ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше

Павлодар қаласы әкіміның Жаңа жылдық шыршасы

2016 жылғы 27 желтоқсанда «Ертіс» қонақ үйі кешенінде қала әкімі Н. К. Әшімбетовтың қатысуымен «ЭКСПО жаңа жылдық оттары» атауымен жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Шырша қатысушылары - жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар. Жана жыл мерекесі қатысушыларының жалпы саны 9-даң 13 жастағы 150 бала. Барлық жаңа жылға қатысатын балалар қала әкімінің атынан сыйлықтар мен ойыншықтар алды. Сонымен қоса, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, асырап алған отбасында және патронаттық тәрбиешілердің балалары, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы 326 балаларға Павлодар қаласы әкімінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылды. Жаңа жылдық мерекеден кейін балалар «Ертіс Синема» кинотеатрында мультфильм тамашалады.