Сенім телефоны
22-77-11
Мекенжайы: Жаяу Мұса көшесі, 4 құрылыс
Басшы: 22-77-07 Есепші: 22-77-01 Вахта: 22-77-04 Медбике: 22-77-15 Әдіскер:22-77-03
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Администрация
Мензипа Набиоловна Матаева
Мензипа Набиоловна Матаева

* есепке алу-есептеу жұмыстарын, бухгалтерлік есеп пен бақылаудың прогрессивті нысандары мен әдістерін барынша механикаландыру негізінде есепке алуды ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

* Мемлекеттік сатып алу бойынша "веб.және олар бойынша есеп береді.

* келіп түсетін ақшалай қаражаттың, тауар-материалдық құндылықтардың және негізгі құралдардың есебін жүргізеді, олардың қозғалысымен байланысты операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы көрсетеді, өндіріс және айналым шығындарының, шығыстар сметасының орындалуының, өнімді сатудың, жұмыстарды (қызметтерді) орындаудың, мектептің шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелерінің, сондай-ақ қаржылық, есептік және кредиттік операциялардың есебін жүргізеді;

* өнімнің, жұмыстардың (қызметтердің) өзіндік құнының экономикалық негізделген калькуляциясын, жалақы бойынша есептерді, педагог қызметкерлердің тарификациясын жасайды;

* жүргізеді: мемлекеттік бюджетке төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жарналарды, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты, зар есептеуді және аударуды

Бейбитгуль Турсуновна Классен
Бейбитгуль Турсуновна Классен

Өндіріс бөлімшелері орналасқан ғимараттар мен жайлардың өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес шаруашылық қызмет көрсету тиісті күйде сақтауды, сонымен қатар жабдықтаудың (жарықтың, жылыту, желдету жүйелерінің және тағы басқа) жөнделуінің бақылауын қамтамасыз етеді. Негізгі қорлардың (ғимараттардың, сумен қамтамасыз ету, ауа өткізу жүйелердің және тағы басқа) ағымдағы және күрделі жөндеуін, шаруашылық шығындар сметаларының құрылуын әзірлеуге қатысады. Жайларды жөндеуді ұйымдастырады, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылайды. Жиһазбен, шаруашылық саймандармен, басқарушылық еңбектің механикаландыру құралдарымен қамтамасыз етеді, олардың сақталуын және уақытымен жөнделуін қадағалайды. Қызмет көрсетуге, кеңселік құралдарды, қажетті шаруашылық материалдарды, жабдықтау мен құрал саймандарды алуға және сақтауға келісім шарт жасау үшін қажетті құжаттардың рәсімдеуін, олармен құрылымдық бөлімшелердің жабдықталуын, сонымен қатар оларды жұмсау және орнатылған есептіліктің құрылуын ұйымдастырады. Шаруашылық мақсаттарға берілетін материалдар мен құралдардың тиімді жұмсалуын бақылайды. Қызметтік іс сапарға келген делегациялар мен тұлғаларды тіркеу мен қабылдап алуды және қажетті қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Ғимараттың сыртын және өтпелі жерлердің мерекелік әсемдеуді, аумақты жинақтау мен көгалдандыруды басқарады. Семинарлар мен өзге де шараларды, конференция, кеңес өткізуге қажетті шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Жұмыс күннің тәртібін және демалыс кестесін құруды, түскі үзілістерде қызметкерлердің рационалды тамақтануларын, табельдік есепті ұйымдастыру жұмыстарын жасайды. Өртке қарсы шаралардың іске асуын және өртке қажетті инвентарлардың дайын тұруын қамтамасыз етеді. Ұйымдық және есептеу техникаларын, байланыс құралдарын енгізуде шаралар қолданады. Бөлім жұмысшыларын басқарады. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің, өрт қауіпсіздігінің талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Мейрамгуль Тельмановна Ахметова
Мейрамгуль Тельмановна Ахметова

  - Қызметкерлердің алдынала (жұмысқа түскен кезде) және мезгіл-мезгіл (еңбек ету барысында) міндетті медициналық байқаулардан (тексерулерден) өтуіне жауап береді.

