Сенім телефоны
8(7182)67-61-98
email: sad42@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Шөкин көшесі 33
8(7182)67-61-98 қабылдау бөлмесі 8(7182)67-61-97 бухгалтерия 8(7182)67-61-96 вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, жұма -сағат 15.00- 17.00 дейін.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Анна Васильевна Жердева
Дәреже: Мектепке дейінгі гимназия бухгалтері
Анна Васильевна Жердева

Бухгалтер

Телефон: 676197

Есепке алу мен есеп беру ісінің тиімді ұйымдастырулуын қамтамасыз етеді. Бұл орайда есепке алу-есептеу жұмыстарын барынша механикаландыру, бухгалтерлік есеп пен бақылау-тексерудің прогрессивті формалары мен әдістерін қолдану шараларын жүзеге асырады.

Мемлекеттік қаржылық тәртіпті сақтауға бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру жұмыстарын басқарады.

Бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттарды қабылдап, тексереді және оларды есептік өндеуге дайындайды.

Келіп түсетін ақшалай қаржының, тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі қаражаттың есебін алады,олардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарына дер кезінде түсіріп отырады, өндіріс пен айналым шығындары, шығыс сметаларының орындалуы, өнімдерді өткізу, жұмыс (қызмет) түрлерінорындау, шаруашылық-қаржылық қызметі, сондай-ақ қаржылық, есеп айырысу және несиелік операциялар нәтижелері есебін жүргізеді.

Құжаттардың заңды түрде, дер кезінде және дұрыс ресімделуін бақылайды.

Өнімдердің, жұмыс (қызмет) түрлерінің экономикалық тұрғыдан негізделген өзіндік құны бойынша есеп калкуляциясын, жалақыға байланысты есеп айырысу құжаттарын, педагогикалық қызметкерлерге тарифін жасайды.

Мемлекеттік бюдет төлемдірін, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жарналарын, күрделі қаржысалымдарын, қызметкерлерінің жалақысын,салықтарды, өзге де төлемдер мен төлемақыларды есептейді және аударады, несие бойынша банктерге берешек қарыздардын белгіленген мерзімде өтелуін, сондай-ақ экономикалық ынталандыру қоры мен басқа да қорларға қаржы аударылуын жүзеге асырады.

Ішкі шаруашылық резервтерін орындау, ысырып пен өнімсіз шығындарды реттеу мақсатында бухгалтерлік есеп пен есеп беру мәліметтері бойынша шаруашылық-қаржылық қызметке экономикалық талдау жасалуын қамтамасыз етеді.

Кем шығу, ақшалай қаржы мен тауарлық-материалдық құндылықтардың заңсыз жұмсалуы, қаржылық және шаруашылық заңнамаларының бұзылуы секілді келеңсіз көріністердің алдын алу мақсатында шаралар қабылдайды.

Ақшалай қаржыларға, тауарлық-материалдық құндылықтарға есептер мен төлемдік міндеттемелерге инвентаризация жүргізу ісіне қатысады.

Ақшалай қаржылар мен тауарлық- материалдық құндылықтардын кем шығу талан- таражға түсу жағдайлары бойынша тиісті құжаттардың ресімделуін жүзеге асырады, қажет болған жағдайда бұл құжаттарды тергеу, сот органдарына тапсырады.

Штаттық, қаржылық, кассалық тәртіптің қатаң сақталуын, әкімшілік-шаруашылық және өзге де шығындар сметаларының, бухгалтерлік баланстан кем шығуларды, дебиторлық қарыздарды және басқа ысырыптарды есептен шығару заңдылығының, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын,сондай-ақ олардың ресімделуін және белгіленген ретпен мұрағатқатапсырылуын қамтамасыз етуге байланысты жұмыстарды жүргізеді.

Қажетті бухгалтерлік есеп беру құжаттарын дер кезінде жасап,оларды белгіленгенмерзімде тиісті органдарға тапсырады.

Есеп құжаттамаларын жүргізудің оңтайлы әдістерін және қолданысқа ендіреді, есепке алу-есептеу жұмыстарын механикаландыру жөнінде шаралар қабылдайды.

Қызметкерлерге есепке алу, тексеру, есептілік пен эконокимкалық талдау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетіді.

Бухгалтерия орын-жайларында қатаң есептіліктегі ақшалай қаржылар мен құжаттарды сақтау ережелерінің, өрт қауіпсіздігі және санитария нормаларының орындалуын қадағалайды, есептеуіш техникалар мен қолданыстағы басқа да техникалардын қауіпсізі пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Қаржылық-шаруашылық қызмет балансын жасайды.