Сенім телефоны
87075942843
email: sad32@goo.edu.kz
Мекенжайы: Н.Назарбаев даңғылы 7/1
Қабылдау бөлмесі 680064
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 9.00-11.00 Жұма 15.00-17.00
Басшы
Жанаспаева Гульмира Болатовна
Жанаспаева Гульмира Болатовна

 

"Күлімсіреу — ол түкке тұрмайды, бірақ берері көп. Оны кім сыйласа ол кедй болмайды, ал алған адамдарды байытады. Ол бір мезетке ғана ұзарады да, есте мәңгілік қалады. Онсыз ешкім баии алмайды, онсыз ешкім ештеңе істей алмайды;  содан байып кеткен кедей де жоқ. Ол үйге бақыт әкеледі, мейірімділік атмосфераны туғызады және достар үшін пароль ретінде қызмет етеді.

Ол – шаршағандарға шабыт береді,  еңсесі түскендергі күннің жарығы, қайғырғандарға күннің көзі, сонымен бірге жағымсыз оқиғаларға қарсы қару болып табылады. Оны сатып, сұрап  алуға болмайды,  қарызға беруге, ұрлап алуға, оны бермегенше,  ол ештеңеге жарамайды.

                                                                                                                                        Д.Корнеги

               Жанаспаева Гульмира Болатовна  1969 жылы 28 сәуірде  Қарағанды облысында дүниеге келген. Балалық шағынан мұғалім болуды армандап өсті.          1989 жылы Екібастұз педучилищесін үздік бітіріп, Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық институтына педагог-психолог мамандығы бойынша оқуға түсті. Алғашқы ұстаздық жолын Екібастұз қаласындағы № 13 мектептің бастауыш сынып мұғалімі болып бастады.  Содан бері 14 жыл мектепке дейінгі мекемелердің басшысы болып қызмет атқарып келеді. Гүлмира Болатовнаның ең басты мақсатының бірі – болашақ ұрпақты  рухани-әдептілікке тәрбиелеу.

          Ол балалар үшін «Балабақшада твистинг технологиясын балалармен қолдану» бағдарламасын құрастырды. Гүлмира Болатовнаның басшылығымен  әдіскерлер қазіргі кезде үш балабақшаларының басшылары болып қызмет жасап жатыр, ал тәрбиешілер – әдіскерлер қызметін атқаруда. Павлодар қаласындағы мекемелерді басқара отырып «Балапан» бағдарламасы бойынша үш балабақшаны қайта қалпына келтірді. Ұлттық біртұтастық және қоғамдық келісімге үлкен үлес қосуда. Барлық қалалық, облыстық іс-шараларға қатысады. Павлодар облысы халықтар Ассамблеясының қоғамдық бірлестігінің «Нұр-Ана әлемі» «Келіндер» клубының жетекшісі. «Ұлт жоспары – бес институттық реформаның 100 қадамы» шеңберінде ол «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты конкурс ұйымдастырып, өткізді. Павлодар облысы халықтар Ассамблеясының қоғамдық бірлестігінің «Нұр-Ана әлемі» 2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есім» республикалық жобасына қатысты. Іс-шараларға белсене қатысқаны үшін білім Министрлігінің грамотасымен,алғыс хатымен, бірнеше рет қала әкімінің, білім бөлімі басшысының  мадақтамасы мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Білім басқармасының «Табыс» кітабына енгізілді, оның түлектері қалалық, республикалық, халықаралық конкурстар мен фестивальдардың жүлдегерлері мен иегерлері болып саналады.