-  Медицина мекемелерінен алынған материалдар негізінде мезгіл-мезгіл медициналық байқаудан өтуге тиісті кісілердің тізімін жасайды.

 -Салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды дағдыға айналдырады, уытқұмарлық (токсикомания) және нашақорлық (наркомания), ішімдікке салыну (алкоголизм) мен темекі тарту көріністерінің алдын алу бағытында жұмыстар жүргізеді.

Өндірістік бақылау жоспарын әзірлейді.

- Санитарлық заңнамалардың сақталуын ұйымдастырады.Оқу кабинеттерінің, спорт залдарының, тұрғын және басқа да орын-жайлардың, сондай-ақ асхана қауіпсіздік нормалары мен ережелеріне сәйкес санитарлық-гигиеналық жай-күйіне ағымдағы бақылаулар жүргізілуін қамтамасыз етеді.

- Ас дайындау бөлігінде тағам әзірлеу ережелері бойынша технологиялық карталар жасайды.

 - Физиологиялық тұтыныс нормаларын есепке ала отырып, тағам түрлерінің колориялығы мен химиялық құрамы көрсетілген апталық немесе айлық жоспар-мәзір дайындайды.

  - Жоспар-мәзірге сәйкес жасалған күнделікті мәзірлерге қол қояды, бұрын әзірленген мәзірді орындау мүмкін болмаған жағдайда тағам түрлерін немесе азық түрлерін ауыстырады.

- Ауырып немесе жараланып қалған балаларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетеді және бұл жөнінде басшыға баяндап, ата-аналарға (заңды өкілдерге) хабарлайды, олардың келісімі бойынша травмотология пунктіне немесе стационарға жіберу туралы шешім қабылдайды.

-   Қызметкерлер мен тәрбиеленушілер арасында жарақаттанудың алдын алу және аурулықты азайту бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

-   Басшымен, қоймашымен, кәсіподақ комитетімен, ата-аналар қауымымен бірлесіп тамақтандыру ісін ұйымдастыруды, азық-ауқат өнімдері асортиментін жақсарту, асты сапалы дайындап, оны асханада тарату үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қолданады, әзірленген тағам түрлерінің сынамасын алады.

-   Медициналық мекемелермен бірлесіп медициналық қызмет көрсету және сауықтыру жұмыстарын жақсарту бағытында шаралар қолданады.

-   Қызметкерлерді еңбек қорғау талаптарына сәйкес емдеу-профилактика қызметімен қамтамасыз етеді, ас дайындау бөлігінің қызметкерлерін күнделікті байқаудан өткізеді.

-   Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша профилакикалық егу талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

-     Еңбек және оқу процестері қауіпсіздік жағдайларының, жұмыс орындары мен оқу орындарында еңбек жай-күйінің, сондай-ақ қызметкерлер мен оқушылар тарапынан жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары дұрыс қолданылуының бақылануын қамтамасыз етеді.

-карантин болған кезінде күнделікті балаларды қабылдауға қатысады.

-  Дәрі-дәрмектердің, медициналық жабдықтардың дер кезінде алынуын және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

-   Дәрігердің емдеу шараларына, емдік іс-әрекеттеріне ассистент ретінде көмектеседі.

-   Өз мамандығы аясында медициналық кабинеттің тәртіпте ұсталуын қадағалайды, асептиктер мен антисептиктер қолдану, құрал-саймандарды тазарту ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді.

-     Қажетті есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді.

-   Орта медициналық персоналдар үшін емханада ұйымдастырылатын сабақтарға қатысу жолымен өз кәсіби біліктілігін көтереді.

-     техникалық персоналы жұмысын қадағалайды.

Анар Солтанхановна Амирова
Анар Солтанхановна Амирова

-білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

-оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды;

- балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады;

-жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды;

-оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді;

- оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;

- инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерттеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді;

- топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады;

-оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды;

-тәрбиешілер үшін сабақтар, мастер-кластар, семинарлар, жеке және топтық кеңестер, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады;

-оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақытылы рәсімдейді;

-тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді;

-ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;

-тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді;

-педагогтердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.