Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ертай Хайруллинович Жаменкенов
 Ертай Хайруллинович  Жаменкенов

 

Жаменкенов Ертай Хайруллинович "Сауран" клубында 2011 жылдан бастап жұмыс істейді.  Ертай Хайруллинович КСРО спорт шебері және ҚР 1-санатты төрешісі, жоғары біліктілік санаты бар.

Жұмыс барысында Ертай Хайруллинович өзін адал, шығармашылық қызметкер, жоғары кәсіби құзыреттілікке ие педагог ретінде көрсетті. Педагог қазіргі заманғы педагогикалық технологияларға сай әр түрлі оқыту әдістері мен тәсілдерін қолданады, бұл жоғары спорттық нәтижелерге, мақсатқа қол жеткізу үшін көмектеседі., білім алушылардың жеке басын және қабілетіне сүйене отырып оларға әр түрлі қызмет түрлерін ұйымдастырады. Педагогикалық, әдістемелік кеңестер дайындау және өткізу ата-аналар жиналысы, сауықтыру және тәрбиелік іс-шаралар мен қалалық жарыстарға белсене қатысады. Ертай Хайруллинович тұрақты түрде дайындау біліктілікті арттыру курстарында, өздігінен білім алумен айналысып кәсіби деңгейін арттырады.

Оның тәрбиеленушілері мектеп, қала, облыс құрама командаларының құрамына кіреді, және қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлерде чемпион атанып жүр.  40 тәрбиеленушісі спорт шеберінің кандидаттары, 9 тәрбиеленушісі спорт шеберлері болды.

Жаменкенов Ертай Хайруллинович кәсібилігімен, мейіріммен ерекшеленеді, әріптестері мен ата-аналар арасында үлкен құрметке ие болған. Үлкен еңбегі үшін және спорт саласына көп жылғы адал қызметі үшін Дене шынықтыру және спорт басқармасының, Білім басқармасының, Дене шынықтыру және спорт министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталған.