Сенім телефоны
8(7182)533200
email: sad51@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Сәтбаев көшесі, 13
8(7182)533200 - басшы 530759 - әдіскер 653285 - бухгалтер 533092 - медбике
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
09.00-18.00. Түскі үзіліс/Обеденный перерыв -13.00-14.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Администрация

.

Басшы
Басшы

 Гульмира Кадылбековна Кизатова - байланыс телефоны 533200 

Білім беру қыметін жүргізуге құқық беретін МДҰ Жарғысы негізінде мектепке дейінгі ұйымның мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен, мектепке дейінгі білім беру кеңесімен бірлесе отырып бекітілген тәртіпте оқыту жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативтік, авторлық), мектепке дейінгі қосымша білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін ұйымдастырады. Мектепке дейінгі білім және тәрбие берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын, іске асыруды қамтамасыз етеді. Тәрбие – білім беру үрдісі кезінде тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің өмірлеріне және денсаулықтарының қауіпсіздігіне қажетті жағдай жасайды, ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді, тәрбиеленушілер құрамының қалыптасуын әзірлеп және бекітіп, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметтеріне ықпал етеді. Балалардың тағамдауын ұйымдастыруға және медициналық қызмет көрсетілуіне, тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің денсаулықтарын нығайтуға және сақтауға қажетті жағдайлардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Заңмен бекітілген тәртіпте мектепке дейінгі білім беру мүлкін және қаражаттарын пайдаланады, құрылтайшылар қаражаттарының өкілетті органға келіп түсуі мен оны пайдалану туралы жыл сайын есептерді табыстайды. Оқу – материалдық базаның есебін, сақталуы мен нығайтылуын қамтамасыз ету, санитарлық – гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы ережелерін орындалуын қамтамасыз етеді; қоғаммен, ұйымдармен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды алмастыратын тұлғалармен) қарым – қатынас жасайды. Педагогикалық кадрлар мен көмекші әлеуетті таңдау және олардың орналастырылуын жүзеге асыру, біліктілік сипаттамаларына сәйкес қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу; кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды; бекітілген тәртіпте қызметкерлердің аттестациясын өткізіледі. Педагогикалық кеңестің жұмысына жетекшілік етеді. Мемлекеттік, қоғамдық және өзге де ұйымдарда МДҰ атынан сөз алады, МДҰ қызметі туралы қажет болған есеп берулердің дай      ындап, табысталуын қамтамасыз етеді.

Әдіскер
Әдіскер

Гүлмира Амажолқызы Уалиева - байланыс тел. 530759

Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық үрдісті  ұйымдастыруға.  Ата-ана, тәрбиеші ұсынысы  бойынша, диагностика нәтижесін есепке ала отырып, оқу-тәрбие үрдісін жоспарлауға. Оқу-әдістемелік жұмысын талдау және оның тиімділігін арттыру мен жетілдіру бойынша өз ұсынысын әзірлеуге. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда қолданылатын түрлі әдістер мен тәсілдерді таңдауда педагогтарға  көмек көрсету, оларға нақты  бағдар беру. Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының біліктілілінн арттыру және  қайта даярлау мен дайындығын болжау бойынша ақпараттық және әдістемелік материалдар және диагностикалау бойынша материалдар әзірлеуге. Әдістемелік кабинет жұмысын ұйымдастыруға. Әдістемелік кабинетті педагогтардың  жұмыс істеуіне көмектесетін түрлі көрнекілік және оқу құралдары, әдістемелік-ақпараттық құралдармен, оқулықтармен толықтыруға қатысуға . Балаларды тәрбиелеу мен  оқытудың сапасын бақылауға. Психологиялық-педагогикалық тексерулер өткізуге және олардың нәтижесін талдауға.  Мектепке дейінгі мекеме мен мектеп арасындағы, түрлі топ тәрбиешілері арасында үздіксіз әрі  өзара тығыз байланысты жұмыс атқаруды қамтамасыз етуге. Мектепке дейінгі мекеме педагогикалық кеңесінің  шешімін бақылап отыруға. Жалпы білім беру – әдістемелік жұмысындағы ең үздік педагогикалық тәжрибелерді  зерттеуге және қажетінше осы ақпаратты таратуға. Отбасымен жұмыс істеуді  ұйымдастыруға.  Өз кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға. Сәйкесінше құжаттаманы жүргізуге.

