Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ақылыңды қалай дамыту керек
Ақылыңды қалай дамыту керек

 

Ақылыңды қалай дамыту керек

1. Есіңде сақта: ақыл жадымен, ойлау жылдамдығымен, білім мөлшерімен шектелмейді. Ақыл жеке тұлғаның түрлі қасиеттерін қамтиды. Ми ойламайды, адам миы арқылы ойлайды.

2. Ақыл көбінесе толық пайдаланбағандықтан дамымай қалады. Миыңды жұмыс істетудің кез-келген мүмкіндігін пайдалан. Оны тым жүктей мүмкін емес, сондықтан оны шексіз пайдалануға болады.

3. Қажырлық пен қайсарлық ойлаудың жеткіліксіз жылдамдығын түзете алады. Зияткерліктің төмен деңгейі - бұл адамның өзгертуге келмейтін кемшілігі емес.

4. Өзіңе, басқа адамдарға, мінез-құлықтарға, жағдаяттар мен құбылыстарға талдау жасап отыр. Өзіңе мынадай сұрақтар қойып отыр: неге? қалай? басқаша болуы мүмкін бе? себебі неде? қандай салдары болуы мүмкін? Осыларға жауап беріп, қорытынды жаса.

5. Өзіңнің ақылыңа сын тұрғыдан қарап, басқалардың ойлау іс-әрекетіне мейірімділікпен қара. Өзіңнің білім, құзыреттілігіңнің шегін біл, бірақ өз қабілетіңді төмендетпе. 

6. Ақылдың ең негізгі қасиеті - зейінді белгілі бір құбылысқа не нәрсеге шоғырлау қабілеті. Өз зейініңді басқа заттардан аулақ алып, қажетті нәрсеге аударуға үйрен. Үнемі жаттығып отыр!

7. Грек философы Хилон "Өз тіліңе ойыңнан бұрын жүруге мүмкіндік берме" деп ақыл айтқан. А. Шекспир айтқан: "Сөз аз болғанда, олардың маңызыда болады".