БАЛКЕНОВ ЖАНҰЗАҚ ҚОРАБАЙҰЛЫ
Білімі: Жоғары
Санаты:жоғары
Жұмыс өтілі: 30 жыл
2004 жылы ұстаз облыстық авторлық бағдарламалар байқауының жүлделі ІІ орын иегері атанды. 2006-2007 оқу жылы облыстық мұғалімдер біліктілігін арттыру институтында іс-тәжірибесі таратылды.2008 жылы «Мұрагер» атты мектепішілік оркестр құрып, Құрманғазының 190 жылығына орай өткен облыстық «Мәңгі өшпес әуен» байқауының І-орын иегері болды. Мектеп оркестрі қалалық «Балауса- 2009» фестивалінде лауреат атанды. Шәкірттері әр деңгейдегі шығармашылық конкурстар жүлдегерлері, республикалық сайыстарға қатысушы.
Композитор ретінде шығарған біршама әндері бар, соның ішінде мектептің «Дарын» атты ұранының авторы.