Бухгалтер
Бухгалтер

 Мадина Джорабек кызы Умарова - байланыс телефоны 653285

 

Шаруашылық-қаржылық қызметтің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және материалдық, еңбектік, қарылық ресурстарды тиімді  қолдануды бақылау, кәсіпорын мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп заңнамасына сәйкес кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері мен құрылымын, кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігін есепке ала отырып кәсіпорынның есеп саясатын қалыптастырады. Жұмыс жоспарларының шоттары дайындау және қабылдау, бастапқы есептік құжаттарды, үлгі нысандар алдын ала байқалмаған шаруашылық операциялар үшін қолданатын, ішкі бухгалтерлік есептілік  құжаттардың нысандарын әзірлеуді, сондай   - ақ мүлікті түгендеу жүргізуінің реттік қамтамасыз ету, шаруашылық операциялар жүргізуін бақылауы бойынша жұмыстарды басқару.   Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің тиімділіктік ұйымдастыруын қамтамасыз ету, есеп жүргізу-есептеу жұмыстарын барынша орталықтандыру негізінде және заңды техникалық құралдармен ақпараттық технологияларды, есептеу мен бақылаудың прогрессивтік нысандары мен әдістерін қолдану, мекеме іс-әрекетінің, оның мүліктік жағдайының, табысы мен шығысы туралы толық және шүбәсіз бухгалтерлік ақпарат беру және қаржылық тәртібін бекітуге арнайы шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру. Мүліктің есебін, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларын, түсетін негізгі қаржыларын ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп шотында мезгілімен барлық қаржылық операциялар, өндірістің шығындары мен үндеуі көрсетілетін болсын. Шығыстардың сметасын орындау, өнімдерді тарату, жұмыстарды орындау, кәсіпорынның шаруашылық-қаржы іс-әрекетінің нәтижесі және қаржылық, есептік пен несие операциялары.   Құжаттардың заңды, мезгілімен және дұрыс ресімдеуін қамтамасыз ету, орындалған қызметтердің, өнімнің өзіндік құнына экономикалық негізделген есептік калькуляциясын құрастыру, еңбек ақысын есептеу, федералдық, аймақтық, жергілікті бюджеттеріне салықтары мен жиындарын дұрыс есептеуі мен тізбелеуі, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорына сақтандыру жарналарын, банкті мекемелеріне төлемдерді, іргелі салуларын қаржыландыруға  қаражаттарды аудару, белгілеген мерзімде банктер алдында борышты өтеу, кәсіпорын қызметкерлерін материалды ынталандыруға қаражаттарды аудару. Әуелгі және бухгалтерлік құжаттарды ресімдеуінің тәртібін сақтауына, есеп айырысу мен төлемдік міндеттемелеріне, еңбекақы фондын шығыстауына, кәсіподақ қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысын белгілеуіне, басты қаражаттардың, тауар-материалдық құндылықтардың, ақша қаражаттарына түгендеуін жүргізуіне, бухгалтерлік есеп жүргізуіне және есепті ұйымдастыру тексерістерін және кәсіподақ бөлімшелерінде құжаттардық тексерістерді ұйымдастыруына бақылауды жүзеге асыру.   Ішкі шаруашылық қорларын анықтауға, өнімділіктен тыс шығындарды жоюға бухгалтерлік есеп жүргізу мен есептіктің көрсеткіштерімен кәсіпорынның шаруашылық-қаражатты іс-әрекетіне экономикалық талдауын  өткізуіне қатысу. Жеткіліксіздікті алдын ала сақтандыру, ақшалай қаражатты және тауарлық-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсауды, қаржы және шаруашылық заңдары бұзуы бойынша шара қолдану.  Материалдардыңшығындар бойынша бойынша ресiмдеуiнде қатыссын және қаржылар және тауарлық-заттық құндылықтардың ұрлауымен, бұл материалдардың тергеу және сот органдарында берiлудi керектi жағдайда тексеруКәсіпорынның тұрақты қаржылық қызметін қамтамасыз ету үшін қаржылық құралдарды жинақтау бойынша іс-шараларды қолдануға. Қаржылық, штаттық, кассалық тәртіпті, әкімшілік-шаруашылық смета мен  өзге де шығындарды орындауды қатаң бақылауға алады, бухгалтерлік баланс шоттарынан дебиторлық берешекті және өзге де шығындарды мақсатты бағытта есептен шығарады, бухгалтерлік құжаттардын сақталуы, оларды мұрағатқа қойылған рет белгіленген тәртібімен дайындау және тапсыруы. Бухгалтерлік есеп пен есептілікті  жүргізуде қазіргі заманғы есептеу  құралдарын қолдану әдістерін енгізуге, тиімді жоспарлы және есептік құжаттаманы енгізу мен әзірлеуге қатысады. Балансы әзірлеуді және сәйкес келетін органдарға тапсырылатын жедел қорытынды есептер және табыстар мен  шығындар туралы есепті, бюджет  құралдарының жұмсалуы туралы есепті және өзге де бухгалтерлік есеп пен есептіліктің әзірленуін қамтамасыз етеді.  Бухгалтерлік есеп, бақылау, экономикалық талдау және есептілік, мәселелері бойынша кәсіпорын құрылымының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету.  Кәсіпорында заңгер қызметі қарастырылмаса, заңгердің де қызметін орындайды.

