
Тарих пәнінің мұғалімі, білімі жоғары. Біліктілік санаты бірінші және педагог-сарапшы, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тарих бакалавр мамандығы бойынша 2006 жылы тәмамдаған. Жұмыс өтілі 14 жыл. Білім беру жүйесінің дамуына зор үлесі мен қызметі үшін аудандық әкім мен білім бөлімі басшысының Алғыс хаттарымен марапатталған. Оқушылары және өзі пән мұғалімі ретінде қашықтық республикалық және халықаралық пән олимпиадалардың жүлдегерлері.

Бірінші санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Білімі жоғары, Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Еңбек өтілі 28 жыл. «КИО», «НИО», «ПедСтарт», «Ұстаз тілегі», «Дарынды мұғалім-2020» қашықтық олимпиадалар жеңімпазы, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қатысушысы, орыс тілінен «Тіл дамыту» арнайы курсының авторы.

Жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі, тарих магистрі. Білімі жоғары, 2003 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ аяқтады. Еңбек өтілі 18 жыл. "Жыл мұғалімі - 2006", "Жыл мұғалімі - 2014" қалалық конкурсының, «Үздік кабинет-2011» байқауының, 2012 жылы бірлесіп жазылған әдістемелік оқу құралдары, 2013 жылы бірлесіп жазған әдістемелік-дидактикалық оқулықтардың облыстық конкурстарының жеңімпазы. 2010 жылы тарих пәні мұғалімдерінің қалалық пән олимпиадасының жүлдегері, 2013 жылы Ақтөбе қаласында АКТ-ны қолданатын облыстық сабақ байқауының жүлдегері. Облыстық білім басқармасының грамотасымен марапатталған, 2015 жылы. Есімі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Табыс" кітабына енгізілген. Оқушылары қашықтық олимпиадалардың, "Менің кіші Отаным" атты өлкетану бойынша қалалық конкурстың жүлдегерлері болып табылады.


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Білімі жоғары, Инновациялық Еуразия университетін 2006 жылы бітірген. Педагог-зерттеуші. Еңбек өтілі 18 жыл. Павлодар қаласы білім бөлімінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған. "Сатпаев оқулары" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының, "Заманауи сабақ - 2015" қалалық конкурсының (I орын, 2015 ж.) жеңімпазы, қалалық пән мұғалімдерінің олимпиадасының жүлдегері (II орын, 2017-2018 оқу жылы),облыстық "Рухани жаңғыру" - жаһанды мәнге ие" байқауында "Ұлағатты ұстаз" номинациясы бойынша (2019 ж.), республикалық "Зейін" олимпиадасында (I дәрежелі диплом, 2019 ж.), халықаралық "Мың бала" шығармашылық байқауында "Үздік қазақ тілі мұғалімі" номинациясы бойынша (І орын, 2020 ж.), республикалық қашықтық "ПедСтарт" олимпиадасында (ІІІ орын, 2020 ж.) жүлделі орындарға ие болды. Оқушылары ғылыми жобалары мен пәндік олимпиадалардың қалалық байқауының жүлдегерлері болып табылады.