Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Кустаулетова Марал Инырбайқызы, математика мұғалімі, №4 ЖОМ
Кустаулетова Марал Инырбайқызы, математика мұғалімі, №4 ЖОМ

 

«Павлодар қаласының К.Макпалеев атындағы

4жалпы орта білім беру мектебі» ММ

 

Марал Инырбаевна Кустаулетова

Математика мұғалімі

«Математика сабағында кілттік құзыреттіліктерді қалыптастыру»

«Формирование ключевых компетенций на уроке математики»

 

Тәжірибе өзектілігі білім беру мазмұнында әр оқушыда  кілттік біліктіліктердің қалыптасуы түріндегі стандарт анықтаған білім беру нәтижелеріне жетуге бағытталған Қазақстанның 12 жылдық оқыту түріне көшуіне негізделген. Қазіргі таңда ең қиыны математиканы оқыту болып танылады, өйткені онда күшті ішкі пәндік байланыстар сипатталады. Бірінші орында балаларды пәндік біліммен оқыту емес, өздерінің таным жолдарын, өз өмірлерін белсенді, өз бетінше құра алатын жолдарды қамтамасыз ететін қызмет түрінде оқыту тұрады. Оқушылардың интеллектуалдық біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту үрдісі біліктілік жолдарын жүзеге асыру шарттарында тиімді іске асырылады. Оқыту әр баланың даму деңгейіне лайықталып және содан шығуы керек, яғни ол балалардың жас ерекшеліктерін ескеруге емес, соның негізінде ұйымдастырылу керек.

Тәжірибенің мәні біліктілікті – бағытталған тапсырмаларды, бақылау жұмыстарын және толық меңгеру технологиясын құруда жатыр. Біріншіден, балалардың жақын дамуының әр түрлі аумағы және осының салдарынан  олардың дамуы мен білімді меңгеруінің әр түрлі қарқыны орын алады. Екіншіден, баланың дамитын әлеуметтік ортаның әр түрлілігі, соның салдарынан білім мен біліктің әр түрлі қорының орын алуы.

Педагогикалық міндеттерді шешу жаңашылдығы: зерттеу тақырыбы бойынша озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және жүйелендіру, математика сабағының барлық кезеңдерінде оқушылардың өзекті біліктіліктерін қалыптастыруды есепке ала отыра сабақтардың технологиялық карта жүйесін құру ( дәлелдеу және мақсатты болжау кезеңінде; жаңа материалды түсіндіру кезінде; бекіту; қайталау; білім, білік және дағдыны бақылау.)

Оқытудың жүйелілігі мен бірізділік ұстанымын жүзеге асыру, оқушыларда кілттік біліктіліктерді қалыптастыруға, оқушылардың интеллектін дамытуға, өздерін бағалауға себепші болатын жаңа заманғы педагогикалық оқыту технологияларын қолдану басты ой болып табылады.

Тәжірибенің теориялық қоры ҚР білім туралы заңына, 12 жылдық білім берудің Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына, ДО тұжырымдамасының негізгі ережелеріне, толық меңгеру технологиясына сүйенеді.

Осы тәжірибе пән бойынша мемлекеттік стандартты меңгеруді қамтамасыз ету қажеттілігі мен мұғалімнің әр баланы жеке ерекшеліктері негізінде дамыту тілегі; оқушылардың ойлау операциясына қойылатын жоғары деңгейдегі талаптар мен олардың таным қызметіне әр түрлі деңгейде дайындалу; дайындықтың әр түрлі бастапқы деңгейі мен оқытудың негізгі және жоғары баспалдағындағы бағдарламаның бірыңғай талаптары, сондай – ақ ақпараттың тез ұлғаю көлемімен және оларды меңгеру мүмкіндіктері арасындағы қарама – қайшылықтарды шешеді. Оқушылардың зерттеушілік мәдениетіне, жаңа заманда өз бетінше орныға алатын білімді, шығармашылықты, білікті тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға септігін тигізеді.

Тәжрибенің практикалық мәні -  бұл оның қол жетімділігі, оны әр мұғалімнің меңгеруі және оң нәтижелер алу мүмкіндігі.Оқушылардың интеллектуалдық біліктіліктерін анықтау бойынша өлшеуіштер, сабақтардың технологиялық карталары мен арнайы курстар құрылды. Оқушылардың кілттік біліктіліктерін қалыптастыру оқушылардың таным белсенділігін жоғарлатты, табиғи – математикалық бағытты таңдауларына себепкер болды.

Осы тәжірибені енгізу шынайылығы мен тиімділігі негізгі ұстанымдарының кез келген табиғи – математикалық бағыттағы пәндерге бейімделуінде жатыр.

Тәжірибе нәтижесі оқушылардың жақсы сапалы білімдерімен; дарынды балаларға арналған қала гимназиялары мен лицейлеріне түсулерімен (ПМУ жанындағы, ИнЕУ, КТЛ, №8 лицей); әр түрлі математикалық конкурстар, олимпиадаларға (қалалық, облыстық, халықаралық)балалардың қатысуымен дәлелденуде.

Даму перспективасы: математика сабағында оқушылардың кілттік біліктіліктерін  толық меңгеру технологиясы арқылы қалыптастыру пәнді оқытудағы шексіз мүмкіндіктерден тұрады ( жағымды үлгерім, білімнің жоғары сапасы).