Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Логопедтің кеңестері

Логопедтің ата-аналарға арналған кеңесі.

Балалардың дұрыс сөйлеуін тәрбиелеуде ата- аналардың отбасының ролі өте үлкен. Логопед ата- аналарға отбасындағы қызметті дұрыс ұйымдастыруға көмек береді. Ата- ана логопед берген тапсырмаларды күнделікті қайталап отыру қажет. Бес жастағы және одан жоғары жас аралығындағы балалармен сабақты айна алдында өткізген дұрыс. Себебі балалар  артикуляциялық аппарат мүшелерінің қозғалысының дұрыстығын бақылай алады. Түзету жұмысының басталу кезінде сөйлем мүшелерінің қимыл қозғалысын дамыту. Дағдыланған тез рет қайталату қажет . Ата-аналар баланың артикулярлық аппаратарын бала дұрыс айтпайтын дыбыстарды дұрыс айтуды дайындауға көмектеседі.  Басты дыбыстар тобына арналған жаттығулар жинағы және де ысқырық ыздың дыбыстардың  дифференсациялануы, қатаң , ұяң және мұрын жолды үнді дыбыстар (р, л) мектепке даярлық топтарының балаларына  өте қажет . Баламен үйде жұмыс жасағанда ата –ана мына ережелерді есте сақтауы қажет:

—  Жасайтын  жаттығу туралы логопедтің түсіндіру ойын түрінде әңгімелеуі:

— Айнаның алдында баланың жаттыгуды жасауы;

— Жаттыгуды қалай жасағанын тексеріп, қателерін түзетіп отыруы;

— Жаттыгуларды орындауға баланы күштеп жұмылдырмау;

— Қолдың ұсақ маторикасына арналған ойындар ойнату ( кубик, пазыл, конструктор, және т.б.):

— Жылдам сөйлеуге жол бермеу ( өйткені бала жас кензінде ойын, көргенін тез жеткізуге тырысады. Оның  ақыры тұтығуға әкеліп соғуы мүмкін).

Жаттығуларды әдетте айнаның алдында отырып жасайды. Балаларға қызықты болуы үшін ойын түрінде өткізу тиімді. Бала барлық жаттығуларды бірден істей алмауы мүмкін. Бұл оның  алдыңғы жұмыстан  бас тартудан әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ата- аналар баланың назарын істей алмаған нәрсесіне аудармай оны жігерлендіріп, бұдан гөрі оңайырақ  өтіліп  қойған  материалдарды  көрсетіп, бұны да кезінде орындау оңай болмаған дегені дұрыс. Келесі жаттығуларға тек алдыңғы жаттығу ұғындырылып болған соң көшкен дұрыс. Дыбысты дұрыс айтуды тәрбиелеудегі барлық жұмысты ата аналар тәрбиешілермен және логопедпен ақылдасады. Олармен барлық қиын жағдайлар  туғанда ақылдасып кеңес алып тұрады.