Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Педагогтармен және агрессиялы балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстар бағыты.

Педагогтармен және агрессиялы балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстар бағыты.

 

Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері мынада: ата-ана тарапынан жылылық пен мейірімнің жетіспеушілігі, агрессияға көбірек жүгінуі, баламен немқұрайлы қарым-қатынас жасауы.

А.Бондура мен Р.У.Уолтерсомның жасаған зерттеуінде: ата-ана тәрбиесінің тәжірибедегі ерекшелігіне айрықша назар аударсақ, олар әрдайым өздерінің дегенін талап ету нәтижесінде, агрессивті балалар өсіреді; агрессиялы әрекетті көтермелеуі, қатал жазаға қарсы көрсетілген агрессияны басып, іште ұстауға мәжбүр етуі. Осы зеррттеуде көрсетілген фрустрация қажеттілігі, ата-анаға тәуелді қарым-қатынас, балалардың қастандық ызасы мен сенімсіздігін өзге үлкендер мен құрдастарына таратылуы, онан әрі әлеуметтік процесс тереңдетіле түседі.

Қорытындылай келе айтсақ баланы ата-ана тарапынан өз бетінше жіберіп, қадағалаудың жоқтығы, болмаса қатал жазалау тәсілдері баладағы агрессия деңгейінің артуына мүмкіндік жасайды.

Агрессивтілік әрекет, тұлғаның ерекшелік сипаты болып қалыптасуы мүмкін. Агрессия қызғаныш, көреалмаушылық, жек көру, өкпелеу, қорқыныш, ыза, қапалық сезімдерімен тығыз байланысты, әсіресе бұл көріністер 5-6 жас кезінде эмоциялық күй-жағдайы бір қалыпты болмағандықтан жиі кездеседі. Баланың алғаш алған эмоциялық тәжірибесі ұзақ жылдарған берілуі мүмкіндігін атап айта кетуіміз аса қажет. Бұл фактіні көрсеткен А.В.Запорожец агрессивті әрекет формасы өзінен-өзі ұлғайуы мүмкін, міне сондықтан да жасөспірімдердің кейбір әрекеттері, ұрлыққа баруы кері әсерден жеңілдегендей болады. 5-7 жастағы балалардың психикалық дамуының нормада болуы оның эмоциялық күй-жағдайына байланысты, оның құлшынысы мен күйзелуіне бағыштылығы. Л.С.Славин атап көрсеткендей, жағымсыз күйзеліс бұл балаға қандай да бір қажеттілігі болмаса дау-дамайдың салдарынан өзіне қанағат алмауы.

Агрессиялы балалардың ата-анасы және педагогтермен жасалатын жұмыстар бағыты.

 

Ал, агрессиялы балалармен түзету-дамыту жұмысы төрт бағытта жүргізілуі қажет.

1.Агрессялы балаға ызасын көрсетуін ыңғайлы түрде, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдары.

2.Әр түрлі жағдайларда баланы өзін-өзі ұстай білуге үйрету.

3.Дау-дамай жағдайында қатынастың мүмкін болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру.

4.Эмпатия, адамға деген сенімділік қасиеттерін дамыту.