Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Болашақ баспалдағымен биік шыңға шығармыз...
Нуркиев Эмиль
Нуркиев Эмиль

9 «В» сынып оқушысы Нуркиев Эмиль- Қазақстан футбол чемпионатының екі дүркін жеңімпазы - 2015, 2016 жж..

Поляцкая Анна
Поляцкая Анна

Поляцкая Анна- біздің мектебімізге және 5 «В» сыныбына осы оқу жылында келді. Жаңадан келген оқушы «Марафон» спорт клубына қатысады. Спортқа деген ынтасы мен қызығушылығы өте жоғары. Сондықтан алғашқы жетістіктер көп күттірген жоқ. Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық олимпиаданың мектептік кезеңінде Анна бірінші орынға ие болды. Ал бұдан бұрын «Алтын күз» жалпымектептік марафонында Анна алдыңғы қатарда болды. Балалардың ойынша: Анна – болашақ жеңіл атлетика спортшысы!

Билый Егор
Билый Егор

Билый Егор– 5 «В» сынып мақтанышы!

Ол Павлодар қаласының «Энергетик» теннис орталығында 6 жылдай тенниспен айналысады. Осы уақыт ішінде Егор бірнеше рет түрлі медальға ие болды: алтын, күміс, қола медалі. Ол тек қана қалалық жарыстарға емес, сондай-ақ 30 теннисші арасындағы республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысты.

Спорт саласына қоса, оқуда да алдыңғы қатарда көрінеді: демек бастауыш сыныпта тек қана «бестік» бағаға оқыды. Бүгінгі таңда 5-сынып оқушысы Билый Егор «жақсы» және «үздік» деген бағаға оқиды, түрлі интеллектуалдық жарыстарға қатысады.

Финк Владислав
Финк Владислав

Финк Владислав – самбист.Ол 2003-2005 жылы туған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы ашық күзгі қалалық самбо турнирінен бірінші орын алды, осыған орай медаль және мадақтамамен марапатталды. Владислав осымен шектелген жоқ. Сонымен қатар қалалық жарыстарға да қатысқан.  

Крушинский Иван
Крушинский Иван

9 «В»сынып оқушысы Крушинский Иванжасөспірімдер мен қыздар арасындағы жеңіл атлетика бойынша облыстық чемпионат жеңімпазы (300, 600 метрге жүгіру), 2016 ж.  

Михеев Михаил
Михеев Михаил

Михеев Михаил– бірнеше жыл шамасында шахматпен айналысады (бапкер Егоров Е., бас судья, ФИДЕ арбитрі). №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өткізілген 11 жастағы жасөспірімдер арасында жылдам шахмат чемпионатында 2-орынға ие болып, марапаттау медаліне ие болды. Мишаның алған жүлделері өте көп. Ол тек қана қалалық жарыстарға емес, сондай-ақ республикалық деңгейдегі жарыстарға белсене қатысты:    

-         «Надежда Прииртышья» 10 жастағы жастар арасындағы Павлодар облысы бойынша ашық шахмат чемпионаты (2 орын);

-         №3 БЖСМ 11 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы қалалық жылдам шахмат чемпионаты (2 орын);

-         Балаларды қорғау күніне орай 10 жасқа дейінгі балалар арасындағы қалалық блиц-турнирі.

Сондай-ақ 5-сынып оқушысы Михеев Михаил Таеквон-до ГТФ секциясына қатысады, түрлі қалаларға сапар шегіп, жүлделі орындар алады: Мишада марапаттау медаль мен мадақтама өте көп.

- Қарағанды қаласында Республикалық ашық таеквон-до ГТФ чемпионаты (2 орын);

- Көкшетау қаласында Республикалық ашық таеквон-до ГТФ чемпионаты (3 орын);

- «Кубок севера» балалар арасындағы Республикалық ашық таеквон-до ГТФ турнирі (массоги бағдарламасы, 3 орын);

- ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай қалалық таеквон-до ГТФ турнирі (2 орын).