ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше

«САП ЖӘНЕ ӘН» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНГЕН ПАВЛОДАРЛЫҚТАР

2018 жылғы мамырдың 4-і күні орталық алаңда Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Сап және ән» облыстық байқауы өтті. Байқауға құрамында Павлодар (2 команда), Екібастұз, Ақсу қалаларының және облыс аудандарының жалпы орта білім беру мектептерінің 440 астам оқушысымен 12 команда қатысты. Байқау қорытындысы бойынша қалалар арасында І және ІІ орындарды павлодарлық оқушылар иеленді. Жеңіс күні құрама команда құрамында 80 павлодарлық оқушы мерекелік шеруге қатысады. Байқау облысымызда алтыншы рет өтуде, қазылар алқасы сырт келбетті, салтанатты маршпен және ән айтып маршпен өтуді бағалады, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жарғысын білулерін тексерді.