Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Өнегелі ұстаз

     Гүлбағиза Қайраққызы Адамова Павлодар қаласы № 14 мектебінде он сегіз жылдан астам еңбек етіп жүр. Ол кісі үлгілі ана, әже.

Ұлы мен қызы жоғары білімді , өзара шаңырақ көтеріп, әжелеріне немере сүйдіріп отыр.

Гүлбағиза Қайраққызы немере-жиендерін қызықтап жүр. Бұл оның ұстаздық қызметіне қарай ғойсақ, ол ұстаз қызметіне 38 жылын арнады.

Мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен сабақ береді. Көп жетістіктерге жеткен ұстаз.

Қазіргі заман талабы – өзін-өзі басқара алатын жан-жақты дамыған жеке тұлға.

Осындай тұлғаны дамыту мақсатында Гүлбағиза Қайраққызы сабағында әдістерді енгізеді, жаңа технологияларды қолданады .

Оқушыларының ішінде дарынды оқитын балалар аз емес. Жыл сайын қалалық пән олимпиадасында оқушылары жулделі орынға ие болып жур. Олар Жолдасова Махаббат, Малафеева Алина , Тұрсумбаева Әйгерім. Бірнеше жыл Абай оқуларына қатысқан оқушылары мақтау грамотасымен марапатталды.

Әй, жарайсын! Сайысына қатысып жүрген « Қыздар-ай» тобы үш жыл бойы жүлделі орынға ие болды (Бұл топта тек қана орыс қыздары) .

2006 жылдан бастап оқушылары Сатпаев оқулары атты республикалық ғылыми конференциясына қатысып, өз баяндамаларын бастырып келеді,

Қалалық және облыстық ғылыми жобалар сайысында оқушылары жобаны қазақ тілінде жазып, жақсы нәтиже көрсетті.

Әріптестерінің арасында сыйлы , шәкірттерінің алдында беделді.

Мұғалімнің қайда болсаң да Азамат бол! деген сөзіне оқушылары міндетті түрде орындайды деп сенеміз.

 

Павлодар қаласы № 14 ЖОББМ-нің  оқу ісінің меңгерушісі : Қ.А. Юсупова