Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы «___»__________ 

№___ қаулысымен

бекітілген

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің

 жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну»

мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

1) «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен әзірленген.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету осы Стандарттың 1, 2-қосымшаларына сәйкес облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуді мемлекеттік қызмет алушыда электрондық сандық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭСҚ) болған жағдайда «Электрондық үкімет» веб-порталы www.e.gov.kz арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының қарауындағы жалпы білім беретін мектептер ғимараттарында көрсетіледі. 

Мемлекеттік қызмет:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан;

- жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан;

- отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған;

- төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан;

- білім беру ұйымдарын басқарудың алқалық органдары айқындайтын өзге де санаттағы жеке тұлғаларға көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

1) Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

- қызмет алушымен қызмет көрсетушіге құжаттар жиынын тапсыру мерзімі 5 жұмыс күнін, портал арқылы өтініш берілгенде 10 күнді құрайды;

- өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің барынша шекті уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;

- өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің барынша шекті уақыты – 30 минуттан аспайды.

2) Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз және электрондық түрде (жартылай автоматтандырылған).

3) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі осы стандарттың  3-қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы немесе осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап болып табылады.

Анықтаманы беру туралы мәлімет осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес анықтамаларды есепке алу кітабында белгіленеді. 

Өтініш веб-портал арқылы берілген жағдайда уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭСҚ қойылған электрондық құжат түрінде анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап беріледі.

4) Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

5) Мемлекеттік қызмет оқу жылы бойы, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.

Портал арқылы өтініш берілгенде – тәулік бойы.

Алдын ала жазылу және жедел ресімдеу қарастырылмаған.

6) Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

  - осы стандарттың 6-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардың мемлекеттік қызметті алушылар санаты үшін өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

- табысы туралы мәліметтер (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылар табыстары);

- уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді, отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты үшін, уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы шешімін  бекіту туралы шешімі.

Білім ұйымның алқалық органымен анықталатын төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан, білім беру ұйымдарын басқарудың алқалық органдары айқындайтын өзге де санаттағы мемлекеттік қызмет алушылар үшін отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу актісі ұсынылады. Алқалық орган қажет болған жағдайда көрсетілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды сұратуға құқылы.

  Құжаттар сәйкестендіру үшін тұпнұсқа және көшірме түрінде тапсырылады, бұдан кейін құжаттар түпнұсқасы мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес қызметті алатын күнін көрсете отырып, қолхат берген жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, өтінішті қабылдап алған күні мен нөмірі көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат беріледі.

Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті органмен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық сандық қолтаңба  қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алынады.

7) Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы негіз болады.

3. Мемлекеттік қызметті шағымдану тәртібі

Орталық қызметкерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «Электрондық үкіметтің» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті білім беру органдарының кеңселері арқылы аталған стандарттың  8, 9-қосымшаларына сәйкес жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Шағым беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесіне еркін нысанда жазылған өтініш және қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттардың көшірмелері кіреді.

Қабылданған шағым облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының кіріс хат-хабарларды есепке алу журналында тiркеледi және «Мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабымен белгіленген ерекшеліктер ескеріліп отыр, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген мерзiмде қаралады.

Мемлекеттік қызметті алушыға өтiнiштiң күнi мен уақыты, қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша наразылық болса, қызмет дөрекі көрсетілген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс, 945-кабинетте немесе Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының блогына (www.bala-kkk.kz) беріледі.

Шағымды қарау нәтижесi мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта немесе блог арқылы хабарланады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет дөрекі көрсетілген жағдайда шағым облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының атына беріледі. Орталық басшыларының мекен-жайлары мен телефондары осы стандарттың 8,9-қосымшаларында көрсетілген.

Осы стандарттың 8, 9-қосымшаларында мекенжайлары көрсетілген облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары қызметкерлері мемлекеттік қызмет алушылардың шағымдарын қабылдайды және қарастырады. 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері

ескерілген өзге де талаптар

1) Мемлекеттік қызмет көрсетушімен әлеуметтік осал топ тұрғындар санатына жататын, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушы адамдарға қызмет көрсету үшін жағдай жасалады.

Қызмет берушіге қызмет алушы жеке өзінің баруына мүмкіндігі болмаған жағдайда ресми түрде куәләндырылған құжаты бар өзінің өкілін немесе мемлекеттік қызмет алушыда электрондық сандық қолтаңбасы болған жағдайда «Электрондық үкімет» веб-порталы www.e.gov.kz арқылы өтініш бере алады.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат осы Стандарттың 8, 9-қосымшаларында тізбесі көрсетілген облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астананың білім басқармаларының интернет-ресурстарында, сондай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталы www.e.gov.kz және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.

3) При наличии у получателя государственной услуги ЭЦП, государственная услуга может оказываться через веб-портал «Электронного правительства».

4) Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы тиісті түсіндірулері бар ақпарат, сондай-ақ қызмет алушымен қызметтің көрсетілу кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай контакт-орталық, сонымен қатар «Электрондық үкімет» веб-порталы www.e.gov.kz call-орталығының 1414 телефоны арқылы көрсетіледі.

5) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай хабарласу орталығы – 1414.