Гүлмира Амажолқызы Уалиева - байланыс тел. 530759
Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық үрдісті ұйымдастыруға. Ата-ана, тәрбиеші ұсынысы бойынша, диагностика нәтижесін есепке ала отырып, оқу-тәрбие үрдісін жоспарлауға. Оқу-әдістемелік жұмысын талдау және оның тиімділігін арттыру мен жетілдіру бойынша өз ұсынысын әзірлеуге. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда қолданылатын түрлі әдістер мен тәсілдерді таңдауда педагогтарға көмек көрсету, оларға нақты бағдар беру. Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының біліктілілінн арттыру және қайта даярлау мен дайындығын болжау бойынша ақпараттық және әдістемелік материалдар және диагностикалау бойынша материалдар әзірлеуге. Әдістемелік кабинет жұмысын ұйымдастыруға. Әдістемелік кабинетті педагогтардың жұмыс істеуіне көмектесетін түрлі көрнекілік және оқу құралдары, әдістемелік-ақпараттық құралдармен, оқулықтармен толықтыруға қатысуға . Балаларды тәрбиелеу мен оқытудың сапасын бақылауға. Психологиялық-педагогикалық тексерулер өткізуге және олардың нәтижесін талдауға. Мектепке дейінгі мекеме мен мектеп арасындағы, түрлі топ тәрбиешілері арасында үздіксіз әрі өзара тығыз байланысты жұмыс атқаруды қамтамасыз етуге. Мектепке дейінгі мекеме педагогикалық кеңесінің шешімін бақылап отыруға. Жалпы білім беру – әдістемелік жұмысындағы ең үздік педагогикалық тәжрибелерді зерттеуге және қажетінше осы ақпаратты таратуға. Отбасымен жұмыс істеуді ұйымдастыруға. Өз кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға. Сәйкесінше құжаттаманы жүргізуге.