Медбике
Медбике

Рейдель Вера Васильевна  -байланыс телефоны 533092

Балабақшаның учаскісі мен бөлмелерінің санитарлық жағдайын бақылайды. Балаларды дәрігерлік бақылауға дайындайды.  Дәрігердің балаларды тексеруіне қатысады. Балалардың антропроментриялық өлшемдерін, дене салмағын анықталуын жүргізеді. Дәрігердің тағайындауын орындайды. Дәрігердің тағайындауы бойынша санитарлы тәртіптің сақталуын және балалардың шынығуы бойынша шаралар ұйымдастырылуын қадағалайды. Сауықтыру шараларын ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді және күн тәртібінің сақталуын, таңертеңгі гимнастиканың дұрыс орындалуын, дене шынықтыру сабақтары және балалардың серуендеуін бақылауды жүзеге асырады. Сырқаттау бойынша есепті жүргізеді, сырқаттанған балаларды оқшаулайды. Оқшаулағыш бөлмелерде болған балаларды күтуді ұйымдастырады.  Дәрігердің тағайындамасына сәйкес процедуралар мен медициналық тағайындауларын орындайды. Ағымдағы зарарсыздандырудың өткізілуін ұйымдастырады. Баланың денсаулығы мен дене бітімінің арналған педагогикалық кеңестерге қатысады. Дәрі-дәрмектер, зарарсыздандыру құралдары, медициналық инструменттер мен аппаратураларды дайындайды. Мекеме қызметкерлері мен ата-аналар арасында санитарлы-ағартушылық жұмыстарды ұйымдастырады. Балабақша қызметкерлерінің уақытымен медициналық тексеруден өтуін қадайғалайды.  Сәйкестендірілген медициналық құжаттарын жүргізеді. Айсайын әкімшілікпен және кәсіподақ ұйымымен бірлесіп балабақшадағы баланың сырқаттану себебін және сыртқаттану себептерін жою бойынша ұсыныстар енгізеді. Ас дайындау бөлмесі қызметкерлерін іріңді сырқаттануларға тексеру жүргізеді. Аудандағы эпидемиологиялық жағдайлар бойынша уақытымен танысу мақсатында жақын емханамен үнемі байланыспен қамтамасыз етеді.  Балабақшада емдәмбикенің болмаған жағдайында оның міндеттерін атқарады: 10-күндік болашақ ас мәзірінің негізінде күнделікті - ас мәзірін құрады, бухгалтерияға тапсырады. Азықтарды сақталу және орындау ережелерін сақтаумен жеткізілген азықтардың сапасын бақылайды. Астың дайындалу сапасын, азықтардың табиғи нормаларының сақталуын қадағалайды. Жүйелі түрде ас рационы каллориясынның және химикалық құрамының есебін жүргізеді. (жинақ ведомості бойынша). Ас бөлігінде азықтарды салуға қатысады. Күнделікті дайын тағамның сынауын жүргізеді. Шығу порциясының нормасының сақталуын қадағалайды. Жас топтары бойынша таратылатын тамақ нормасын күнделікті шығарып қояды. Топтардың тамақты алу кестесінің сақталуын қадағалайды. Күнделікті шала азықтар мен піскен тамақтардың сараптамасын жүргізеді, сараптаманы жайылмалы ас мәзірімен, сараптама дәптері мен ас  мәзірі бойынша азықтардың жинақталуын салыстырады.   Күнделікті қызметкерлердің тамақтану табелін жүргізеді. Топтар бойынша балалардың тамақтану табелінінің жүргізілуін қдағалайды.  Күнделікті топтарды аралауды қамтамасыз етеді, топтардағы тамақтанудын ұйымдастырылуын тексереді. 

МС бойынша бухгалтер
МС бойынша бухгалтер

Шарипова Райхан Ержановна

Мемлекеттік сатып алу бойынша бухгалтер міндетті: Мекеме мамандарымен тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алу бойынша жылдық жоспарды құрастыруға қатысады. Тауарлар сатып алу, жұмыстар мен қызметтерді  көрсетілу бойынша конкурсты ұтып алған жеткізушілермен келісім шарт жасайды. Тауарлар сатып алу, жұмыстар мен қызметтерді  көрсетілу бойынша конкурсты ұтып алған жеткізушілерден өз уақытылы келісім шарт жасауды және шарт жасауға қажетті құжаттарды талап етеді. Мекеме мамандарынан сайтта жариялау  үшін тауар, қызмет пен  жұмыстар сатып алуға өз уақытылы тапсырыс беруін талап етеді. Сатып алу және сатып алумен байланысты құжаттардың бекітілген тәртіпте орындалуын және рәсімделуін бақылайды. Мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты шағымдар мен  ұсыныс хаттарды қарастырады. Қызметін орындау барысында анықталған кемшіліктер мен қателіктерді мекеме басшылығымен талдайды және тиісті  шешім қабылдайды.  Мекеме мамандарына мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша көмектеседі. Өз қызметін атқару барысында анықталған қателіктер туралы басшыға хабарлап отырады. Мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарды толықтыру мен жентілдіруге өз ұсыныстарын жасайды. Жеткізушілермен келісім шарт жасау мәселелерін жылдам шешеді. Конкурс қатысушыларының ұсынған ұсыныстарын  қабылдайды және оларды тіркейді.