- Қызметкерлердің алдынала (жұмысқа түскен кезде) және мезгіл-мезгіл (еңбек ету барысында) міндетті медициналық байқаулардан (тексерулерден) өтуіне жауап береді.
- Медицина мекемелерінен алынған материалдар негізінде мезгіл-мезгіл медициналық байқаудан өтуге тиісті кісілердің тізімін жасайды.
-Салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды дағдыға айналдырады, уытқұмарлық (токсикомания) және нашақорлық (наркомания), ішімдікке салыну (алкоголизм) мен темекі тарту көріністерінің алдын алу бағытында жұмыстар жүргізеді.
Өндірістік бақылау жоспарын әзірлейді.
- Санитарлық заңнамалардың сақталуын ұйымдастырады.Оқу кабинеттерінің, спорт залдарының, тұрғын және басқа да орын-жайлардың, сондай-ақ асхана қауіпсіздік нормалары мен ережелеріне сәйкес санитарлық-гигиеналық жай-күйіне ағымдағы бақылаулар жүргізілуін қамтамасыз етеді.
- Ас дайындау бөлігінде тағам әзірлеу ережелері бойынша технологиялық карталар жасайды.
- Физиологиялық тұтыныс нормаларын есепке ала отырып, тағам түрлерінің колориялығы мен химиялық құрамы көрсетілген апталық немесе айлық жоспар-мәзір дайындайды.
- Жоспар-мәзірге сәйкес жасалған күнделікті мәзірлерге қол қояды, бұрын әзірленген мәзірді орындау мүмкін болмаған жағдайда тағам түрлерін немесе азық түрлерін ауыстырады.
- Ауырып немесе жараланып қалған балаларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетеді және бұл жөнінде басшыға баяндап, ата-аналарға (заңды өкілдерге) хабарлайды, олардың келісімі бойынша травмотология пунктіне немесе стационарға жіберу туралы шешім қабылдайды.
- Қызметкерлер мен тәрбиеленушілер арасында жарақаттанудың алдын алу және аурулықты азайту бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
- Басшымен, қоймашымен, кәсіподақ комитетімен, ата-аналар қауымымен бірлесіп тамақтандыру ісін ұйымдастыруды, азық-ауқат өнімдері асортиментін жақсарту, асты сапалы дайындап, оны асханада тарату үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қолданады, әзірленген тағам түрлерінің сынамасын алады.
- Медициналық мекемелермен бірлесіп медициналық қызмет көрсету және сауықтыру жұмыстарын жақсарту бағытында шаралар қолданады.
- Қызметкерлерді еңбек қорғау талаптарына сәйкес емдеу-профилактика қызметімен қамтамасыз етеді, ас дайындау бөлігінің қызметкерлерін күнделікті байқаудан өткізеді.
- Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша профилакикалық егу талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
- Еңбек және оқу процестері қауіпсіздік жағдайларының, жұмыс орындары мен оқу орындарында еңбек жай-күйінің, сондай-ақ қызметкерлер мен оқушылар тарапынан жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары дұрыс қолданылуының бақылануын қамтамасыз етеді.
-карантин болған кезінде күнделікті балаларды қабылдауға қатысады.
- Дәрі-дәрмектердің, медициналық жабдықтардың дер кезінде алынуын және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
- Дәрігердің емдеу шараларына, емдік іс-әрекеттеріне ассистент ретінде көмектеседі.
- Өз мамандығы аясында медициналық кабинеттің тәртіпте ұсталуын қадағалайды, асептиктер мен антисептиктер қолдану, құрал-саймандарды тазарту ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді.
- Қажетті есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді.
- Орта медициналық персоналдар үшін емханада ұйымдастырылатын сабақтарға қатысу жолымен өз кәсіби біліктілігін көтереді.
- техникалық персоналы жұмысын қадағалайды.