Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Тілге құрмет-елге құрмет»
«Тілге құрмет-елге құрмет»

Басты мақсат -тілдік мұраны сақтау және қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің қолдануын қамтамасыз етіп ,оның барынша дамуына  қол жеткізу. Осы мақсатта біздің мектеп ұжымы, әсіресе қазақ тілі пән мұғалімдері әр трүлі іс –шаралар өткізеді. Қазақстан халқы дүниежүзінде үш тілді бірдей пайдаланатын ел ретінде көрінуі тиіс. Бұлар қазақ тілі ,яғни мемлекеттік тілі,орыс тілі-ресми тілі, ағылшын тілі-әлемдік экономиканың сәтті қолданысындағы тілі –делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында. Үш тілді үйрену ,үйрету аясында біздің мектепте « cегіз қырлы , бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашық. Мектепте бірнеше жыл биология ,тарих пәндері қазақ тілінде,математика сабағы ағылшын тілінде оқытылып келеді.Мектеп жоспары бойынша осы бағытта семинарлар өткізіп,Тілдер апталығы, декадасы және айлықтары өтіп тұрады.Мектеп оқушылары жоғары белсенділік танытып,үлкен қызығушылықпен қазақ, орыс және ағылшын тілінде өткізілген іс-шараларға қатысады. Соның ішінде атап өтетін « Тіл сыры»  атты дөңгелек үстел .Қатысушылар 10-11 сынып оқушылары. Дөңгелек үстел қонағы болып Педагогикалық колледждің студенттері келді.Бұл шараның басты мақсаты тіл туралы танымдық деңгейлерін көтеру, білімдері жан-жақты болуға үйрету,бірнеше тіл білуге , үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. Дөңгелек үстел отырысы « Тәрбие басы-тіл» -  дегенді Махмұд Қашқари неге айтты ? -деп басталды.