Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ашық сабақ ортанғы топ
Ашық сабақ ортанғы топ

Тобы :Ортаңғы.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу  іс –әрекет:  Сурет салу.

Тақырыбы: «Бақ -бақ» .

Мақсаты:  Умаждау әдісін  қолдану  арқылы   сурет салу , таяқшамен   бояу   техникасын  меңгерту.

Білімділігі:  Көктем мезгілінің ерекшелігіне  тән белгілерді  ажырата білуге үйрету.

Дамытушылығы:  Балалар   бойындағы   шығармашылық қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелігі:  Жас ұрпақты табиғатты  сүюге, эстетикалық сезімге  тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:   Түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап,қорытындылау.

Керек құралдар:  Ақ парақ, таяқша,гуашь бояуы, сүлгі, су,слайд.

Билингвалдық компонент:Бақ-бақ –одуванчик, көктем- весна

Ұйымдастырылған  оқу іс –әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер құру.

Көктем келді еліме ,

Көктем келді жеріме.

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне!

- Жарайсыңдар, балалар,бүгінгі көңіл-күйлерің қалай, жақсы ма?

- Мен  сендерге  сәттілік тілеймін.

- Ендеше , жақсы көңіл-күймен орнымызға жайғасайық.

Балалар шаттық шеңберін құрады.

 

 

 

-Ия, көңіл-күйлеріміз жақсы.

-Рахмет. Балалар орындарына жайғасады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Тәрбиеші  балаларға интерактивті тақтаға назар аударуын  сұрайды.

Көктем туралы  слайд көрсетіледі.

Тәрбиеші  балалардан қай мезгілді  тамашалағандарын  сұрайды.

- Балалар тамашалағанымыз қай мезгіл?

- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

- Кім айлардың атауын атап береді?

- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

 

 

 

 

- Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы жауап бердіңдер.

Ғажайып сәт:

Есік қағылады, Дымбілмес кіреді.( қолында себет, себеттін ішінде бақ-бақ гүлдері.)

Дымбілмес: - мен жаңа келе жатып.аулада өсіп тұрған гүлдерді көріп жинап алдым. Өте әдемі гүлдер.Бірақ қандай гүл екенін білмеймін.

–сендер білесіңдер ма?

- Ия

Тәрбиеші:-Біздің балалар Дымбілмес, бақ-бақ гүлі туралы біледі.

-Балалар бақ-бақ гүлінің түсі қандай?-

-Сары

-Сабағының түсі қандай?

-Жасыл

-Пішіні ше?-

-Дөңгелек

-Ал енді иіскеп көрейікші, бұл гүлдің иісі бар ма?,жоқ па?

-Иісі бар, хош иістті.

Дем алу жаттығуы

-Балалар білесіңдер ме, бақ-бақ гүлі жаз мегілінің соңында үлпілдекке айналады.

(Мұрнымен дем алып,ауызбен шығарамыз)

 

Тыныштық сәті.

- Балалар денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.

Көздеріңді жұмсаңдар да болады.ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздерінің тыныс алуларыңды бақылап достық пен тазалықты,қуанышпен пен тыныштыққа толы,шипалы , таза ауаны бойымызға сіңірейік. Біз табиғатты аялауды,қастерлеуді үйренеміз. Көзімізді жай ашайық.

 

Т:- Дымбілмес сен бақ-бақ гүлі туралы білдің.

Дымбілмес:- ия рахмет балалар.Мен бақ-бақ гүлі туралы білдім.

Т:-Дымбілмес сен бақ-бақ гүлінің суретін қалай салу керек екенін көргің келе ма?

Д: -ия, әрине.Қалай саласындар бұл жерде не қылқалам, не қарындаш жоқ қой?

Т: -Дұрыс айтасың бұл жерде не қылқалам, не қарындаш жоқ.

-Біз бұл бақ-бақтың суретін қағазды ұмаждау арқылы саламыз.

Тәрбиеші үлгі ретінде сурет салып көрсетеді.

(Бақ-бақ суретін салу )

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар

                      Алдымнан жел еседі

                      Кіп-кішкентай ағаштар

                      Биік болып өседі

 

Балалар тақтаға назар аударып, көктем туралы слайд  тамашалайды.

 

 

- Көктем мезгілі.

- Үш айдан тұрады.

- Наурыз,сәуір,мамыр.

- Күн жылынады,құстар қайта оралады,адамдар жеңіл киінеді,  ағаштар бүршік атады, жәндіктер жер бетіне  шығады т.б

 

 

 

 

 

 

 

 

- Бақ-бақ гүлі.

Балалар, бақ-бақ туралы мағлұматтар алды.

 

 

 

 

- сары

- Жасыл.

 

 

 

 

 

 

 

Иә, дайынбыз.

 

 

 

 

 

 

Балалар, тәрбиешімен  бірге тыныштық сәтін орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  жаңа техниканы  пайдалана отырып, ұмаждау арқылы бақ-бақ гүлінің  суретін салады.

 

Ақ парақ бетіне бақ-бақ суретін салады.

 

 

Рефлексиялық  түзетушілік

Жұмыстары сәтті шыққан балаларды   тәрбиеші мадақтады.

 Дидактикалық ойын. «Қандай дыбыс естіледі?»

Мақсаты:Көктем мезгіліндегі құбылыстардың дыбыстарын ажырата білуге үйрету.

- Күн қайтіп күркірейді?

- Жаңбыр қалай жауады?

- Су қалай ағады?

- Құстар қалай дыбыстайды?

Қорытындылау.

- Балалар біз бүгін ненің суретін с алдық?

- Қандай тәсілмен салдық?

Дымбілмеспен қоштасу.

 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті аяқталады.

Тәрбиешінің салған суретіне қарап отырып,балалар сурет салуға кіріседі.

 

- сатыр-сұтыр.

- тырс-тырс.

- сылдыр-сылдыр

- шиқ-шиқ

 

 

 

 

Дымбілмеспен қоштасу.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:суреттің мазмұнын нақты бейнелеуді.

Игереді:эстетикалық сезімін қалыптастыруды.

Меңгереді:умаждау әдісі арқылы сурет салуды   меңгереді.