы - Ақмұрза Рүстембекова.

Открытие Байтерека .... год

Бәйтеректің ашылуы, 2002 жыл / Ақорда баспасөз қызметінің фотосуреті

     Құрылыс биіктігі – 97 метр, үстіндегі үлкен шарымен қосқанда, – 105 метр.

      Әлемдік көшбасшылар мен жоғарғы шенді адамдар бұл жердің басты қонақтары. Өткені бұл жерден астана алақандағыдай көрінеді.

Байтерек, 2004 год

Байтерек, 2004 жыл / Ақорда баспасөз қызметінің фотосуреті

       Астана күн сайын емес, сағата сайын өзгере бастады. Әсіресе елорданың сол жағалауы.

      Астана тек қана елорда болған жоқ, сонымен қатар, халықаралық кездесулер, келіссөздер мен түрлі саммиттердің өту орнына айналды.

Акорда, 2008 год

Ақорда, 2008 жыл / Ақорда баспасөз қызметінің фотосуреті

      Елордада Әлемдік дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу үшін халықта пирамида деп аталатын және қаланың көрікті жерлерінің біріне айналған Бейбітшілік пен келісім сарайы салынды. Пирамида авторы британдық архитектор  Норман Роберт Фостер.

      Әрбір үш жылда Астана әртүрлі діндердің, этнос және мәдениеттің бірігу орнына айналады.

1

Испания королі І Хуан Карлоспен / Ақорда баспасөз қызметінің фотосуреті

      Астанадағы кейбір ғимараттар уақыт өтсе де өзгермеген. Бірақ ескінің жанынан жаңалары салынып жатыр.

      1997 жылдан бастап Астананың халқы 3 еседен астамға өсті. 2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша елордада 1026181 адам ресми түрде тұрады. Ал астананың перинаталды орталықтарында күн сайын 75-80 бала дүниеге келеді.

1

1 қыркүйек, 2008 жыл/ Ақорда баспасөз қызметінің фотосуреті

      1997 жылдан бастап еліміздің көлік жүйесі толығымен өзгерді. Бүгінгі күні ол жалпы ұзындығы 1049 шақырым болатын 953 көшеден тұрады.

       Астана бар жоғы үш жылдың ішінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындалды. Құрылыс басталғаннан бастап 2017 жылдың басты оқиғасының басталуына дейін осыншама уақыт өтті. 

      20 жылдың ішінде қаланың ауданы 500 шаршы шақырымға ұлғайды..

1

Астана, 2006 жыл/ Ақорда баспасөз қызметінің фотосуреті
                                                                                                                 Ақпарат толық informburo.kz сайтынан алынды