Әдіскер
-білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады; -оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды; - балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады; -жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды; -оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді; - оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады; - инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерттеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді; - топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады; -оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды; -тәрбиешілер үшін сабақтар, мастер-кластар, семинарлар, жеке және топтық кеңестер, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады; -оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақытылы рәсімдейді; -тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді; -ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді; -тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді; -педагогтердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
