Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Алматыдағы 2-ші Шығармашылық академия
Алматыдағы 2-ші Шығармашылық академия

 Биылғы жылы Павлодар қаласы №1 Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының 3 оқушысы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы екі жыл қатарынан өткізіп жатқан «2-ші Шығармашылық академиясы» атты республикалық жобасының финалистері атанды. Байқау нәтижелері бойынша әр түрлі шығармашылық бағыттарда Алматы қаласына 10 күнге Академияда оқуға шақырылған 12-17 жас аралығындағы 100 үздік балалар анықталды: бейнелеу, музыка, хореография, вокал. Маусым айының 18 мен 28 аралығында оқу барысында оқушылар Құрманғазы атындағы консерваториясы, Жүргенов атындағы Ұлттық Академиясының, сонымен қатар Академия жанындағы колледжінің үздік оқытушыларынан жаңа білім алды. Бұл қайталанбас жоба еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын толеранттыққа үйрету және мемлекеттің келешек шығармашылық әлеуетін тәрбиелеу мақсатында дарынды жастарды қолдау және дамытуға бағытталған.
       Алматыдағы 2-ші Шығармашылық академиясының студенттері мен байқау финалисттері 15 жасар Тезекбаева Дарига, 16 жасар Рубцова Камила, 15 жасар Моисей Юлия «Жүнді акварель», «Құрғақ киіз басу», «3-D кескіндеме», «Керамика», «Графика: құрғақ шыны», «Шыны бойынша шеберлік шоу», «Керамика» тақырыптарындағы шеберлік сабақтарына қатысты. Оқушылардың үздік жұмыстары Бірінші Президент Фондындағы қорытынды көрмесіне қойылды; мұнда, одан басқа, өзге номинациялардағы студенттердің соңғы гала-концерті өткен. Сонымен қатар, күн сайын оқушылар қосымша мәдениетаралық диалог және мәдениеттер жанасуы тақырыптарындағы тренингтер мен дәрістерге қатысып «Ғаламдық азаматшылдық» тақырыбын тереңірек зерттей алды.
Оқушылар сапарды ұнатты; жаңа нәрселерді үйреніп қана қоймай, сонымен қатар Алматы қаласын көрді, Қазақстанның әр шетінен жаңа достар тапты, және келесі жылы да жобаға қатысуға ниет білдірді.
       Атап кететін бір жайт, бұл шараның Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО құрамына кіруінің және ЮНЕСКО мен ИСЕСКО бойынша ҚР Ұлттық комиссиясының құрылуының 25-жылдығына, сонымен қатар ЮНЕСКО-ның клубтық қозғалысының 70-жылдығына орай «Алматы қаласының жастар жылы» шеңберінде ұйымдастырылды.