Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ашық сабақ 2 сәби тобы

Павлодар қаласының білім беру бөлімі

«№48 санаторлық сәбилер бақшасы »

Мемлекеттік Қазыналық Коммуналдық Кәсіпорны

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Көктем жайлы тақпақпен таныстыру»

 

 

 

Тәрбиеші: ИбатоваШ.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар 2017ж

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі:Көркем әдебиет

Тақырыбы:«Көктем жайлы тақпақпен таныстыру»

Мақсаты:Балалардың тілдерін дамыту, сөздік қорын молайту, көктемде қандай тіршілік болатынын айтып түсіндіру, тақпақты жатқа айту.

Міндеттері: 1. Көктем тақпағын дұрыс айту.

2. Көктемге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3. Еңбекке балаларды баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Эмблема, суреттер, сурет бойынша ойын, қапшық, тірек сызба. 

Сөздік жұмыс: Көктем

Бинг комп: Көктем- весна-spring

 

Әрекеттердің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық  ізденістік

Балалар шеңберге тұрып шаттық шеңбер жасайды.

Сәлем маған,

Сәлем саған.

Сәлем күнге,

Сәлем бүкіл әлемге.

Балалар шеңбер құрып тұра алады.

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар бүгін мен балабақшаға келе жатқанда мен мына қапшықты тауып алдым. Кәне балалар, қапшықты ашып көрейікші. Балалар, қапшықты сиқырлап, байлап тастапты. Алайда, қапшықта бір хат ілініп тұр. Кәне, бәріміз осы хатты ашып бірге оқып көрейікші.

Тәрбиеші:Амансындарма балалар! Мен, Қыдыр ата, сендерге сыйлық әкелмекші болғам, қапшықты мыстан кемпір сикырлап тастапты екен.

Мына 3 сұрақтарға дұрыс жауап берсендер,қапшықтың сиқыры жойылады.

Балалар, кәне, мыстан кемпірдің сиқырлы күшін жоюға дайынсыңдарма?!

1-    Тапсырма

Көктемде қандай өзгерістер болады? «сурет бойынша»

Балалар, дұрыс айтасыңдар. Енді келесі тапсырмаға көшейік.

2-    Тапсырма

Балалар бұл тапсырманы орындау үшін, біз 2 топқа бөліңуіміз керек. Бірінші топ «бәйшешек» ал екінші топ «күн»,  деп аталады.

1-ші топ тірек сызба арқылы «көктем» тақпағын жаттайды.

Көктем келді алақай,

Қуанар барлық балақай.

Көктемде жаңбыр болады,

Бақшаға гүлдер толады.

2-ші топ күннің суретін бояйды.

Балалар біз екінші тапсырманы ойдағыдай орындадык, енді үшінші тапсырмаға көшейік.

Дидактикалық ойын: «Суретті орналастыру»

Мақсаты:Тапақтың мағынасын ұғып, рет-ретімен суреттерді мағынасына сәйкес ораналстыру.

Шарты:Тәрбиеші тақпақты оқиды. Балалар үстел үстінде жатқан суреттерді алып, рет-ретімен орналастырады.

Сергіту сәті:

Күн болып күлеміз,

Гүл болып өсеміз,

Құс болып ұшамыз,

Көбелек болып қонамыз.

3-    Тапсырма

Дидактикалық ойын:«Көктем лотосы»

Мақсаты: Балаларды көктем мезгіліндегі тіршілікпен және табиғат өзгерістерімен таныстыру, тілдерін дамыту және сөздік қорын молайту.

Шарты: Балаларды үстелдің басына отырғызып, тәрбиеші балаларға карточкалар таратады. Балалар көктем лото суретіне көктем мезгілінде кездесетін құбылыстарын орналастырады. Мысалы: күрек, су,бәйшешек гүлдері және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

-Иә, дайынбыз!

 

-Күн жылынады, ағаштың бұтақтары жарады, қар ериді, құстар жылы жақтан ұшып келеді, жаңбыр жиі жауады.

 

Ия, орындаймыз

 

 

 Балалар тақпақты тәрбиешімен бірге қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші балалармен бірге сергіту сәтін өткізеді.

 

 

 

 

Балалар берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлексивті түзетушілік кезең

Балаларды шеңберге тұрғызады.

Дидактикалық ойын: «Кубик»

Мақсаты:Балаларға көктем мезгілінің құбылыстарымен таныстыру.

Шарты:Тәрбиеші қолына кубикты алып, артқа лақтырады. Балалар тәрбиешінің қимылын қайталайды. Әр бала кезек-кезектен кубикты алып, кубиктың түскен жағын суреттеу керек.

Балалар қарандаршы, сендердің көмегімен, біз, қапшықты аштық. Қапшықтың ішінде не бар екен, көрейікші?! Алақай, Қыдыр ата бізге кәмпит беріп жіберіпті.

Балалар, сендер жарайсыңдар, бүгін мыстан кемпірдің сиқырын арылуға көп көмектерін тиді. Барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. Жарайсыңдар!

Балалар көктем мезгіліне байланысты пайдалы мәліметтер алды. Көктем мезгілінің табиғатымен танысты.

 

 

 

Балалар қуанады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Көктем мезгілімен жайлы;

Игереді:Тірек сызба арқылы тапсырманы дұрыс орындауды;

Меңгереді: Балалар дидактикалық ойындарды дұрыс ойнауды.

 

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------